Астанада Асыл мұра ауқымды концерті өтеді
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
5 шілдеде, Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында сағат 17:00-де «Асыл мұра» концерті өтеді. Елорда күні қарсаңында ұйымдастырылатын бұл мәдени жоба биыл бесінші рет өткізілмек,– деп хабарлайды Aikyn.kz. елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Іс-шараның мақсаты – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі музыка өнерін дәріптеу, сирек орындалатын шығармаларды жаңғыртып, ұрпақтар сабақтастығын нығайту.
Концерт барысында қазақтың дәстүрлі әншілік және күйшілік өнерінің Арқа, Сыр, Жетісу, Алтай-Тарбағатай және Батыс мектептері кеңінен таныстырылып, бес орындаушылық мектептің ерекшелігін айқындайтын әндер, жырлар мен күйлер орындалады.
Мәдени іс-шараға белгілі өнер қайраткерлері мен дәстүрлі өнер өкілдері қатысады. Олардың қатарында Сержан Мұрсайын, Перизат Тұрарова, Өзгеріс Шерікбай, Бейбіт Мұсаев, Ардақ Балажанова, Нұржан Жанпейісов, Алмас Алматов, Елмұра Жаңаберген, Марат Сүгірбай, Күнсұлу Түрікпен, Айгүл Қосанова, Дастан Есентеміров, Айгүл Елшібаева, Қазбек Әдікей, Медет Салықов, Клара Төленбаева, Гүлмира Сарина бар.
Сондай-ақ концертте «Қорқыт» ансамблі, «Шалқыма» би ансамблі, «Дала Sound» квартеті және Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның хоры өнер көрсетеді.
Мәдени жиында заманауи цифрлық технологиялар, заманауи мультимедиалық визуализация мен жасанды интеллект элементтері қолданылады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:105
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Маусым 2026 23:54 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















