Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

Татьяна Генелева маунтинбайктан Азия сериясында күміс жүлдегер атанды

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

Бюджетке түскен батпан

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

Астанадағы нөсерден кейін бірнеше ТК ны су басты. Бұған кім жауап беруі керек?

Астанадағы нөсерден кейін бірнеше ТК ны су басты. Бұған кім жауап беруі керек?

Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Астанада 23 шілдедегі нөсерден жолдар ғана емес, тұрғын үй кешендері де су астында қалды. Елордалық тұрғын үй кешендерінің тұрғындары редакцияға кіреберіс, паркинг және тұрғын емес жайлардың "Венеция арналарына" айналғаны түсірілген видеоларды жолдады. Ролик авторларының айтуынша, бұл жаңбыр суы. Неге бұлай болғанын Тengri Home анықтап көрді.

Поделиться

Астанадағы тұрғын ұй кешендерін су басу себебі неде?

Бұл видеолар Астананың Құдайбердіұлы, Бөлекпаев және Қобыланды батыр көшелерінде орналасқан түрлі тұрғын үй кешендерінде түсірілген. Кадрлардан су унитаздан, техникалық тесіктерден, кәріз жүйелерінен фонтан болып атқылап, паркинг, кіреберіс пен тұрғын емес жайлардың еденін тобықтан келетіндей басып қалғанын көруге болады.

"Әл-Фараби 20" тұрғын үй кешенінің тұрғыны Сандуғаш елордадағы көптеген көпқабатты үй үшін бұл үйреншікті жағдай екенін айтты.

"Бұл бүкіл Астананың проблемасы десе де болады. Нөсер кәрізі бөлек тармақ болуы тиіс. Құрылыс салушылар ақша үнемдеу үшін оны қарапайым кәріз жүйесіне қосып жіберетін сияқты. Жаңбыр құбыры кәрізбен жалғанғандықтан, нөсер жауғанда құбыр жоғарыдан асқан жылдамдықпен аққан суды құдыққа жеткізіп үлгермейді. Содан судың бәрі сыртқа шығады. Менің жағдайымда су дүкенге, жатақхананың бірінші қабатына жайылды", - дейді Сандуғаш.

Ақауды жоюды сұрап шағымданатын жер де жоқ. Тұрғын үй кешені салынғанына 16 жыл болған, құрылыс салушыны табу мүмкін емес.

"Мен барлық инстанцияны шақырдым. Маған бұл нөсер кәрізі ешкімге тиесілі емес екенін айтты. Астанада нөсер кәріздері еш жерде жұмыс істемейді, тұйықталған, қызмет көрсетілмейді және бұл желілер ешкімнің теңгеріміне берілмеген. Мысалы, біздің желілер ешкімге тиесілі болмағанына 16 жыл болды, олар істен шыққан, жұмыс істемейді, ішінің бәрі бітеліп қалған", - деп шағымданды әйел.

Tengrinews оқырманының фотосы

Бөлекпаев көшесіндегі ТК тұрғындарының бірі коммуналдық қызмет өкілдерінің ештеңе істей алмайтынын айтты. Оларда құрылыс салушының кемшіліктерін жөндейтін мердігерлер жоқ екен.

"Маған жүйені шаруашылық-тұрмыстық кәрізден нөсер жүйесіне ауыстыруды өз күштеріңізбен, өз қаражаттарыңыз есебінен жасаңыздар деді. Содан кейін оны орталық нөсер магистраліне қосыңыздар дейді. Бірақ бізде ондай қаржы жоқ. Бізге шамамен жеті-сегіз құдықты қайта жалғау керек", - деп жазды ол хабарламада.

Мәселе расында желілердің қала теңгеріміне өткізілмеуінде, деп түсіндірді Кондоминиумдарды басқару республикалық қауымдастығы басқарма төрағасы Павел Шульгин. Негізі "Тұрғын үй қатынастары туралы" заңға сәйкес, құрылыс салушы үй пайдалануға берілген сәттен бастап жарты жыл ішінде сыртқы желілерді қалалық коммуналдық қызметтер теңгеріміне өткізуге міндетті. Кәріз, су құбыры, трансформаторлық қосалқы станциядан бөлек, нөсер кәрізі де осы желілерге жатады.

"Қалалық активтер басқармасы бар, құрылыс салушы сыртқы желілерді соған сыйға тарту шартымен өткізеді. Бұл - нөсер кәрізі мен сырттағы құдықтар. Құрылыс салушы оларды үлескерлер ақшасына салып, құбыр жүргізді, бірақ түрлі себеппен қалаға өткізбейді. Не дұрыс жасалмаған, не бұл іспен айналысатын адам жоқ. Дегенмен ол мұны істеуге міндетті. Бұл МИБ үшін нені білдіреді? Апат болғанда, мысалы, нөсер кәрізі толып кетсе немесе кәріз бітелсе, "Қалалықсуарнасы" бұл желіні теңгеріміне алмағанын айтып, онымен айналысудан бас тартады. Компания желілерді қалаға өткізбейінше, олар сол компанияның меншігі болып саналады. Бірақ көбіне құрылыс компаниясы жабылып немесе жоқ болып кетуі мүмкін. Иесіз желілер осылай пайда болады", - деп түсіндірді Павел Шульгин.

Үйді жаңбыр суы басты: тұрғындар не істеуі керек?

Адвокат Абзал Қасымжанов ең алдымен су басу себебін анықтауға кеңес береді. Егер мәселе расында құрылыстағы ақауда болса, мысалы, нөсер кәрізінің тұрмыстық су бұру жүйесіне заңсыз қосылуы немесе басқа да олқылықтар болса, тұрғындар құрылыс салушыға жазбаша шағым түсіруі тиіс.

"Бірақ тек шағым түсіру жеткіліксіз. Құрылыс салушы өкілдерінің, МИБ-тің (немесе басқарушы компанияның), қажет болған жағдайда құрылыс және су бұру саласындағы мамандардың қатысуымен комиссиялық тексеріс ұйымдастырған жөн. Апат себебін осы техникалық қорытынды анықтауы тиіс", - деп түсіндірді адвокат.

Егер су басу құрылыс кезінде жіберілген заңбұзушылықтардан болғаны расталса, құрылыс салушы анықталған кемшіліктерді жоюға және келтірілген шығынды өтеуге міндетті. Мұны ерікті түрде орындаудан бас тартқан жағдайда тұрғындар сотқа жүгінуге құқылы.

Ал құрылыс салушы берген кепілдік мерзімі өтіп кетсе не істеу керек?

"Кепілдік мерзімінің аяқталуы құрылыс салушыны жауапкершіліктен автоматты түрде босатуды білдірмейді. Егер су басу себебі маңызды жасырын құрылыс ақауы немесе міндетті құрылыс нормаларын өрескел бұзу болғаны дәлелденсе, жауапкершілік мәселесі кепілдік мерзімінің аяқталуына қарамастан сотта қаралуы мүмкін", - деді Абзал Қасымжанов.

Дегенмен уақыт өте келе құрылыс компаниясының жасырын ақауға қатысты кінәсін дәлелдеу айтарлықтай қиындай түсетінін ескеру қажет. Өткен жылдар ішінде инженерлік желілердің жай-күйіне оларды пайдалану барысы, тиісті қызмет көрсетудің болмауы, реконструкциялау немесе үшінші тұлғалардың әрекеті әсер етуі мүмкін. Сондықтан мұндай дауларда сот-құрылыс техникалық сараптамасы шешуші рөл атқарады.


"Егер су басу құрылыс ақауымен емес, үй пайдалануға берілгеннен кейін инженерлік желілердің тиісті деңгейде күтілмеуімен байланысты болса, жауапкершілік құрылыс салушыға емес, тиісті коммуникациялардың пайдаланылуын қамтамасыз етуге міндетті ұйымға жүктелуі мүмкін", - деді спикер.

Оның пікірінше, желілердің иесіз екені туралы мәлімдеме жауапты тұлға жоқтығын білдірмейді. Олардың кімге тиесілі екенін және оларды күтіп ұстауға кім міндетті екенін анықтау қажет. Ол үшін тұрғындар әкімдікке, сәулет органдарына, тұрғын үй инспекциясына, сондай-ақ коммуналдық желілерді пайдаланатын ұйымдарға сұрау салумен жүгіне алады.

"Егер инженерлік желілер расында ешбір ұйым теңгеріміне берілмегені анықталса, бұл мүлікті рәсімдеуде мәселе бар екенін көрсетеді, бірақ мемлекеттік органдарды жағдайды реттеу бойынша шаралар қабылдау міндетінен босатпайды. Әкімдік тексеру ұйымдастыруға, теңгерім ұстаушыны анықтауға немесе иесіз мүлікке қатысты заңнамада көзделген шараларды қабылдауға құқылы. Сондықтан қымбатқа түсетін жұмыстарды өз қаражаты есебінен орындамас бұрын, тұрғындарға тиісті инфрақұрылымды күтіп ұстауға жауапты тұлғаның ресми анықталуына қол жеткізген жөн", - деп кеңес берді адвокат.

Сонымен, су ағыны мүлікті бүлдірсе, пәтер немесе коммерциялық үй-жай иелеріне келтірілген шығынды кім өтеуі тиіс? Абзал Қасымжанов нақтылап өтті:

Егер құрылыс-техникалық сараптамасы құрылыстағы олқылықтар себеп болғанын анықтаса, жауапкершілік құрылыс салушыға жүктелуі мүмкін. Егер су басу инженерлік желілерді тиісті деңгейде күтпеу салдарынан болса, оларды пайдалануға міндетті ұйым жауапты болуы мүмкін. Егер себеп көппәтерлі тұрғын үйдің ортақ мүлкін күтіп ұстау бойынша міндеттерді тиісінше орындамау болса, басқарушы ұйым немесе МИБ өз міндеттері шеңберінде жауапты болуы мүмкін.

Барлық жағдайда пәтер иелері су басу зардабын тіркеуі тиіс: фото және видеоға түсіру, МИБ немесе басқарушы компания өкілдерінің қатысуымен акт жасау, зақымдалған мүлікті сақтау, сондай-ақ келтірілген шығынға тәуелсіз бағалау жүргізу қажет. Осы құжаттар кейін залалды өтеу туралы талап қою кезінде негізгі дәлел болады.

"Мұндай жағдайларда кінәлі әрқашан бір адам ғана бола бермейді. Тәжірибеде жауапкершілік бірнеше тұлғаның арасында бөлінуі мүмкін. Атап айтқанда - егер олардың әрқайсысының әрекеті келтірілген залалмен себепті байланыста болса, құрылыс салушы, пайдаланушы ұйым және өзге де қатысушылар арасында бөлінеді", - деп толықтырды Абзал Қасымжанов.

Павел Шульгин қорытындылай келе, инженерлік нысандарды өткізу мәселесін бақылауда ұстау маңызды екенін атап өтті. Бұл әсіресе жаңа салынған үйлерге қатысты. Сонымен қатар бұл мәселемен кез келген басқару нысаны пайда болғанға дейін де айналысуға болады. Барлық коммуналдық компанияға e-Otinish арқылы сұрау жіберіп, құрылыс салушының қажетті сыртқы желілерді қала теңгеріміне өткізген-өткізбегенін нақтылауға болады. Егер өткізілмесе, бұл мәселені реттеу туралы өтінішпен әкімдікке жүгінуге болады. Жергілікті атқарушы орган құрылыс компаниясын сотқа беріп, оны заң талаптарын сақтауға міндеттей алады.

P.S. Редакция пікір алу үшін Астана әкімдігіне жүгінді, бірақ материал жарияланған сәтте жауап түскен жоқ.

Тағы оқыңыз:

Астанада ауа райы тосын мінез көрсетті: бүгін бүкіл қала талқылап жатқан кадрлар
Лифтке 15 жыл ақша жинау. Тұрғын үйлерді күрделі жөндеу тарифтері және қаражатты қалай жинау керек?

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

су басу Астана Жылжымайтын мүлік тұрғын үй жаңбыр

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:64
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Шілде 2026 18:32
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

07 Қыркүйек 2026 22:03see143

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

08 Қыркүйек 2026 13:48see142

Татьяна Генелева маунтинбайктан Азия сериясында күміс жүлдегер атанды

07 Қыркүйек 2026 17:52see141

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

07 Қыркүйек 2026 21:43see139

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

08 Қыркүйек 2026 16:49see139

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

08 Қыркүйек 2026 17:04see138

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

08 Қыркүйек 2026 07:22see138

Бюджетке түскен батпан

08 Қыркүйек 2026 04:59see137

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

08 Қыркүйек 2026 09:33see137

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

08 Қыркүйек 2026 20:43see137

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

08 Қыркүйек 2026 13:07see135

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

08 Қыркүйек 2026 16:49see135

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

08 Қыркүйек 2026 10:15see133

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

07 Қыркүйек 2026 20:34see132

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

09 Қыркүйек 2026 01:12see130

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

08 Қыркүйек 2026 21:40see125

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

08 Қыркүйек 2026 19:15see121

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

08 Қыркүйек 2026 20:05see118

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

09 Қыркүйек 2026 09:33see117

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

08 Қыркүйек 2026 23:41see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары