Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

Қазақстанның алғашқы Құрылтайының үш вице спикері аталды

Ұзақ өмір сүру құпиясы: 102 жастағы ардагер келініне алғыс айтты

Ұзақ өмір сүру құпиясы: 102 жастағы ардагер келініне алғыс айтты

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

АСТАНА, 28 қараша – Sputnik. Орал қаласының тұрғыны Иван Гапич бірнеше айдан кейін 103 жасқа толады. Соған қарамастан жас кезіндегі достарын, майдандағы командирлерін ұмытпаған, барлығының аты-жөнін жатқа біледі. Сөзі де мірдің оғындай, ойын дәл жеткізеді. Денсаулығым да жаман емес дейді. Sputnik Қазақстан тілшісі Иван Степановичпен кездесіп, ұзақ өмір сүру құпиясын білді.

Әскери комиссариатқа жүгіріп барған

1941 жылы фашистер сол кездегі КСРО аймағына баса көктеп кіргенде Иван Гапич достарымен бірге Алматыдағы жарысқа бара жатқан. Олар бірден Қарағандыға кері бұрылып, әскери комиссариатқа жүгірген.

"Әлі есімде, әскери комиссар Баранов бізге қарап, сендерге не жоқ, әлі балапансыңдар ғой, тәжірибелерің де жоқ, тіс қаққан фашистер Еуропаны жаулап алды, оларға қарсы соғысу оңай емес деп айтқаны бар. Содан алдымен әскери дайындыққа жібереміз деді. Менің достарым – Павлик Петров пен Павлик Паковты алды. Себебі екеуі де кәмелет жасқа толған. Ал мені 18 жасқа толмадың деп, алған жоқ", - дейді Иван Степанович.

Бірақ 17 жастағы Иван қулыққа барған. Төлқұжаттағы туған күнін өзгертіп, жасын бір жылға артық көрсеткен. Сосын Барановқа емес, басқа бөлім басшысына барып, құжат тапсырған. Осылайша Ташкенттегі радиобайланыс мектебінде дайындыққа жіберіледі.

© Sputnik / Санат ИмангалиевОрал тұрғыны Иван Гапич ұзақ өмір сүрудің құпиясын ашты

1/2

© Sputnik / Санат Имангалиев

Орал тұрғыны Иван Гапич ұзақ өмір сүрудің құпиясын ашты

© Sputnik / Санат ИмангалиевОрал тұрғыны Иван Гапич ұзақ өмір сүрудің құпиясын ашты

2/2

"Бізді жылдам дайындады. 20 қарашада Мәскеу түбіне, 551-ші оқу-байланыс батальонына жіберді. Бірақ мен ол жерде көп болған жоқпын. II рангтағы әскери инженер Фурманов келіп, менімен сұхбат өткізгеннен кейін 375-ші радиодивизионға жіберуге шешім қабылдады. Олар Батыс майданының штабын байланыспен қатмамасыз еткен. Ал қаңтар айында жау тылында жүрген байланысшының қаза тапқаны туралы хабар келді. Мені сонда жіберді", - деп еске алды ардагер.

Арнайы мақсаттағы топқа қалай қосылды

Әскери басшылық Иван Гапичті фашистер жаулап алған Смоленск облысына жіберер алдында тағы бір сұхбат өткізген.

"Мені Батыс майданының әскери байланыс бастығы, генерал-лейтенант Сурцев Николай Демьянович шақырып алды. Барлық мән-жайды айтқан соң, қорықпайсыз ба деп сұрады. Мен жоқ дедім. Сөйтсем, маған дейін ол жаққа радист Саша Худолейді жіберген. Ол парашютпен секірген екен. Сол кезде жаудың ұшағы үздіксіз оқ атып, оны қақ ортасынан кесіп өткен. Мен де парашютпен секіріп дайындалғанмын. Бірақ Худолей қаза тапқаннан кейін парашютпен секірмейсің, ұшақпен тура жау тылына апарып тастаймыз деді. Ол жақта ұшақ қонатын алаңды да дайындап қойды", - дейді Иван Степанович.

Арнайы мақсаттағы топ жау тылында азық-түлік пен жанар-жағармай қоймаларын жойған. Ал байланысшы Гапич барлық мәліметті Батыс майданының басшылығына жіберіп отырды.

"Біз әскери техника мен фашистер мінген екі пойызды да жарып жібердік", - деп атап өтті ардагер.

Жау тылынан қайтқаннан кейін Гапич ауыр жарақат алған. Бірақ медициналық-санитарлық батальоннан қашып, қайтадан майданға барады. Вильнюс, Каунас, Познань, Гумбиннен мен Кенинсберг үшін соғысты. Ал 1945 жылы Мәскеуде өткен Жеңіс парадына шақырылды.

Жұбайы үшін Оралда қалды

Иван Степанович ерлігі үшін көптеген награда алған. Соғыстан кейін прокуратура саласында еңбек еткен. Облыс прокуроры да болды.

"Алматыда жұмыс істегім келді. Ол жаққа бардым. Артынан жұбайым да келді. Бірақ екі күн ғана болды. Денсаулығына байланысты тұра алмады. Дәрігерлер Алматының климаты келмейді деді. Сол кезде Батыс Қазақстан облысының прокуроры Смағұлов Нұрғали Балдықбайұлы жағдайымды біліп, Оралға шақырды", - деп еске алды Иван Степанович.

Оралда оның жұбайы өзін жақсы сезіне бастайды. Содан екеуі қалуға шешім қабылдайды.

"Мені Қостанайға да, Жезқазғанға да қызмет бабымен өсіреміз деп шақырған. Бірақ барған жоқпын. Осы жерде 20 жыл еңбек етіп, зейнетке шықтым", - дейді ардагер.

© Sputnik / Санат ИмангалиевОрал тұрғыны Иван Гапич ұзақ өмір сүрудің құпиясын ашты

Орал тұрғыны Иван Гапич ұзақ өмір сүрудің құпиясын ашты

© Sputnik / Санат Имангалиев

2023 жылы президенттің жарлығымен соғыс ардагері Иван Гапичке "Халық Қаһарманы" атағы табысталды.

Ұзақ өмір сүрудің құпиясы

Иван Степанович спортпен бала кезінен шұғылданған. 8-сыныпта спорттық гимнастикадан бүкілодақтық разрядты орындап тастайды.

Жүгіруден облыс чемпионы да болды. Бұның барлығы соғыс кезінде көмегін тигізді. Жау тылында жүргенде жиі жүгіруге тура келді.

"Сондықтан ең алдымен спорт, оның өмірде берері көп, бұл ең басты нәрсе деуге болады. Жақында 103 жасқа келемін. Ал менің жағдайым жаман емес", - дейді ол.

Иван Степанович тамақ ішу тәртібін де қатаң сақтайды. Осы орайда келініне алғысын айтты.

"Таңғы асты жақсы ішемін. Түскі ас олай емес. Ал кешкі ас туралы айтсақ, "таңғы асты өзің іш, түскі асты досыңмен бөліс, кешкі асты дұшпаныңа бер" дейді ғой. Бірақ қазір бұны сақтай алмай жүрмін. Келінім Валентина Николаевнаның арқасында өмір сүріп, жасап жатырмын. Осы кісі ас мәзірін әзірлейді. Ең бастысы, артық тамақ жемеу керек", - деп атап өтті ардагер.

Бүгінде Иван Степановичті жастармен кездесуге жиі шақырады. Ол ешқашан бас тартпайды, себебі жас ұрпақты Отанына адал қызмет етуге тәрбиелеу өз міндетім деп санайды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:165
embedДереккөз:https://sputnik.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қараша 2025 16:27
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see151

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see149

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see147

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see145

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see132

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see129

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see129

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see129

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see128

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see127

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

29 Тамыз 2026 17:53see127

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

29 Тамыз 2026 14:16see123

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

28 Тамыз 2026 19:30see121

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

29 Тамыз 2026 12:10see121

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

28 Тамыз 2026 11:08see120

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

28 Тамыз 2026 12:32see119

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

29 Тамыз 2026 19:10see118

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

29 Тамыз 2026 23:22see118

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

29 Тамыз 2026 11:04see118

Қазақстанның алғашқы Құрылтайының үш вице спикері аталды

29 Тамыз 2026 21:13see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары