Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Астанада отандық өндірушілердің ULTTYQ ÓNIM 2026 атты ірі көрмесі ашылды

Астанада отандық өндірушілердің ULTTYQ ÓNIM 2026 атты ірі көрмесі ашылды

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

gov.kz

EXPO халықаралық көрме орталығында қазақстандық өндірушілердің IX «Ulttyq ónim – 2026» жыл сайынғы көрмесі басталды. Биылғы көрме осы уақытқа дейін өткізілген көрмелердің ең ауқымдысы.

Көрме алаңында Қазақстанның барлық өңірінен келген 600 тауар өндіруші өз өнімін ұсынды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен екі есе дерлік артық.

Салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысты.

Көрменің ашылуында Серік Жұманғарин Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің үндеуін оқыды.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев экономиканың өсуіне тың серпін беріп отырған шағын және орта бизнесті дамытуға әрдайым ерекше көңіл бөліп келеді. Мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті қолдау мен оған қолайлы жағдай жасауға, іскерлік белсенділікті кеңейтуге және еліміздің экономикалық әлеуетін нығайтуға бағытталған кешенді шаралар дәйекті түрде жүзеге асырылуда», — делінген үндеуде.

Кәсіпкерлікті одан әрі дамыту перспективалары атап өтілді. 

«Жаңа Конституцияда халықтың әл-ауқатын арттыру, жауапты әрі жасампаз патриотизм идеясын ілгерілету мемлекет қызметінің негізгі қағидаттарының бірі ретінде айқындалған. Отандық тауар өндірушілер осы аталған қағидаттарды жүзеге асырудың жарқын үлгісі болып отыр. Кәсіпкерлік белсенділіктің тұрақты өсуін қамтамасыз ету үшін өндірістік бастамаларды, оның ішінде импортты алмастыру мен экспорттық әлеуетті арттыру, заманауи технологияларды енгізу және өңірлердің өсіп-өркендеуіне жол ашатын жаңа өндіріс орындарын барынша дамыту ісі жалғасын табады», — деп атап көрсетілген Премьер-министр сөзінің мәтінінде.

Жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік қолдау шараларының ішінде бизнестің қаржыландыруға және жеңілдетілген несиелеу құралдарына қолжетімділігін кеңейтуге ерекше назар аударылады. 2025 жылы «Даму» қоры арқылы бизнесті қолдауға 560 млрд теңгеден аса қаражат жұмсалған. Осының арқасында 13 мың ШОБ жобасы жалпы сомасы 2,2 трлн теңгеге мемлекеттік қолдау шарасымен қамтылып отыр. Жүзеге асырылған шаралар нәтижесінде 15 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашылып, өнім шығарудың 27,7 трлн теңгеге және салық түсімінің 2 трлн теңгеге жуық өсуін қамтамасыз етті.

Экономиканың нақты секторын дамытудың негізгі тетігінің бірі «Инвестицияға тапсырыс» бағдарламасы деп аталады. Оның негізгі міндеті – импортқа тәуелділігі жоғары салалардағы жобаларды қолдау және ішкі нарық пен экспортқа бағдарланған жаңа өндірістер құру.

Бағдарламаны жүзеге асыруда «Бәйтерек» холдингінің институттары мен «Даму» қорына басты рөл берілген. Мемлекеттік қолдауға қол жеткізуді арттыру үшін кепілдік беру құралдары кеңейтіліп, түсінікті және ұзақмерзімді жағдайда қолдаудың нарықтық тетіктері күшейтілді. Сондай-ақ шағын қалалар мен ауылдарда «Іскер аймақ» атты шағын және шағын бизнесті кешенді қолдау бағдарламасы іске қосылды.

Бұдан бөлек, «Даму» қорының өңірлік филиалдары базасында «Бәйтерек» холдингінің барлық қолдау бағдарламалары бойынша бірыңғай фронт-офистер құрылды. Ал шалғай аудандар үшін мобильді фронт-офистер іске қосылады.

Қиындыққа тап болған кәсіпкерлерді сүйемелдеуге ерекше назар аударылады. Осыған байланысты «Даму» қоры жанынан «оңалту орталықтары» құрылуда. Онда бизнес тұрақтылығын қалпына келтіру үшін қаржылық, консультациялық және ұйымдастырушылық қолдау ала алады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан вице-премьер отандық кәсіпкерлерге елдің экономикалық әлеуеті мен беделін нығайтуға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.

Серік Жұманғарин көрмені аралап көріп, еліміздің түрлі өңірінен келген бірқатар кәсіпорынның қызметімен танысты.

Павлодарлық «Феникс» жиһаз фабрикасы әлеуметтік және коммерциялық нысандарға арналған мектеп жиһазын, кеңсе креслосы мен орындық шығарады. Мемлекеттік қолдаудың арқасында кәсіпорын жаңа жабдықтар сатып алып, өндірістік қуатын кеңейткен. Қызметкерлер қатары 15-тен 60 адамға дейін көбейген. Бүгінде зауыт жылына 60 мыңға дейін орындық, 40 мыңға жуық мектеп жиһазы мен 7 мың кеңсе креслосын шығарады. Кәсіпорын өнімі бүкіл ел бойынша білім беру мекемелеріне жеткізіледі.

Сондай-ақ вице-премьер Қазақстанда өсімдік негізіндегі экологиялық таза тұрмыстық химия өндірушісі – Қарағанды облысынан шыққан «WEC TRADE» ЖШС өнімдерімен танысты. 2016 жылы автохимия шығарудан бастап, бүгінде WEC бренді тұрақты даму және экологиялық жауапкершілік қағидаттарына сәйкес келетін адам мен қоршаған ортаға қауіпсіз өнімдер шығарады.

Вице-премьер сыртқы инженерлік желілерге арналған жабдықтардың жетекші қазақстандық өндірушісі – TAZAU тазарту құрылыстары зауытының қызметіне ерекше назар аударды. Кәсіпорын он жылдан астам жұмыс істеп, Қазақстан мен ТМД елдерінің аумағында жобаларды жүзеге асыруда. Сарқынды суларды тазарту саласында шешімдер жасайды.

«Ulttyq ónim – 2026» көрмесі ЭКСПО ХКО-да 24 мамырға дейін жалғасады. Осы күндер бойы ол B2B-кездесулер, панельдік сессиялар, шеберлік сыныптары мен қазақстандық бизнестің жетістіктерін көрсету үшін тиімді алаңға айналады.

Бүгін, 14:41

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:112
embedДереккөз:https://azh.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Мамыр 2026 18:38
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see141

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see139

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see138

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see138

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see137

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see136

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see135

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see130

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see129

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see127

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see127

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see126

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see125

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see124

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see122

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see118

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары