Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Astana Hub пен Apple Қазақстандағы AATCe де тренерлерді оқыту бағдарламасын іске қосты

Astana Hub пен Apple Қазақстандағы AATCe де тренерлерді оқыту бағдарламасын іске қосты

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Оқу alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығының алаңында өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бастама Apple платформаларында түрлі қосымша әзірлеуге маманданған сертификатталған тренерлерді даярлауды көздейді.

Өтінімдер 2026 жылғы 13 сәуірге дейін қабылданады.

Бағдарлама бірнеше кезеңнен тұрады: өтінімдерді қабылдау, алдын ала іріктеу (сауалнама жүргізу, кәсіби тәжірибе мен ынтаны бағалау) және офлайн форматтағы bootcamp. Оқу биыл мамыр айында басталады. Қатысушыларды Apple халықаралық тренерінің жетекшілігімен өтетін төрт күндік қарқынды bootcamp күтіп тұр.

Қатысуға бағдарламалау негіздерін меңгерген, ағылшын тілін Intermediate (B1–B2) деңгейінде жетік  білетін және қарқынды оқытудан өтуге дайын үміткерлер шақырылады. Айта кетейік, үміткердің логиканы түсінуі және кез келген бағдарламалау тілінде тәжірибесінің болуы артықшылық болады. Бұдан бөлек қатысушылар Apple платформаларында қосымша әзірлеуге маманданған тренер ретінде дамуға ниетті болуы тиіс.

Оқыту мобильді қосымша әзірлеу мен цифрлық технологиялар саласындағы білім беру инфрақұрылымын дамытуға серпін береді. Тренерлерді даярлау нәтижесінде Apple экожүйесінде жұмыс істей алатын оқытушылар қауымы қалыптасып, олар елімізде мобильді қосымшалар әзірлеу бағытының өркендеуіне үлес қосады.

«Адам капиталын дамыту және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау – Astana Hub қызметінің негізгі басымдықтарының бірі. Біз 2023 жылы Қазақстандағы AATCe ресми өкілі атанып, жастарды iOS платформасында мобильді қосымша әзірлеуге үйрете бастадық. Серіктестіктің келесі кезеңі – Training of Trainers бағдарламасын іске қосу. Бұл еліміздегі сертификатталған Apple-тренер тапшылығын азайтуға септігін тигізеді. Сонымен қатар мыңдаған жас қазақстандыққа мобильді қосымша әзірлеу саласына жол ашатын кәсіби тренерлер қауымдастығы қалыптаса бастайды. Олар жергілікті идеяларды жаһандық өнімдерге айналдыруға ықпал етеді деп сенемін», – деді Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев.

Оқу барысында қатысушылар Apple платформаларында қосымша әзірлеу бойынша жан-жақты дайындықтан өтеді. Бағдарлама бастапқы тәжірибесі бар үміткерлерге арналған және кәсіби деңгейге жетуге баулиды. Қатысушылар Swift тілінде Xcode ортасында жұмыс істеуді меңгереді, iOS-қосымшалардың архитектурасын, сондай-ақ UIKit пен SwiftUI негізінде пайдаланушы интерфейсін жобалауды үйренеді. Сонымен қатар ARKit, CoreML секілді заманауи Apple фреймворктерімен жұмыс істеу, веб-сервистермен ықпалдасу және жеке қосымша әзірлеу қарастырылған. Оқыту барысында педагогикалық әдістеме мен болашақ тренерлерді даярлау мәселесіне айрықша ден қойылады.

Bootcamp қорытындысы бойынша қатысушылар Apple Trainer сертификатына өтінім бере алады. Аталған сертификат Apple платформаларында қосымша әзірлеу бойынша ресми оқыту жүргізу құқығын береді.

Тренерлерді даярлау аяқталғаннан кейін Astana Hub AATCe базасында студенттерге, мектеп оқушыларына және жолын жаңадан бастаған әзірлеушілерге арналған білім беру бағдарламаларын іске қосуды жоспарлап отыр. Оқыту мобильді қосымша әзірлеу дағдыларын дамытуға және Apple платформаларында өз қосымшаларын жасауға бағытталады. Үздік тренерлер осы бағдарламаларды жүзеге асыруға тартылып, жұмыспен қамтылады.

Мұндай білім беру бастамалары адам капиталын дамытуға және ұлттық IT-экожүйені нығайтуға ықпал етеді, сондай-ақ заманауи цифрлық дағдыларды игеруге кең мүмкіндік ашады.

Apple Authorized Training Center for Education (AATCe) – Apple технологиялары мен құралдарын қолдана отырып, білім беруде заманауи тәсілдерді енгізуді мақсат ететін оқу ұйымдарының халықаралық желісіне кіретін орталық. Бұл бастама аясында студенттер сұранысқа ие мамандықтарға қажетті дағдыларды игеру үшін Swift тілінде қосымша әзірлеуді үйренеді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:176
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Наурыз 2026 12:09
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары