Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

25 жастағы испаниялық қыздың эвтаназия таңдауы қызу талқыланып жатыр

Денсаулықты сақтаудың төрт қарапайым әдеті

Қазақстандықтар ауруханадағы туысының жағдайын онлайн бақылай алады пилоттық жоба іске қосылады

Тауар айналымын талдаудың цифрлық құралы таныстырылды

Семсерлесуден Астанадағы әлем кубогына 46 елден 500 ге жуық спортшы қатысып жатыр

Астанада Ресей оқу орындарының көрмесі өтіп жатыр

Дала жұмыстарына дайындық қалай?

Шығыс Қазақстан облысында жолдағы бала өлімі үшін жол құрылыс ұйымының бас инженері сотталды

Әйелімді шәкіртіме үйлендірдім: заңға қайшы пікір айтқан сопыға айыппұл салынды

Жаңбыр жауып, жел екпіні күшейеді : 30 наурызға ауа райы болжамы

Непалдың бұрынғы премьер министрі наразылықтарды аяусыз басып жаншыды деген айыппен қамауға алынды

Ливанда Израиль соққысынан үш журналист қаза тапты

Қазақ балуаны Ризабек Айтмұхан Ташкенттегі турнирде жеңіске жетті

Полиция құлаған тағы бір дрон туралы хабарламаға пікір білдірді

Украинадағы жағдайды реттеу бойынша АҚШ ұсыныстары жүзеге аспай жатыр Ушаков

Қостанайда жасалған қуатты комбайн

Қорғаныс министрлігі курсанттары бағдарлама жасақтау олимпиадасында көш бастады

Күштеп сүймек болған : Алматыда ер адам автобустың ішінде бейәдеп қылық көрсеткен (ВИДЕО)

Ресейде қазақстандықтар қатысқан жаппай төбелес жайлы жаңа деректер шықты

Дағыстан астанасында төтенше жағдай жарияланды

Ұрпаққа аманатталған асыл мұра

Ұрпаққа аманатталған асыл мұра

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Ғалымдар Абайтанудың 136 жылдық (1889–2025) тарихын үш кезеңге бөліп, саралайды. Олар: Абайтанудың М.Әуезовке дейінгі кезеңі (1889–1934), осы ілімнің негізін салу жолындағы М.Әуезов кезеңі (1934–1961) және одан кейінгі ғылыми талдаулар мен ізденістер кезеңі. Ұлы ақын шығармашылығын зерттеу кезеңдерінің Мұхтар Омарханұлының есімімен «үкі­ленуі» Абайтанудың ірге­тасын қалап, оның «ығы зор» панасы болған ғұламаның тума таланты мен қажыр-қайраты тұрғысынан әбден заңды.

Коллажды жасаған – Алмас МАНАП, «EQ»

«Дала уәлаяты газетінен» басталған еді...

Хакім Абайдың «Жаз», «Болыс бол­дым мінеки» атты өлеңдері «Дала уәлаяты газетінде» жарық көрген 1989 жыл – Абайтанудың қайнар «көзі» екені мәлім («Дала уәлаяты газеті», №7, №12). М.Әуезов ұлы ақын туралы моно­графиялық зерттеуінде «Жаз» өле­ңінің Абайдағы ерекшелігі – бұнда да ақын­дық мәдениеті ірілеп, шеберленген көркемдікті аңғарамыз, – деп, атап көрсетеді. – Барлық суреттер мен динамикалық қозғалыс әрекеттер неше алуан бай құбылыс боп сипатталады... өмір көрінісін өз өлеңінің ішіне тығыздап сыйғыза білген ақын, негізінде, реалистік пейзаж беріп отыр... жанды өмірді оқушыға аса қонымды етіп, «дәл осындай болады» дегендей бас шұлғытып, иландыра біледі» («Абай Құнанбаев», монографиялық зерттеу, «Санат», 1995).

Суретті сөздің хас шебері «көкорай шалғын, бәйшешегі жайқалып, күркіреп жатқан өзенді» жағалай көшіп, қонған алаңсыз ауылды сүйіне отырып жырға қосады. «Шалғыннан жоны қылтылдап, шұрқыраған жылқы, айнала шауып бұлтылдаған құлын-тай, жоғары-төмен сымпылдап ұшқан үйрек-қаздың» көрінісінен жан жадырайды. Әсіресе, «әзілдесіп, сыңқылдап, үй тіккен қыз-келіншек» жанарды бай­­лап, «сабадан қымыз құйдырып, кеңесіп, күлген жасы үлкендердің» әңгіме­сіне қызыға құлақ түреміз. Жиналған қауым «білімділердің айтқан сөзде­ріне бәйге атындай аңқылдап, бастарын изеп, мақұлдап» мәз-мейрам болысады. Жылқышылардың «асау мініп теңселгенінен» көңіл марқайып, «көк құсы жарқылдап, қаз сыпырған бозбалаларға» қарқылдап қошемет қыл­ған ақсақалға біз де қосыламыз.

«Жаз» өлеңінің жазылуы жайында ақынның шәкірті әрі досы Көкбай Жанатайұлының естелігінен «1880 жылдан бастап 1886 жылға дейін Абай сөздерінің барлығы Көкбай сөздері деп жүргізілді» деген жолдарды оқимыз. «Сол жылдың жазында ел жайлауға шықты, – деп еске алады ол бұдан әрі. – Бақанастың бойындағы Көпбейіт деген жерге қонып жатқан ауылды көріп, «осы суретті өлең қыл», деді...». Бірақ шәкіртінің жазғаны ұстазының көңіліне қонбай, өзі «Жаздыгүн шілде болғанданы» жазады. Естеліктен, сондай-ақ жаңа туындыға қатысты Абай мен Көкбайдың арасындағы жарасымды қалжыңға және хакімнің «өзі жазған сөзіне ең алғаш рет» көңілі толғанына қанығамыз («Абай туралы естеліктер», «Қаламгер», 2018).

Өлең жайлаудың тамылжыған табиғатына масайраған жұрттың мамыражай тіршілігін көз алдымызға әкеліп, бірден баурап әкетеді. Аса көрнекті абайтанушы ғалым Қайым Мұхамедханұлы «Жаз» өлеңі жайында мынадай пікір қалдырыпты: «Өлеңнің басында «Семей оязы, Шыңғыс елінің қазағы Ибраһим Құнанбай ауылының Бақанас өзенінің бойындағы Көпбейіт деген жерге қонып жатқандағы түрі», деп түсінік берілген... ауыл – Абайдың өз ауылы, Абайдың астындағы аяңшылы – Әбдірахметтен алған Күреңтөбел аты. Айқайшы шалы, сол жылы өз аулымен көрші болып отырған Әнет бармақ деген шал. Құс салып жүрген жас жігіттер өзінің балалары – Ақылбай, Әбдірахман болатын» (Абай. Шығармаларының екі томдық толық жинағы, 1-том, «Жазушы», 2020).

Осы аталған «Жаз» бен «Болыс болдым мінеки» өлеңдері газетте басылғаннан кейін Абайдың 1909 жылғы тұңғыш жинағында да жарық көреді. Ақынның тырнақалды кітабын інісі Ысқақтың ұлы Кәкітай мен өз перзенті Тұрағұлдың шығарғаны белгілі. Бұл туралы М. Әуезов «Абай мұрасына ерекше еңбек сіңірген, Абай өзі тәрбиелеп, баулыған жас жұртшылықтың көрнекті өкілі болған – Кәкітай Ысқақұлы... Абайдың баспаға шығуында тарихтық, бірінші зор еңбек етуші – Кәкітай дейміз», деп жоғары баға береді (сонда, «Абай Құнанбаев» монографиясы). Ол заманда Алашорда үкіметінің қызметіне белсене араласып, биліктің «қырына» іліккен Тұрағұлды ауызға алу қатерге көрінеу бас тігу еді. «Абай» романында (алғашқы басылымы), айталық, Тұрағұл есімінің ғана аталуы жазушының жаулары үшін «сыныққа – сылтау» болғаны белгілі.

Тырнақалды кітаптың шығуынан бес жыл бұрынғы, яки Ұлу жылының қайғысы Құнанбай әулетіне аса ауыр тиеді. Әсіресе Абайдың отбасы мен ұрпақтарының еңсесі басылып, салы суға кеткендей еді. Оларға небәрі бір жарым айдың ішінде болған Мағауияның, Абай мен Ақылбайдың қазасынан ес жию қиынға соғады. Кәкітай да тағдырдың жазуына амал жоқтығын мойындап, бойын қанша тіктейін десе де ұнжырғасы түсе береді. Жүректі «тілгілеген» жараның шорланып барып бітуі, әлбетте уақыттың еншісінде. Дегенмен, ұстазы әрі әкесіндей болған Абайдың шығармалары тарих қойнауында «бұғып» қалуына көнбек емес-ті. Оқып, білім алуына, дүниені тануы­на ағасының жасаған жақсылығы ақын марқұм болғалы ойынан шықпай, жанын сыздатады.

Оның өз басын ақын, ұлы Мағауия­дай, жақсы көріп, оқу-білімге «же­телегенін» ойласа, тамағына өксік ты­ғылады. Осы бір қамаған қайғы мен ой «ұйығынан» шығар жолды Әлихан Бөкейханнан келген хат меңзейді. «Абай марқұмның өлеңін кітап қылып басыңдар», дей келіп, ол егер бұлар дайын етсе, өзінің көмек қолын созуға әзір екенін білдіреді. Кәкітай жанына батқан ойын тап басқан «тапсырмадан» дүр сілкінеді. Сөйтіп, перзенті Әрхам Ысқақов естелігінде жазғандай, «Абайдың зор қарызын өтеуді» қолға алады: «Ең алдымен кең етіп, «Абылайша» деп аталатын қос жасатады. Сонан соң, өз аулында ескіше бала оқытып жү­ретін Мүрсейіт Біке баласы деген молданы босатып алады. Оған «бала оқытқаннан табатын пайдаңды аласың» деп міндеттенеді.

Сонымен Тұрағұл екеуі жаңағы қосқа молданы отырғызып, керек-жарағын түгендеп береді. Бұдан соң, олар хакімнің «ел аузына тарап, одан әркім жазып алып, сақтап жүрген» шығармаларын жинауға кіріседі. Табылған шығармаларды екеуі бірге қарап шығып, Мүрсейітке көшіріп жазуға беріп отырады. Абайдың «бір бет қағазға жазып тастап, яки ауызша айтқан өлеңдері мен қара сөздеріне осыған дейін де Кәкітайдың иелік жасап, сақтап отырғанының» пайдасы тиеді. Қолжазбаны даярлауға кіріскен Мүрсейіт молданың жазуы анық әрі көркем екен. Ол Ысқақтың көршісі әрі туыстай боп кеткен адам. Қолына тиген ақын шығармаларын көшіріп жазуды жаздың басында қолға алады. Жұмысқа тыңғылықты қарап, оны 3-4 айдың ішінде аяқтайды.

Қолжазба даяр болған соң, Кәкітай Омбыға сапар шегеді. Әлиханның 1915 жылғы 15 қаңтарда Кәкітайды жоқтап, «Қазақ» газетінде басылған «Қош, қарағым!» атты қазанама жазбасында былай делініпті: «...1905 жылғы шілденің аяғында Абайдың қолжазбасын алып, Кәкітай Омбыдағы маған келді... біздің үйде бірер жұмадай жатты...». Алаш көсемінің осыдан он жыл бұрын осы қонағынан алған деректер негізінде Абайдың өмірбаянын орыс тілінде жазып, 1905 жылы Семейде шығып тұратын «Семипалатинский листок» газетінде, одан кейін «Абай (Ибрагим) Құнанбай (некролог)» деген атаумен екінші рет, 1907 жылы «Записки Семипалатинского подотдела Западно-Сибирского отдела Императорского русского географичес­кого общества» атты кітапта бастырғаны мәлім.

Ә.Бөкейхан аталған мақаласында, сондай-ақ Абайдың төл шығармаларын, Пушкин, Лермонтов пен Крыловтан аудар­маларын көп ұзамай Географиялық қоғамның Семей бөлімшесі шығара­тынын да хабарлайды. Бірақ оның түрмеге қамалуына байланысты кітап жарыққа шықпай қалады. Ал Абайды ширек ғасырға жуық білетін Кәкітайдың ақын туралы еңбегін, үш абдыра кітабын, хакімнің көп туындысын қашқан Колчак әскерлері өртеп жібереді. Жалпы тұң­ғыш жинақтың басылым көруі оңайға соқ­пайды. Кәкітай бастапқыда Омбыға барып, келісімге келе алмаған соң, Қазан қаласына жол тартады. Бірақ онда да сәті түспей, әйтеуір Петербург бас­паханасымен шарт жасасып, корректордың міндетін өз
мойнына алады.

Шарт бойынша баспахана қолжаз­баны бір баспа табақ қағазға басып, Семейдегі Әнияр Молдабаевтың үйіне жіберіп тұратын болады. Сөйтіп, Пе­тербург баспаханасы поштаға салған қағаздар келе бастайды. Әнияр – оқу оқып, банк қызметкері болуына, қаладан үй алуына Абай қаржылай септескен Тобықтының азаматы. Қолға тиген кітап мәтінінің қателерін Кәкітай түзеп, кері қайтарып отырады. Бірақ қазақ сөзін әріп терушілердің ұқпауынан көп қате кетіп, толық түзеуге мүмкін болмайды. Абайдың өмірбаянын Кәкітайдың өзі жазып, тұңғыш кітап үш жылда жарық көреді. Осылайша, ол «таза көңілді» ардақ тұтқан ағасының алдындағы інілік, ал Тұрағұл перзенттік парыздарын орындаған еді. Кітап М.Әуезов шы­ғара­тын бірінші толық жинаққа дейін сол күйінде өзгеріссіз басылып келді.

«Қазақтың өзіне тән тіршілігі»

Абай Құнанбайұлының асыл мұрасына деген терең сүйіспеншіліктің жарқын айғағы – ұлы даланың тағы бір ұлы перзенті Мұхтар Әуезовтің жасампаз шығармалары екені кәміл. Хакімнің бірегей биографы ұлы Абай­дың өмірбаянын төрт мәрте (1933, 1940, 1945, 1950) жазады. Ақын шығар­маларының бірінші толық жинағы да, жаңа айтқанымыздай, 1933 жылы Мұхтар Омарханұлының басшылығымен жарық көреді. «...Қазақ әдебиетіне Абай кіргізген жаңалық көп, – деп атап көрсетеді ғалым. – Абай – қазақтағы суретті, сұлу сөздің атасы; терең сырлы, кең мағыналы кестелі өлеңнің атасы» (сонда, «Абай Құнанбаев» монография­сы). Ұлы ақыннан алты жасында бата алған Мұхтар асыл мұраны құлай сүйіп, оның ой-арманына, ұстаз аманатындай, аса сергек қарайды.

Соған орай, ғұламаның «Абай жолы» романы және «Абай Құнанбаев» монографиясының «ізімен» ХІХ ғасырға сапар шеккен оқырман ақынның өрнегі көркем сөзі мен өресі биік ойының Әуезов әлемімен рухани үндестік тауы­п жатқанына тәнті болады. Абайдың кестелі сөздері және өрісті ойларымен жазушы төл шығармаларының шырайын түрлеп, мән-мағынасын байытады. Ол асыл мұраға ел-жұртын өркениетке бастар шамшырақ ретінде ден қояды. Сөйтіп, алтын тамырлы «бәйтеректің» әдебиет «бақшасында» мәуелеп, бұтақ жаюына кәнігі бағбандай жанашыр болады. Туған елінің тыныс-тіршілігін мақтаныш сезімімен суреттегенінде, мұның кейін «өткенді асыра дәріптейді» деген айыптауларға себеп болатынын да ойлап жатпайды.

М.Әуезов жауһар шығармалары арқылы оқырманды ұлы ақын мен ұлт дәстүріне деген сүйіспеншілік шуа­ғына орап, алты Алашты жасампаз өнердің сәулесімен нұрландырады. Ол тіпті, «қызыл» диктатураның қырағы бақылауында отырып-ақ өмірлік бас­ты миссиясы – хакім Абай мен туған қазағын әлемге таныстыру мен таныту жолында перзенттік парызына әрқашан адал. Суреткер «дүрегей» саясатқа да қарамастан, теңіздің түбінен маржан сүзгендей, жанкешті жұмыс жасайды. Ал егер «Абай жолында» да, «Абай Құнанбаев» зерттеуінде де тап күресінің «көлеңкесі» көз байласа, бұл баға жетпес қазынаның «сыртын танып, сырын көрмеген» пұшайманның халі.

Абай шығармашылығына қайта оралсақ, қазақтың жазба әдебиетінің қарлығаштары: «Жаз» (1886) және бұдан сәл ертерек жазылған «Қансонарда» (1882–1883) өлеңдерінде ұлттық тұрмыс-салттың жарқын суреті мөлдірей келіп, тұнады. Айталық, соңғысы – «Қан­сонарда» өлеңі аңшылықтың қызығымен еліктіріп әкетеді: «Жақсы ат пен тату жолдас – бір ғанибет, Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға». Әсіресе «түлкінің қайтқан ізі салаң етіп жолыққанда» томағасы сыпырылған қыран құс «олжаны» көріп самғаса, делебең қалай қозбайды!

Халық ауыз әдебиетінің бастау бұла­ғынан сусындаған сөз зергері Абайдың сөзбен салған «жанды» суреті барған сайын баурайды: «Төмен ұшсам, түлкі өрлеп құтылар деп, Қандыкөз қайқаң қағып шықса аспанға, Кере тұра қалады қашқан түлкі, Құтылмасын білген соң құр қашқанға. Аузын ашып, қоқақтап, тісін қайрап, О да талас қылады шыбын жанға...». Бұдан соң, оқырман да «шабар жерін қарамай жығылғанға» атына «қамшы» басады. Нағыз қызық енді бас­талады: «Қырық пышақпен қыржаңдап тұрған түлкі, О дағы осал жау емес қыран паңға. Сегіз найза қолында, көз аудармай, Батыр да аял қылмайды ертең таңға. Қанат, құйрық суылдап, ысқырады, Көктен қыран сорғалап құйылғанда. Жарқ-жұрқ етіп екеуі айқасады, жеке батыр шыққандай қан майданға...».

«Қансонарда» өлеңінде, – дейді Мұхтар Омарханұлы, – орыс халқының өмірінен, не орыстың классик поэзия­сынан тұпа-тура ауысып келіп, араласып тұрған еш белгі, дерек жоқ. Мұндағы көретініміз, қазақ халқы мекен еткен қысы туралы, табиғат, бүркіт салуға салт атқа мініп шыққан анық қазақтың аңшылар тобы. Ермек үшін еңбек еткен ширақ, сергек, қажырлы әрекет үстіндегі адамдар. Көпшілік елдерде, бұл замандарда қолданбайтын бүркіт аңшылығы суреттелген. Осы адам тобының мінездері, аңшылықтағы тәсіл-тәжірибелері, әр алуа­н динамикалық кесек әрекеттері, толып жатқан машық-мерзімі тұтас қазақ­тың өзіне тән тіршілігі боп шығады».

Бұдан әрі Әуезов өз ойын былай сабақтайды: «Табиғатты, түлкі мен бүркітті түгел қосып, бір бейне етіп, ақ етті сұлудың динамикалық әрекетіне ұқсатуда көп ассоциация туғызатын терең де кең метафора танылады: «Қар – аппақ, бүркіт – қара, түлкі – қызыл, Ұқсайды хасса сұлу шомылғанға... Аппақ ет, қып-қызыл бет, жап-жалаңаш, Қара шаш қызыл жүзді жасырғанда...». Мұндай «көкіректе еш жамандық ниет жоқ, ешкімге зиян­сыз, жалғанның бір қызық ісін», өзге емес, «құс салып, дәм татқан» аңшы ғана ұқса керек. Сол секілді суреттеуде әлі ешкім жете алмаған аттың сыны (1886) мен өлең сөзге қояр талабы да (1887) ақынның осы жылдардағы еншісі болатын.

Абай суреттеген аруды жазушы өз романында айнадан көріп отырғандай бейнелейді: «Көз алдында Тоғжанның аппақ жұмыр білегі жас баланың етіндей! Ақ торғындай мойны!.. Таң осы да... өзі ғой! ...Ақ етің аппақ екен атқан таңдай!», «Абай дәл байқады ма, жоқ па? Бірақ шыға берген Тоғжанның аппақ жүзі қайтадан тағы бір рет, соңғы рет қою қызғылтпен ду ете түскендей көрінді. Және сонымен қатар жымия күлген ерні аппақ маржандай тістерін айқын көрсеткендей болды». Сөйтіп, осы үйге Тоғжан бірнеше рет келіп кетеді: «аппақ жүзді, қырлы мұрын, қара көз қыздың жіп-жіңішке қасы да айдай боп қиылып тұр. Қарлығаш қанатының ұшындай үп-үшкір боп, самайға қарай тартылған қас жүрекке шабар жендеттің жебесіндей» («Абай жолы», «Жазушы», 2002, 1- кітап).

Киіз үйдің толық жабылмаған сықырлауығынан «сығалаған» оқырманға ақынның ғашығы елестеп, жүрегін лүпіл қаққызады: «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы, Аласы аз қара көзі нұр жайнайды. Жіңішке қара қасы сызып қойған, Бір жаңа ұқсатамын туған айды... Маңдайдан тура түскен қырлы мұрын, Ақша жүз алқызыл бет тіл байлайды. Аузын ашса, көрінер кірсіз тісі, Сықылды қолмен тізген іш қайнайды. Сөйлесе, сөзі әдепті әм мағыналы, Күлкісі бейне бұлбұл құс сайрайды. Жұп-жұмыр, ақ торғындай мойны бар, Үлбіреген тамағын күн шалмайды... Сорақы ұзын да емес, қысқа да емес, Нәзік бел тал шыбықтай бұраңдайды. Етіндей жас баланың білегі бар, Әжімсіз ақ саусағы іске ыңғайлы. Қолаң қара шашы бар жібек талды, Торғындай толқын ұрып, көз таңдайды».

Болат Жүнісбеков,

жазушы

Соңғы жаңалықтар

Міндетті таңбалауға тағы бір өнім қосылды

Экономика • Бүгін, 09:23

ӘКК кәсіпкерлерге қорған бола алмай тұр...

ЖОЛДАУ • Бүгін, 09:20

Көлік нарығы көңіл көншіте ме?

Сараптама • Бүгін, 09:18

Саламатты қоғам құрудың түп негізі

Денсаулық • Бүгін, 09:15

Ауылға қамқор азамат

Еңбек • Бүгін, 09:12

Білікті жандарға ел риза

Қоғам • Бүгін, 09:10

Су қауіпсіздігі өзара сенімге тәуелді

Мәселе • Бүгін, 09:08

Алғаш рет жүрек алмастырды

Медицина • Бүгін, 09:05

Халықаралық рейтингте мәртебеміз айқындалды

Экономика • Бүгін, 09:00

Жастарды жасқаған баспана

Пікір • Бүгін, 08:55

Құмарпаз болма әрнеге...

Қоғам • Бүгін, 08:50

Дархан Ахмед-Заки: Президент реформасы жоғары білімге тың серпін береді

Сұхбат • Бүгін, 08:45

Микология майталманы

Тұлға • Бүгін, 08:40

Дәрігерлерге алғыс айтамын

Қоғам • Бүгін, 08:38

Ізденіс өндірісті қуаттандырады

Инфографика • Бүгін, 08:35

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:42
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Желтоқсан 2025 09:54
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

25 жастағы испаниялық қыздың эвтаназия таңдауы қызу талқыланып жатыр

28 Наурыз 2026 09:48see115

Денсаулықты сақтаудың төрт қарапайым әдеті

28 Наурыз 2026 20:53see112

Қазақстандықтар ауруханадағы туысының жағдайын онлайн бақылай алады пилоттық жоба іске қосылады

28 Наурыз 2026 14:20see112

Тауар айналымын талдаудың цифрлық құралы таныстырылды

28 Наурыз 2026 09:23see112

Семсерлесуден Астанадағы әлем кубогына 46 елден 500 ге жуық спортшы қатысып жатыр

28 Наурыз 2026 20:55see109

Астанада Ресей оқу орындарының көрмесі өтіп жатыр

28 Наурыз 2026 13:27see109

Дала жұмыстарына дайындық қалай?

28 Наурыз 2026 09:31see108

Шығыс Қазақстан облысында жолдағы бала өлімі үшін жол құрылыс ұйымының бас инженері сотталды

29 Наурыз 2026 11:06see108

Әйелімді шәкіртіме үйлендірдім: заңға қайшы пікір айтқан сопыға айыппұл салынды

29 Наурыз 2026 12:16see107

Жаңбыр жауып, жел екпіні күшейеді : 30 наурызға ауа райы болжамы

29 Наурыз 2026 18:05see107

Непалдың бұрынғы премьер министрі наразылықтарды аяусыз басып жаншыды деген айыппен қамауға алынды

28 Наурыз 2026 11:41see107

Ливанда Израиль соққысынан үш журналист қаза тапты

29 Наурыз 2026 02:59see106

Қазақ балуаны Ризабек Айтмұхан Ташкенттегі турнирде жеңіске жетті

28 Наурыз 2026 15:51see106

Полиция құлаған тағы бір дрон туралы хабарламаға пікір білдірді

29 Наурыз 2026 15:37see106

Украинадағы жағдайды реттеу бойынша АҚШ ұсыныстары жүзеге аспай жатыр Ушаков

29 Наурыз 2026 19:16see106

Қостанайда жасалған қуатты комбайн

28 Наурыз 2026 09:24see105

Қорғаныс министрлігі курсанттары бағдарлама жасақтау олимпиадасында көш бастады

28 Наурыз 2026 15:20see105

Күштеп сүймек болған : Алматыда ер адам автобустың ішінде бейәдеп қылық көрсеткен (ВИДЕО)

28 Наурыз 2026 18:01see105

Ресейде қазақстандықтар қатысқан жаппай төбелес жайлы жаңа деректер шықты

28 Наурыз 2026 15:37see104

Дағыстан астанасында төтенше жағдай жарияланды

29 Наурыз 2026 05:18see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары