Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Астанада табысты бизнесті тартып алды Қоспаевтарға қатысты жаңа сот қалай аяқталды

Астанада табысты бизнесті тартып алды Қоспаевтарға қатысты жаңа сот қалай аяқталды

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Астанада ағайынды Елдос пен Айдос Қоспаевтар тағы да сот алдына келді. Іс олардың ұйымдасқан қылмыстық тобының алкоголь бизнесін рейдерлік жолмен басып алуына байланысты қозғалды: олар кәсіпті мардымсыз сомаға өз аттарына қайта жаздырып алған. Қоспаевтар бизнесті қалай тартып алды, олардан қанша өтемақы талап етілді және сот қалай өтті – Tengrinews.kz тілшісінің материалында.

Қоспаевтардан миллиардтан аса қаражатты кім талап етті?

QazOrdaSauda компаниясының иесі Тахир Гусейнов Коспаевтар ұйымдасқан қылмыстық тобының жетекшісі Айдос пен оның бауыры Елдостың үстінен сотқа арыз түсірді. Ол Коспаевтар алкоголь бизнесін тартып алғанын мәлімдеді.

Ағайынды Қоспаевтар рейдерлік туралы қылмыстық іс бойынша ресми түрде кінәлі деп танылған соң, компания иесі бизнесті ұйымдасқан қылмыстық топ басқарған уақытта жоғалтқан қаражатын қайтаруды ұйғарды.

Ол Қоспаевтардан:

1 003 391 516 теңге – бұл фирманың 4 жыл ішіндегі (2018 жылғы ақпаннан 2022 жылғы шілдеге дейін) таза табысы. Қоспаевтар біреудің ЖШС-не иелік етіп тұрған кезде бұл қаражатты заңсыз иемденген. 100 миллион теңге – осы істі жүргізген адвокаттар шығынын өтеу ретінде талап етті. Қоспаевтар бұған дейін не үшін кінәлі деп танылды?

2025 жылдың қаңтарында ағайынды Қоспаевтар сотталған еді, оның ішінде Тахир Гусейновтың алкоголь бизнесін тартып алғаны үшін. Сол кезде олар оның пайдасына 287 миллион теңге мүліктік зиян және тағы 2 миллион теңге моральдық зиян төлеуге міндеттелген болатын.

"Бұл эпизод бойынша жәбірленуші ретінде Т. И. Гусейнов танылды, оның пайдасына қылмыстық іс бойынша сот шешімімен залал сомасы толық көлемде өндірілді. Сот талап қоюшыға азаматтық іс жүргізу тәртібімен талап арыз түсіру құқығын түсіндірді", – делінген іс материалдарында.

Нәтижесінде Гусейнов сотқа азаматтық талап арыз түсіріп, өзіне тиесілі "жоғалтқан" қаражатын да өндіріп беруді талап етті.

Неге қорғау тарабы талап арызды мойындаудан бас тартты?

Елдос Қоспаевтың адвокаты тағылған айыптарды жоққа шығарып, істі тоқтатуды талап етті. Қорғаушы тарап талап арыз басқа соттың құзыретінде екенін, ал "QazOrdaSauda" компаниясы қылмыстық іс бойынша ресми түрде жәбірленуші деп танылмағанын мәлімдеді.

Қорғау тарабының нұсқасы бойынша, бизнесті басып алудан келген нақты залал 287 миллион теңге (бұл компания мүлкінің құны) болды, сондықтан олардан миллиард талап ету заңсыз.

"Сот үкімімен жауапкерлер талап қоюшының таза табысының аталған сомасын жымқырғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған, бұл айып жауапкерлерге сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезеңінде де, сот тергеуі сатысында да тағылмаған. Рейдерлік және ЖШС-ны иелену эпизоды бойынша 287 042 199 теңге мөлшерінде залал анықталды", – ағайынды Қоспаевтардың қорғаушылары осындай ұстанымда болды.

Қалай компания 250 мың теңгеге қайта тіркелді?

Кәсіпкер Сергей Девальдтан (ол фирмаға заң жүзінде, ал Тахир Гусейнов іс жүзінде иелік еткен) QazOrdaSauda компаниясын үш кезең бойынша толығымен тартып алды.

Бұл қалай болды? 2018 жылдың наурызында Елдос Қоспаев Астанада "өз тобының алкоголь өнімдері нарығындағы ықпалын кеңейтуді" ұйғарған. Ол үшін "QazOrdaSauda" ЖШС-ін рейдерлік жолмен басып алуды ұйымдастырған – іс материалдарында осылай делінген.

2018 жылдың маусымы. Девальдтан компанияның алғашқы 33 пайызы тартып алынады. Бұл бар-жоғы 82 500 теңгеге сату ретінде рәсімделеді.

"Шарасыз күйде қалған Тахир Гусейнов өз еркіне қарсы Девальдқа нұсқау беруге мәжбүр болған, ол 18.06.2018 жылы Айдос Қоспаевтың сенімді тұлғасымен QazOrdaSauda ЖШС жарғылық капиталындағы 33 пайыз үлесті сатып алу-сату шартын жасаған", – делінген құжаттарда.

Осыдан кейін Қоспаев аталған үлестен түскен пайданы Алматыдағы өзіне қарасты компания арқылы сыртқа шығара бастады.

2020 жылдың шілдесі. Талғат Гусейнов қорқыту салдарынан QazOrdaSauda компаниясындағы тағы 27 пайыз үлесін беруге мәжбүр болды. Ресми түрде мәміле Айдос Коспаевтың сенімді адамына 67 500 теңгеге рәсімделді.

"Қоспаев таза пайданың 60 пайызына тең табысты алуды жалғастырған. Ол қаражатты қолма-қол алып, Алматыға әрі қарай заңдастыру үшін, соның ішінде бұрын рейдерлік жолмен басып алынған компания арқылы заңды айналымға қосу үшін жіберіп отырған", – делінген іс материалдарында.

2021 жылғы қаңтар. Гусейновтан қалған 40 пайыз алынады. Мәселе құны – 100 000 теңге.

"Өзіне және туыстарының өмірі мен денсаулығына қауіп төнгендіктен, қысыммен Гусейнов QazOrdaSauda жарғылық капиталындағы қалған үлесін Е. А. Қоспаевтың пайдасына өтеусіз беруге мәжбүр болды. 12.01.2021 жылы Елдос Қоспаев пен Айдос Қоспаев 40 пайыздық үлесті сатып алу-сату шартын жасауды ұйымдастырды", – деп жазылған құжаттарда.

Нәтижесінде компания үшін бар болғаны 250 000 теңге "төленді".

Тергеу сараптамасы "сатып алу" бағасын компанияның сол кездегі нақты қаржылық көрсеткіштерімен салыстырды. Айырмашылықтың орасан зор болғанын болжау қиын емес:

4 жыл ішінде фирма 1 миллиард теңгеден астам таза табыс әкелді. 2021 жылдың қаңтарында үлестің соңғы 40 пайызы алынған кезде, компанияның барлық мүлкі мен балансы 287 миллион теңгеге бағаланған.

287 миллионды Қоспаевтар алдыңғы қылмыстық іс аясында Гусейновқа шығын ретінде төледі. Енді ол 1 миллиард теңге көлеміндегі жоғалтып алған пайданы сот арқылы өндіріп алмақ болды.

Сот шешімі

Айдос пен Елдос Қоспаевтар бұл сотта жеңіліп қалды. Оларға QazOrdaSauda компаниясына 1 миллиард теңге табысты қайтару, адвокаттар үшін 100 миллион теңге және бюджетке 30 миллион теңге мемлекеттік баж төлеу міндеттелді.

Қоспаевтар апелляцияға жүгінді

Сот шешімінен тура үш ай өткен соң Қоспаевтар апелляциялық тәртіппен шағым түсірді.

Алайда сот Тахир Гусейновтің пайдасына 1 миллиард теңгеден астам қаражат төлеу туралы шешімді күшінде қалдырды. Тек бір тармақ өзгертілді – адвокат шығынына арналған 100 миллион теңгені өндіріп алу алынып тасталды.

Қоспаев қылмыстық тобы қалай әрекет етті?

Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобы – Қазақстанда бизнесті рейдерлік жолмен басып алу және бопсалаумен "аты шыққан" 11 адамнан тұратын қылмыстық топ. Топты криминалдық ортада "Людоед" лақап атпен танымал Елдос Қоспаев басқарды. Оны экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың марқұм інісі Болат Назарбаевтың сенімді адамы деп те атаған.

ҰҚТ мүшелері көбінесе келесі схема бойынша әрекет еткен: жылжымайтын мүлік, сауда сияқты түрлі саладағы табысты компанияларды тауып алатын. Содан кейін қоқан-лоқы көрсету, бопсалау және қысым жасау арқылы иелерін бизнесті бөгде тұлғаларға қайта жазуға мәжбүрлейтін.

Халықаралық іздеуден 15 жыл бас бостандығынан айыруға дейін

ҰҚТ-ны жою 2022 жылы басталды. Сол кезде Қаржылық мониторинг агенттігі Елдос Қоспаев пен оның сыбайластарына халықаралық іздеу жариялады. Қоспаевтың өзі мен оның сыбайластарының бір бөлігі шетелге қашып кетті.

Видеодан алынған кадр

2023 жылдың қыркүйегінде Елдос Қоспаев пен оның қылмыстық тобының алты мүшесі Солтүстік Кипрде ұсталып, Қазақстанға депортацияланды.

Қылмыскерлерге қатысты сот екі жылға созылды. Оларға ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған қатысу, рейдерлік, бопсалау және заңсыз бас бостандығынан айыру баптары бойынша айып тағылды.

Іс аясында 9 миллион долларға, 102 пәтерге және 19 автокөлікке тыйым салынды.

Видеодан кадрлар

"Алдын ала есептеулер бойынша, жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 18 миллиард теңгеден асты. Сот санкциясымен табылған 9 миллион долларға жуық ақшалай қаражат, алтын брендтік әшекейлер, күдіктілер мен олармен үлестес тұлғалардың 154 жылжымайтын мүлік нысанына (ТК-дағы 102 пәтер, 6 жеке үй, 28 тұрғын емес жай, 11 учаске, бір сауда нысаны, екі гараж, төрт паркинг орны) тыйым салынды. 19 премиум-класты автокөлік тәркіленді", – деп хабарлады сол кезде ҚМА.

Сондай-ақ ҰҚТ басшысы арыстандар мен аюларды ұстаған шатқалды басып алған. Бұл оның "фазендасы" болған.

Видеодан кадрлар

Нәтижесінде 2025 жылғы 28 қаңтарда Елдос Қоспаев мүлкі тәркіленіп, 15 жыл бас бостандығынан айырылды.

Оның сыбайластары келесі мерзімдерге сотталды:

Айдос Қоспаев 12 жыл бас бостандығынан айырылды. Руслан Шалин 12 жыл бас бостандығынан айырылды. Ерлан Имашев 12 жыл бас бостандығынан айырылды. Дастан Әбіжанов 12 жыл бас бостандығынан айырылды. Камардин Алымов 12 жыл бас бостандығынан айырылды. Рауан Бабаев 12 жыл бас бостандығынан айырылды. Оксана Кудряшова 10 жыл бас бостандығынан айырылды. Алексей Кузнецов 12 жыл бас бостандығынан айырылды. Василий Бабушкин 9 жыл бас бостандығынан айырылды.

Олар ҰҚТ құру және оған қатысу, бизнесті рейдерлікпен басып алу, бопсалау, алаяқтық, ақшаны жылыстату, аса ірі мөлшерде мүлікті жымқыру, заңсыз кәсіпкерлік, салық төлеуден жалтару, құжаттар мен акциздік маркаларды қолдан жасау, шекараны заңсыз кесіп өту, сондай-ақ жаңа рейдерлік басып алуларға дайындалу бойынша кінәлі деп танылды. Сондай-ақ айыпталушылардың бірі зорлау қылмысы үшін сотталды.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:107
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Шілде 2026 13:58
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

18 Қыркүйек 2026 21:42see154

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see151

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see143

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see140

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see138

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see138

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see137

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see136

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see133

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see129

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see129

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see127

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see123

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see123

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see117

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see114

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see114

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see114

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see113

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары