Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Аршалы тұрғындары Астананы сумен қамтып отырған өзенге кәріз суы төгіліп жатқанын мәлімдеді

Аршалы тұрғындары Астананы сумен қамтып отырған өзенге кәріз суы төгіліп жатқанын мәлімдеді

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Tengrinews.kz редакциясына Ақмола облысы Аршалы ауылының тұрғындары шағымданды. Олар ауылда он жылдан астам уақыт бойы кәріз станциясын іске қоса алмай жатқанын айтты. Соның салдарынан ағын сулар ашық тұндырғыға төгіліп, көктемде еріген қар суымен бірге Астананың негізгі ауыз су көзі - Есіл өзеніне құйылады.

Миллиард және "тоналған" нысан

Бұл оқиға шамамен 10 жыл бұрын басталған. Сол кезде Аршалыда құны 1,5 миллиард теңгеге жуық болатын орталықтандырылған кәріз жүйесін салу бойынша ауқымды жоба жарияланған болатын.

Жергілікті тұрғындарға инновациялық жүйе уәде етілген: тазартылған судың мөлдір болатыны сонша, оны тіпті ішуге де болады-мыс.

Алайда құбырлар тартылып, сорғы станциясының ғимараты тұрғызылғаннан кейін жұмыс тоқтап қалған. Тұрғындардың айтуынша, ғимарат коммуналдық мекеменің теңгеріміне берілмеген - директор нысанды көптеген кемшілікке байланысты қабылдаудан бас тартқан. Бірақ жылдар өтсе де, іс алға жылжымай, соңында нысан қараусыз қалыр отыр.

Кәріз суы далаға ағып жатыр

Нәтижесінде кентте қауіпті жағдай қалыптасты. Көпқабатты үйлердің кәріз қалдықтары баяғыда-ақ толып кеткен резервуарларға айдалады. Соның салдарынан қалдықтар жерге және арнайы қазылған шұңқырға төгіліп жатыр - бұл туралы бізге тұрғындар айтып берді.

Олардың айтуынша, ассенизатор көліктері де лас суды сол жерге төгуге мәжбүр, өйткені басқа орын жоқ.

Анықтама: Ассенизаторлық (вакуумдық) машиналар - бұл сұйық тұрмыстық қалдықтарды, нәжісті, лай мен жер асты суларын сорып алуға, тасымалдауға және кәдеге жаратуға арналған жүк көлігі базасындағы мамандандырылған көлік құралдары.

Экологтарды тарту әрекетінен нәтиже болмаған: тек су тасушы көліктің қарапайым жүргізушісіне айыппұл салынып, содан кейін ассенизаторлар шақыртуларға барудан бас тартқан.

"Көпқабатты үйлерден шыққан кәріз суының бір бөлігі резервуарларға түседі. Үй жанындағы сорғы оны әрі қарай айдайды, ал ол жақта судың бәрі жерде жатыр - шұңқыр қазып қойған, резервуарлар толы, бәрі далаға ағып жатыр. Дәл сол жерде сай бар. Көктемде бүкіл еріген су Астананы ауыз сумен қамтамасыз ететін Есіл өзеніне ағады. Бұл нағыз экологиялық апат. Жазда бәрі жерге сіңеді, ал бізде барлық жерде ұңғымалар орнатылған, инфекция жер асты суларына да түсуі мүмкін", - деп кейиді ауыл тұрғындары.

"Мұны айтудан шаршадық"

Жергілікті тұрғындардың сөзінше, мәселе жылдар бойы шешілмей келеді. Өткен жазда облыстық әкімдік шенеуніктері инвестор табылғанын және бәрі жаңартылатынын айтып сендірген, бірақ бір жыл өтсе де жұмыс басталмаған.

"Мұнда Астанаға да әсер ететін індет ошағы басталуы мүмкін. Тек мұнда емес, Астанада да. Өйткені көктемде судың 100 пайызы Есіл өзеніне ағады - ол еріген сумен бірге кетті. Ал қазір жазда жерге сіңіп жатыр. Бірақ ол жер асты суларына баруы мүмкін ғой, ал бізде барлық жерде ауыз су ұңғымалары бар! Облыстан да келді, біз бұл туралы айттық. Бірақ ешкім назар аудармайды: "Иә, иә, білеміз, анау керек, мынау керек" дейді де қояды. Осымен бәрі бітеді", - деп наразылық білдірді Аршалы ауылының тұрғындары.

Заңды сұрақ туындайды: шенеуніктер бұл жағдайдан хабардар ма және оны шешуге ниетті ме? Мұны анықтау үшін Tengrinews.kz Астана қаласы мен Ақмола облысының әкімдіктеріне сауал жолдады.

Жобаға әлі қаражат бөлінбеген бе?

Аршалы ауданының әкімдігі Tengrinews.kz-ке Аршалы кентіндегі кәріз желілері мен тазарту құрылыстарын реконструкциялау жобасы әзірленгенін хабарлады.

Бірақ қазір жергілікті билік оны қаржыландыруға бюджеттік өтінім берген. Қазіргі уақытта ол қаралып жатыр, жобаны жүзеге асыруға әлі қаражат бөлінбеген.

"Қажетті бюджеттік қаражат бөлінгеннен кейін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жобаны іске асыру процедуралары басталады", - делінген жауапта.

Астана әкімдігі не деп жауап берді?

Ресми мәліметтерге сәйкес, "Астана Су Арнасы" мен СЭС Астана су қоймасын тұрақты түрде тексеріп тұрады. Тазарту станцияларында су толық сүзуден және зарарсыздандырудан өтеді, барлық көрсеткіш көп жылдар бойы қалыпты деңгейде қалып отыр.

Дегенмен, әкімдік 15 шілдеде "Астана Су Арнасы" мамандары мен Аршалы ауданының өкілдері оқиға орнына барғанын хабарлады. Олар тазарту құрылыстары мен Есіл өзенін тексеріп, Абай көшесінің маңы мен "Карьер" сорғы станциясының жанындағы екі нүктеден су сынамасын алды.

Үлгілер химиялық, бактериологиялық және паразитологиялық зерттеулерге жіберілді.

Сонымен қатар Астана әкімдігі бұл мәселені шешу олардың құзыретіне жатпайтынын айтты.

Әкімдік ақпаратынша, сөз Ақмола облысындағы нысан туралы болып отыр және Есіл өзеніне тазартылмаған ағын сулардың түсуіне қатысты мәселелерді жергілікті билік шешуі тиіс.

"Астана су қоймасы мен қаланы Есіл өзенінің тасқынынан қорғайтын дамба республикалық меншікте. ҚР Су кодексінің 23-бабына сәйкес, гидротехникалық құрылыстарды пайдалану және дамыту су ресурстары саласындағы уәкілетті органның құзыретіне жатады", – деп түйіндеді елорда әкімдігі.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:177
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Тамыз 2026 09:02
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары