Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

AMANAT партиясының Хатшысы Александр Данилов 102 жастағы ардагер Анна Котованы Жеңіс күнімен құттықтады

AMANAT партиясының Хатшысы Александр Данилов 102 жастағы ардагер Анна Котованы Жеңіс күнімен құттықтады

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қастерлі мерекелер – Жеңіс күні мен Отан қорғаушы күні қарсаңында «AMANAT» партиясының Хатшысы Александр Данилов Осакаров кентіне арнайы барып, соғыс жылдары аты аңызға айналған медбике, 102 жастағы Анна Котоваға құрмет көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Анна Котованың өрнекті өмір жолы – ерлік пен адамзат баласына деген шексіз сүйіспеншіліктің шежіресі. Ол соғыс оты өршіп тұрған 1943 жылы 2-Украина майданы құрамында эвакуациялық госпиталь медбикесі ретінде ұрыс даласына аттанды. Өрімдей жас қыз жаралы жауынгерлерге көмек көрсетіп, олардың өмірін сақтап қалу үшін аянбай еңбек етті. Сарбаздарды ажалдан арашалады.

Бірақ 1945 жылғы Жеңіс мерекесімен оның қызметі аяқталған жоқ. 1946 жылға дейін ол Мажарстанда еңбек етіп, бейбіт өмірді қалпына келтіруге атсалысты. Елге оралғаннан кейін Анна Никаноровна ғибратты ғұмырын медицина саласымен сабақтастырып, Қарағанды облысының денсаулық сақтау жүйесінде зейнетке шыққанға дейін абыройлы қызмет етті.

Бүгінде Анна Никаноровна Осакаров кентінде тұрып жатыр. Қаңтар айында 102 жасқа толғанына қарамастан, ойы – сергек, жүрегі – ерекше мейірімге толы. 9 мамыр – ол үшін ерекше күн. Қызы Германиядан арнайы келіп, Жеңіс күнін анасымен бірге қарсы алады.

Жылы жүздесу барысында ардагер сол бір ауыр жылдар туралы естеліктерімен бөлісіп, бүгінгі ұрпаққа өсиетін айтты.

«Майданда біз марапат емес, адамдардың өмірін қалай сақтап қаламыз деп ойладық. Мен көп қасіретті де, жеңіске деген үлкен сенімді де көрдім. Бүгінде еліміздегі бейбіт өмірді көру – мен үшін үлкен бақыт. Ең бастысы – бейбітшілікті сақтап, бір-біріңізге мейіріммен қараңыздар. Біз жанашырлық танытқан кезде ғана адами қасиетімізді сақтап қаламыз», – деді Анна Котова.

«AMANAT» партиясының Хатшысы Александр Данилов ардагерге естелік сый-сияпатын табыстап, Ұлы Жеңіске қосқан баға жетпес үлесі үшін айрықша алғысын білдірді.

«Анна Никаноровна – тағдыры тағылымды, ерік-жігері мықты адам. Майданда медбике болу – ерекше ерлік. Жеңіс мұрагері саналатын біздер үшін мұндай жандар – адамгершіліктің бағдары. «AMANAT» партиясы ардагерлердің ерлігін есте сақтап қана қоймай, оларға күн сайын қамқорлық көрсетуді өзінің негізгі міндеті деп біледі. Біз Өздеріңізді мақтан тұтамыз және ерліктеріңіз туралы тарихи шындық ұрпақтан ұрпаққа жетуі үшін бар күшімізді саламыз», – деді Александр Данилов.

«AMANAT» партиясы қариялар мен ардагерлерге әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған «Ардагерлерді ардақтайық» жобасын жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Анна Никаноровна сынды жалғызбасты зейнеткерлерге атаулы көмек көрсетіледі: әлеуметтік қызметкерлер қол ұшын созады, партия мүшелері мен «Жастар Рухы» жастар қанатының еріктілері тұрмыстық мәселелерді шешуге және бос уақытын ұйымдастыруға көмектеседі.

Осы мереке күндері партия белсенділері еліміздің барлық өңірінде соғыс ардагерлерін арнайы барып құттықтап, қайырымдылық іс-шараларын өткізуде. Сонымен қатар «Таза бейсенбі» экологиялық-патриоттық бастамасы аясында мемориалдарды ретке келтіріп, қариялардың аулалары мен үйлерін тазалауға көмектесіп жатыр.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:158
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Мамыр 2026 11:41
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see134

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see131

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see128

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see128

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see128

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see127

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see126

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see125

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see124

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see124

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see124

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see124

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see124

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see123

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see122

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see122

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see122

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see121

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see121

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see120
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары