Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Астанада 13 ел студенттері цифрлық дәуірге арналған үздік құқықтық шешімдер ұсынды

Астанада 13 ел студенттері цифрлық дәуірге арналған үздік құқықтық шешімдер ұсынды

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Іс-шара Мемлекет басшысы жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында ұйымдастырылды. «Болашақ құқығы» тақырыбындағы байқау Әзербайжан, Германия, Грузия, Канада, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Малайзия, Өзбекстан, Ресей, Румыния, Үндістан және Шри-Ланка жоғары оқу орындарының 23 командасын біріктірді. Жарыс барысында студенттер жаңа технологиялардың заң жүйесіне, құқық қағидаттарына, этика мен адам құқықтарына әсерін зерттеді.

Фото: MNU

— Біз MNU-да болашағымыз жаңашылдықды жасаудан, сұрақ қоюдан және көшбасшы болудан қорықпайтындарға тиесілі екеніне сенімдіміз. Екі күн бойы InternationalLegathon MaxUP сайысында қатысушылар құқықтың болашағы бүгіннен бастап олардың идеялары, шешімдері және стандартты емес ойлауға дайындығы арқылы қалыптасатынын көрсетті. Біз құқық пен технология бірге дамитын дәуірде өмір сүрудеміз. Бұл жаңа шынайылықта тек қана құқықты білу жеткіліксіз, оны қайта түсінуге дайын болу қажет, — деді MNU Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев.

Фото: MNU

«Lex Fantastica» дебат форматындағы байқаудың бірінші кезеңі «Астана» халықаралық қаржы орталығының Сотында ұйымдастырылды. Пікірсайыс барысында студенттер метағаламшарлардың меншік иелерінің жауапкершілігі мен оны нақты бір мемлекеттердің баламасы ретінде қарастыру, виртуалды активтерді реттеу және виртуалды болмыстың меншігін қорғау, сондай-ақ жасанды интеллект судьядан бас тарту мен виртуалды шындықта болу уақытын шектеудің заңдылығы туралы дәлелдер келтірді. Жарыстың ақтық кезеңі мен Гранд-финал MNU-да өтті.

Фото: MNU

Финалға қатысушылар автономды көлікті пайдалану, синтетикалық контент және экономикадағы жасанды интеллектіні реттейтін нормаларды әзірлеу бойынша өз идеяларын ұсынды. Төрешіліктің бейтараптығын сақтау үшін қатысушылар сөз сөйлеу барысында өз елі мен университетін танытқан жоқ.

Фото: MNU

Командалардың ұсыныстарын әділет, ғылым және жоғары білім вице-министрлері, Жоғарғы Сот судьясы, жетекші заң фирмаларының серіктестері, халықаралық компаниялары, даму институттары, сондай-ақ дипломатия және білім беру салаларының өкілдері бағалады.

Фото: MNU

— MNU — жасанды интеллектіні заңдастырудың нормативтік құқықтық шеңбері туралы мәселені көтерген алғашқы университет. Ең қызығы, байқауға түрлі елдерден осы мәселелерді шешетін командалар көп жиналды. Қазақстанда жасанды интеллект туралы заң қабылданғаны белгілі. Осындай іс-шаралар есебінен біз қазіргі заңнамаға тағы бір рет қарап, заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді пысықтауға немесе жетілдіруге болатын жаңа нормаларды ала аламыз, — деді ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглова.

Фото: MNU

Іс-шара ұйымдастырушылары университет профессорлары республиканың нормашығармашылық процесінде пайдалану үшін реттеушілік саясат құжаттары ретінде қатысушылардан жиналған барлық ұсыныстарды рәсімдейтінін атап өтті.

Фото: MNU

Сайыс қорытындысы бойынша орыс лигасында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (Қазақстан), Maqsut Narikbayev University (Қазақстан) және В. Ф. Яковлев атындағы Орал мемлекеттік заң университетінің (Ресей) командалары көш бастады, ал ағылшын лигасында үздік нәтижелерді Малайя университетінің (Малайзия), Румын-американ университетінің (Румыния) және Макгилл университетінің (Канада) студенттері көрсетті. Конкурстың жеңімпазы Малайзияның тұңғыш және ең беделді жоғары оқу орны — Малайя университетінің командасы атанды.

Фото: MNU

— Мұндай байқаулар әлем жастары үшін өте маңызды. Ұсынылған заң саласындағы кейс өте қызық болды. Бастапқыда бізде оның қаншалықты шынайы екеніне сенім болған жоқ, бірақ спикерлердің сөздерін тыңдай отырып, құқықтық жүйеге жасанды интеллект технологияларын енгізу кезінде бізге шынымен де жаңа реттеу тетіктері қажет болатыны туралы ойлана бастадық. Қазір құқықтық жүйелер көп жағдайда артта қалып отыр және жас ұрпаққа болашақ үшін инновациялық шешімдерді ұсынуға тура келеді, — деді Макгилл университетінің (Канада) студенті Эндрю Цзясин Чен.

Фото: MNU

Сайыстың жалпы жүлде қоры бес миллион теңгеден асты. Байқау АХҚО Соты, «Kazakhstan Bar Association» заң консультанттар палатасы және «Baker McKenzie» халықаралық заң фирмасының қолдауымен өтті. Сондай-ақ конкурсқа Қазақстанның Даму банкі, «Unicase», «KP Disputes», «Turkenov Consulting» заң фирмалары және адвокат Рена Керімова қолдау білдірді.

Фото: MNU

Айта кетейік, International Legathon MaxUP алғаш рет 2025 жылы өткен болатын.

Осыған дейін Kazinform агенттігі Maqsut Narikbayev University студенттеріне төте жазу әліпбиін үйрету жобасын іске асырып жатқанын жазғанбыз. Жоспарға сай, 300-ден астам болашақ заңгер осы жазуды оқып, үйренеді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:149
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Сәуір 2026 15:35
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары