Астанада 12 жасқа дейінгі теннисшілер арасында Қазақстан кубогы басталды
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Астанада 12 жасқа дейінгі теннисшілер арасында Қазақстан кубогының матчтары басталды. Биыл командалық турнир оныншы рет өткізіліп, еліміздің әр өңірінен 16 үздік құрама команданы жинады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Әр өңірдің командасы үш ұл, үш қыз және екі капитаннан құралған. Жас теннисшілер Қазақстанның үздік теннис өңірі атағы үшін сынға түседі.
Қазақстан теннис федерациясының атқарушы директоры Медет Байкен Қазақстан кубогы жас спортшыларды даярлау және ұлттық құрамалардың болашақ резервін қалыптастыру жолындағы маңызды кезеңдердің бірі екенін атап өтті.
12 жасқа дейінгі ойыншылар арасындағы Қазақстан кубогының матчтары Астанадағы Beeline Arena Ұлттық теннис орталығының ашық хард корттарында өтіп жатыр. Теннис федерациясы мәліметінше, жарыс 22 тамызға дейін жалғасады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:26
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Тамыз 2026 22:38 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















