Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Ұстаздар династиясы ұрпаққа ұлағат

Ұстаздар династиясы ұрпаққа ұлағат

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Қазақта «Ұстаздық – ұлы жол» деген ұғым бар. Шәкірт жүрегіне нұр құйып, білім мен тәрбиені өмірінің басты мұратына айналдырған әулеттер тарихта көп кездеспейді. Солардың бірі – Жетісу өңірінде тамыры тереңге жайылған Ахметовтер әулеті. Бұл әулеттің әр мүшесі ұстаздық жолды өмірлік миссия деп біліп, саналы ғұмырын жас ұрпақты тәрбиелеуге арнаған.

Әулеттің ұстаздық ше­жіресі әке мен ананың өнегесінен бастау алады. Ахметовтер әулетінің келіні Раушан Емберген 1975 жылы Қаратал ауданы Көпбірлік ауылындағы А.Байтұрсынұлы атындағы орта мектепте алғашқы сабағын беріп, кейін Байшегір ауылындағы Абай атындағы мек­тепте 50 жылға жуық бас­тауыш сынып мұғалімі болып ең­бек еткен. Оның мейірімі мен ұстаздық шеберлігі талай жанға шабыт берді. Зейнетке шықса да ізгілікті ісі шәкірттерінің жүрегінен өшкен емес. Бүгінде сол сара жолмен қызы Бибігүл Ахметова жүріп келеді. Ол 2005 жылы Талдықорған қаласындағы №4 мектепте мұғалім болып еңбек жолын бастап, бүгінде Жетісу облыстық әдістемелік орталығында мектепке дейінгі және бастауыш білім беру бөлімін басқарып отыр. Оның кәсібіне деген адалдығы – әулет тарихының жалғасты бір парағы.

«Ұстаздық жолды таңдау мен үшін кездейсоқ шешім болған жоқ. Әке-шешеміздің өмірі бізге бағыт-бағдар болды. Бала күнімізден олардың шәкіртке деген мейірімін, білімге деген құрметін көріп өстік. Сондықтан бұл мамандық – тек кәсіп емес, біздің әулет үшін қасиетті мұрат. Әр буын келесі буынға осы сенімді аманат етіп тапсырып отыр. Бұл дәстүрді жалғастыру – біздің парызымыз», дейді Б.Ахметова.

Ахметовтер әулетінде ұстаз­дық бір ғана буынмен шектел­мейді. Немересі Назерке Рысбек­қызы да 2018 жылдан бастап Талдықорған қаласындағы №17 мектепте педагог-дефектолог бо­лып қызмет етеді. Бұл – бүгін­гі қоғам үшін аса қажетті маман­дық. Оның күйеуі Азат Бейсен­беков – дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Жас ұрпақты саламатты өмір салтына баулып жүр.

Суретті түсірген – Жұмабай Мұсабек

Тағы бір немересі Ерасыл мен келіні Айкүміс Қаратал ауданы  Байшегір ауылындағы Абай атындағы орта мектебінде жұмыс істейді. Жас отбасы балаларға сапалы білім мен тағылымды тәрбие беру жолында күш бірік­тірген. Оған қоса, әпкелері Бақыт­бала мен Жанаркүл де ұстаз­дықты серік еткен жандар. Бірі – балабақша тәрбиешісі, бірі – бас­тауыш сынып мұғалімі. Олардың балаларға деген ыстық ықыласы мен еңбекқорлығы әріптестері мен ата-аналар тарапынан жоғары бағаланған.

«Мен үшін ұстаз болу – ата-анамның жолын жалғау ғана емес, болашаққа сенім сыйлау. Баламен жұмыс істеу – үлкен жауапкершілік. Әрбір шәкірттің жүрегіне жылу сыйлап, оның бола­шаққа қадам басуына көмек­тесу – ең үлкен қуаныш. Әулеті­міздің ұстаздық дәстүрін жалғас­тырып отырғаныма мақтанамын», дейді Назерке Рысбекқызы.

Әулеттің нағашылары да –  Омаровтар әулеті де үлкен педагогтер династиясы. Төлеуқасен Омаров пен жары Күләш Естеу­қызы – өмірін білім саласына арнаған тұлғалар. Олар Қа­ра­талдағы  Балқаш мектебінде математика мен физикадан сабақ берген. Төлеуқасен Омарұлы директорлыққа дейін көтеріліп, «Қазақ КСР халық ағарту ісінің озық қызметкері» атанды. Еңбек жолында көптеген марапатқа ие болып, ұлағатты ұстаз атанды.

«Олардың шаңырағы тек білім ошағы ғана емес, қазақ зиялыларының бас қосар ордасына айналды. Жазушы Кемел Тоқаев пен театр тарланы Қанабек Байсейітов сынды тұлғалар да сол шаңы­рақта қонақ болған екен. Оны жиені Б.Ахметова былайша еске алады:

«1972 жылы қыс мезгілінде нағашымның үйіне жазушы Кемел Тоқаев пен Бек Тоғысбаев келеді. Қонақтардың  қасында Қанабек Байсейітов ағамыз да бар.  Бір қызығы, ол кезде барлығы  «Жұлдыз» журналын үзбей оқитын, ал журналда  қазақ ақын-жазушыларының жаңа шығар­­­­ма­лары жиі жарияланып тұрады. К.Тоқаевтың шытырман оқиғалы «Түнде атылған оқ» повесін бір деммен оқып шықтық. Сол жылы тағы «Сарғабанда болған оқиға» повесі жарияланды. Сол кезде ауыл жастары жазушымен тілдесіп, қолтаңбамен кітаптарын алып, ерекше қуанды. Кемел Тоқаевтың жүзі жылы, жай­­саң болғанын, балалардың басы­нан  сипап қоштасқанын наға­­шымның жұбайы жиі айтып отыратын».

Ахметовтер мен Омаровтар әулетін қосқанда бүгінде 35 педагог еңбек етіп жүр. Оның ішін­де 10 бастауыш сынып мұға­лімі бар. Олар тек сабақ беріп қана қоймай, шәкірттерін шығарма­шы­лыққа жетелейді. Бұл әулет үшін ұс­таз­­дық – жай ғана кәсіп емес, өмір­лік мұрат. Олар білім­мен бірге адамгершілікті, еңбек­қор­лықты да шәкірт жүре­­гіне сіңіру­­­­ді парыз санайды. Ахметовтер әулеті – нағыз ұстаз­­дық династия, ұрпақтан-ұрпаққа білім шуағын шашып келе жатқан абыройлы әулет.

Жетісу облысы

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:210
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қазан 2025 08:15
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see140

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see138

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see136

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see136

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see136

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see135

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see134

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see134

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see132

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see131

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see128

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see128

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see121

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see121

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see118

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see116

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see114

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары