Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Астанада апатты жағдайға арналған ерекше канал бар. Ол қалай жұмыс істейді?

Астанада апатты жағдайға арналған ерекше канал бар. Ол қалай жұмыс істейді?

Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Астанада өткен ғасырдың 70-жылдарынан бері елорда мен Ақмола облысын сумен қамтып, суармалы жерлерді суарып, қаланы төтенше жағдайлардан қорғап тұрған су қоймасы бар. Таяу арада мұнда реконструкция жүргізіп, процестерді автоматтандыру және бөгетті нығайту жоспарланған. Tengrinews.kz тілшілері Астана су қоймасында болып, стратегиялық нысанның қалай жұмыс істейтінін көріп қайтты.

Мұны Су ресурстары және ирригация министрлігі ұйымдастырған баспасөз туры барысында көруге мүмкіндік туды.  Біз де шақырту алып, барып қайттық. Онда көргеніміз бен білгенімізді оқырманға ұсынамыз.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Астана немесе ескіше Вячеслав су қоймасы - ерекше қорғалатын нысан. Оған жайдан-жай кіру мүмкін емес, бірақ бізде түсірілім жасауға рұқсат болды.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Су қоймасы 1970 жылы салынып, пайдалануға берілген. Ол бірінші деңгейлі жауапкершіліктегі гидротехникалық құрылыстарға жатады.

Анықтама: I деңгейлі жауапкершіліктегі гидротехникалық құрылыс - бұл жобалауға, салуға, пайдалануға және қауіпсіздікті бақылауға ең қатаң талаптар қойылатын жоғары санаттағы нысан. Бұл класқа апаты адамдарға, қоршаған ортаға және экономикаға ауыр зардаптар әкелуі мүмкін құрылыстар жатқызылады. Сондықтан олар тұрақты түрде тексеруден, мониторингтен өтіп тұрады және мемлекеттің ерекше бақылауында болады.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Астана су қоймасының толық көлемі 410,9 миллион текше метр, пайдалы көлемі - 375,4 миллион текше метр болады.

Анықтама: Су қоймасының толық көлемі - бұл қалыпты тірек деңгейінде сиятын судың максимал мөлшері. Бұл көлемге су қоймасы табанындағы барлық су кіреді. Ал пайдалы көлем - судың шаруашылық қажеттіліктеріне: сумен жабдықтауға, электр энергиясын өндіруге, суаруға және басқа да мақсаттарға пайдалануға болатын бөлігі.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Пайдасы туралы айтар болсақ - жергілікті су айдынында балық та аз емес. Балықшылар мұнда істер іс табар еді.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Сандарға қайта оралайық.

Су қоймасының топырақ бөгетінің ұзындығы шамамен 1,2 шақырымға жетеді, максималды биіктігі - 30–32 метр. Су тасқыны кезінде су ағызғыш секундына 1 920 текше метрге дейін су өткізе алады.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Су шаруашылығы комитетінің төрағасы Арсен Жақанбаев журналистермен әңгімелесу барысында, су қоймасы ең алдымен тасқын суын реттеуге және Астананы ауыз сумен қамтамасыз етуге арналғанын айтты.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Оның айтуынша, су қоймасының 50 жылдан аса жұмыс істеген уақытында мұнда тек жергілікті жөндеу жұмыстары жүргізілген, ал ауқымды реконструкция жасалмаған.

Арсен Жақанбаев. Фото: Tengrinews.kz/ Нұрлан Алжабаев

Жақында мамандар егжей-тегжейлі талдау жүргізіп, реконструкция қажет деген қорытындыға келді. Қазір жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр, содан кейін билік қаржыландыру көздерін шешуге кіріседі.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Жоспарда бөгетті, су ағызғышты, көпірді және ұзындығы шамамен бір шақырым болатын жолды жаңарту көзделген.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

"Жобада су қоймасын кеңейту қарастырылмаған. Сөз су қоймасын нығайту, жаңғырту туралы болып отыр. Бұл сенімділікті қамтамасыз етеді және болашақта апат қаупін азайтады", - деді Арсен Жақанбаев.

Біз: "Апат болу ықтималдығы пайыздық көрсеткішпен алғанда қандай?" - деп нақтыладық. "Ешқандай қауіп жоқ" деген жауап алдық.

"Қазір ешқандай қауіп жоқ. Біз оның алдын алып жатырмыз. Тек су қоймасының жұмыс істеп тұрғанына 50 жыл болды. Біз бір-екі жылдан кейін осындай үлкен қауіп туындамас үшін бұл жобаны алдын ала қолға алғымыз келеді", - деп түсіндірді комитет басшысы.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Екінші нысанға бет алдық - бұл Астана контрреттегіші. Ресми мәлімет бойынша, ол 450 миллион текше метрге дейін су жинай алады.


Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Контрреттегіш су ағынын, мысалы, тасқын кезеңінде реттеуге арналған.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Іс жүзінде бұл гидротехникалық құрылыс Астананы және іргелес аумақтарды "үлкен судан", яғни су басудан қорғайды.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Қызықты дерек: мұндағы кейбір процестер автоматтандырылмаған, мәселен, су деңгейін сызғышпен өлшейді. Бұған арнайы қызметкерлер жауапты.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Реконструкциядан кейін нысанда суды басқарудың, есепке алудың және бөлудің автоматтандырылған жүйелері, сондай-ақ бейнебақылау, мониторинг және құлақтандыру жүйелері пайда болады деп жоспарланған.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Айта кетейік, мұндағы мол су тек елордалық су қоймаларына жіберілмейді.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Апат болған жағдайда... су бағытталатын арнайы орын бар. Біз де сонда бет алдық.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Осындай көріністі көру үшін ондаған шақырым жол жүруге тура келді. Мұнда журналистерге Астананы су тасқынынан қорғайтын бөгетті қайта жаңғырту жобасы таныстырылды. Жоба аясында апатты жағдайда артық суды төгетін құрылыс пен су бұру арнасы салынады.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

"Бұл жағдайда "апатты" сөзі нені білдіреді?" - деген сұрақ туындады. Сөйтсек, арна ықтимал апат - шартты түрдегі су тасқыны жағдайына арналып салынған екен.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Сонымен қатар, жоба жетекшісі Александр Попов мұндай жағдай орын алмайды және каналға көп мөлшерде су жіберудің қажеті болмайды деп есептейді. Дегенмен, барлық ықтимал нұсқаларды ескеру қажет.

Александр Попов. Фото: Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Осы пейзажға қарап, бұл жердің осындай мақсаттар үшін жобаланғанына сену қиын. Айтпақшы, ол тұрғын үй алабынан әдейі алыс қашықтықта орналасқан.

Дегенмен мұнда жүзден аса адамнан тұратын вахташылардың үлкен командасы жұмыс істейді, олар ірі қаланы ықтимал төтенше жағдайдан қорғауға жауапты.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Еске салайық: былтыр 55 жыл ішінде алғаш рет Астана су қоймасын ауқымды тазарту жұмыстары басталды. Жұмысты "Қазсушар" кәсіпорнының Ақмола филиалы жүргізіп жатыр. Сол кезде Су ресурстары министрлігі бұл жұмыстар 13 жыл бойы жыл сайын жүргізілетінін хабарлаған болатын.

Мәтін авторы: Алина Шашкина

Фото: Tengrinews.kz/ Нұрлан Алжабаев

Аударған: Дина Шәріпхан

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ

Суқұзғындар, катамарандар және миллиардтаған киловатт энергия. Қапшағай ГЭС-і қалай жұмыс істейді?

Верный обсерваториясын реконструкциялау неге 10 жылға созылды?

“Таңдауымыз осында түсті“: Таулардың арасындағы Коробиха қалай жанданып келеді?

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:172
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Шілде 2026 10:54
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see131

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see129

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see128

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see125

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see124

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see123

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see122

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see121

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see121

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see120

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see119

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see118

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see118

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see118

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see118

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see117

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see116

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see115

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see115

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары