Астанадағы тұрғын үй кешенінің қасбетіне Таңсәрі муралы салынды
Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Елордадағы көпқабатты тұрғын үйдің қасбетіне ерекше мурал салынды. Тұран даңғылы, 58 мекенжайында орналасқан «Кең дала» тұрғын үй кешенінің ғимаратындағы ауқымды «Таңсәрі» муралының жұмысы аяқталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Мурал Астана қаласы әкімдігінің және Урбанистика орталығының бастамасымен салынды.
Қазақ мәдениетінде «таңсәрі» жаңа кезеңнің басталуын, үміт пен жаңаруды білдіреді. Көркем туынды қала сәулеті мен табиғаттың үйлесімін бейнелеп, кеңістікке жаңа көркемдік сипат беріп тұр.
Композицияның өзегіне заманауи қаланың қатаң сәулеттік келбетін ажарландыратын ашық түсті дала гүлдері алынған. Гүлдер ғимараттың қасбетімен бой түзеп, қалалық ортаға табиғи реңк мен жылулық сыйлайды.
Муралды салу жұмысына Астана және Қарағанды қалалары Урбанистика орталықтарының командалары AirG суретшілерімен бірлесіп атсалысты.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:63
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Тамыз 2026 08:57 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















