Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

Жаһандық үндестікке бастар жол

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

Астанада автотұрақта бес көлік өртеніп кетті

Астана мен Қосшыда дауыс беру процесі қалай өтуде? Халықаралық байқаушылар пікірі

Астана мен Қосшыда дауыс беру процесі қалай өтуде? Халықаралық байқаушылар пікірі

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Қазақстанда елдің саяси өміріндегі маңызды оқиға – Құрылтай сайлауы өтіп жатыр. Сайлау процесінің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз ету мақсатында Астанаға арнайы халықаралық байқаушылар мен шетелдік сарапшылар келді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Шетелдік сарапшылар арасында Қазақстанға алғаш рет келген Испанияның халықаралық шолушы Альваро Эскалонилла да бар. Ол Құрылтай сайлауының ұйымдастыру деңгейіне жоғары баға берді.

Бұл – менің Қазақстанға да, Орталық Азияға да алғашқы сапарым. Қазақстан өз мүмкіндіктерін әлемге паш етіп жатыр. Сайлау өтіп жатқан учаскеде шетелдік БАҚ өкілдеріне толық жағдай жасалғаны қуантады, – деді испандық тілші.

Сайлау учаскелеріндегі ашықтық пен саяси реформалардың маңыздылығын Албаниядан келген тәуелсіз сарапшы Редион Лули де растады.

Бұл қадам үкіметтің елді одан әрі демократияландыруға бағыт алғанын дәлелдейді. Заң қабылдау мен шешім шығару процесі енді әлдеқайда тиімді бола түспек. Ал сайлау учаскесіндегі процесс өте ашық, ахуал тыныш, ешқандай заңбұзушылық тіркелген жоқ, – деді тәуелсіз сарапшы.

Сапар барысында №751 сайлау учаскесінің жұмысымен танысқан литвалық журналист Эдгарас Валяцкас еліміздегі оң өзгерістер мен халықаралық ынтымақтастықтың келешегіне тоқталды. 

Қазақстанның бірпалаталы парламентке –  Құрылтайға өтуіне келсек, біз соңғы уақытта Қазақстанның әлемге белсенді түрде ашылып жатқанын көріп отырмыз. Меніңше, осы сайлау және жаңадан келетін билік өкілдері бұл дәстүрлерді әрі қарай да сақтайды. Еуропалық елдермен де қарым-қатынас жолға қойылып, экономика дами түседі деп ойлаймын, –  деп атап өтті. 

Өз кезегінде «Спутник Грузия» медиаресурсының журналисі, саясаттанушы Васо Гапанадзе елордада дауыс берудің ашық әрі демократиялық жағдайда өтіп жатқанын алға тартты.

Таңертеңнен бері сайлаудың ашық әрі демократиялық ортада өтіп жатқанын көріп отырмыз. Азаматтар өздері дұрыс деп санаған саяси партияға дауыс беру үшін барлық мүмкіндіктерге ие. Бірпалаталы парламентке өту – бұл Қазақстан басшылығы тарапынан жасалған өте пайымды әрі дұрыс қадам. Мұнда спортшылар да, қатардағы азаматтар да келіп, өз таңдауларын жасап жатыр. Барлығы ашықтық жағдайында өтуде, – деді Васо Гапанадзе. 

Сайлау учаскелеріндегі ашықтықтан бөлек, халықаралық байқаушылар қазақы қонақжайлылық пен ерекше атмосфераға да назар аударды. Ақмола облысы, Қосшы қаласы, Тайтөбе ауылында орналасқан №751 сайлау учаскесіне халықаралық байқаушыларға бауырсақ пен қымыз ұсынылып, ұлттық астан дәм татқызылды. Бұл жердегі жұмыс барысына Ресей Федерациясы Үкіметінің ресми басылымы «Российская газетаның» шолушысы Игорь Елков та жоғары баға берді.

Учаскедегі ұйымдастыруға келсек, керемет! Ешкім саған жұмыс істеуге кедергі жасамайды, рахаттанып жұмыс істейсің. Осындай баурап алатын адами қарым-қатынас қатты ұнайды, – деді ол. 

Халықаралық сарапшы, Ресейдің «Lenta.ru» порталының редакторы Сергей Болиев тілшілерге берген сұхбатында Қазақстанға жасаған алғашқы сапарынан алған әсерімен бөлісті.

Мен бұл елге алғаш рет келіп тұрмын, Астана – Қазақстандағы мен аяқ басқан ең алғашқы қала. Мемлекет ретінде де, қоғам ретінде де Қазақстан маған өте жағымды, ыстық әсер қалдырды, – деді ол. 

Сонымен қатар, ресейлік сарапшы Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды саяси өзгерістерге, оның ішінде бірпалаталы парламентке – Құрылтайға өту реформасына жоғары баға берді. Оның пікірінше, бұл қадам мемлекеттің жан-жақты дамуына серпін береді.

Саяси институттар тұрғысынан алғанда, қазіргі реформа елдің әлеуметтік-мәдени, саяси және технологиялық аспектіде ары қарай дамуының басты түйінді қадамы.  Ал бүгінгі Құрылтай сауйлауы – Қазақстан қадам басқан осы үлкен жолдың алғашқы баспалдағы, – деді сарапшы. 

Айта кетейік, Қазақстанда өтіп жатқан Құрылтай сайлауын бақылауға Испания, Ресей, Литва, Албания және Грузиядан арнайы халықаралық сарапшылар келді. Шетелдік байқаушылар Астанадағы «Барыс Аренада» орналасқан №225, №493 және №494 сайлау учаскелерінің, сондай-ақ Ақмола облысы, Қосшы қаласы, Тайтөбе ауылындағы №751 сайлау учаскесінің жұмысымен егжей-тегжейлі танысты.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:113
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Тамыз 2026 17:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see140

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see138

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see136

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see134

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see133

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see132

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see131

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see126

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see125

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see125

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see122

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

06 Қазан 2026 19:07see118

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

06 Қазан 2026 07:56see117

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

06 Қазан 2026 21:25see116

Жаһандық үндестікке бастар жол

06 Қазан 2026 06:32see116

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

06 Қазан 2026 14:21see115

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

06 Қазан 2026 11:13see114

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

06 Қазан 2026 15:01see111

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

06 Қазан 2026 15:43see109

Астанада автотұрақта бес көлік өртеніп кетті

06 Қазан 2026 09:24see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары