Астанада құрылыс нысанының менеджері 13 миллион теңге жымқырған
Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Астана қаласы Нұра ауданы полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында құрылыс нысанынан ірі көлемде құрылыс материалдарын ұрлаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Тергеу барысында күдіктінің құрылыс компаниясында менеджер болып жұмыс істегені анықталды. Ол қызметтік міндетін атқара отырып, нысан аумағына кедергісіз кіру мүмкіндігін пайдаланған.
Күдікті бірнеше мәрте ұзындығы шамамен 50 метр болатын электр кабельдерін жасырын түрде алып шығарып, артынан сатып, заңсыз пайда тапқан. Келтірілген материалдық шығын көлемі шамамен 13 миллион теңге болды.
Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалы жүргізіліп жатыр. Күдіктінің осыған ұқсас тағы 5 эпизодқа қатысы бар болып шықты. Ол өз кінәсін толық мойындады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:83
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Шілде 2026 22:04 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















