Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

“Сүріп тастау қаупі болды“. Астанадағы атышулы “Басқару 4“ тұрғын үй кешенінің халқы қалай тұрып жатыр?

“Сүріп тастау қаупі болды“. Астанадағы атышулы “Басқару 4“ тұрғын үй кешенінің халқы қалай тұрып жатыр?

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Астанадағы "Басқару-4" тұрғын үй кешенінің тұрғындары бірнеше жылдан бері пәтер құжаттарын ала алмай жүр. Үйде адамдар "брондау шарты" деп аталатын құжат негізінде тұрып жатқанына қарамастан, нысан әлі күнге дейін пайдалануға берілмеген. Бұл құжаттың заңдық күші жоқ. Салдарынан тұрғындар мұнда тіркеуге тұра алмайды, емханаға, балабақша мен мектепке де бекітіле алмай отыр.

Поделиться

Мән-жайды Тengri Нome тілшілері анықтап көрді.

Бұл репортаждың видеонұсқасын біздің Tengri TV YouTube-арнамыздан көре аласыздар:

"Басқару-4" ТҮК Қалдаяқов көшесінде, "Мыңжылдық аллеясы" ЛРТ станциясының жанында орналасқан. Оны Bascar U ЖШС салған.

Астанадағы "Басқару-4" ТҮК. Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

2026 жылдың басында бұл үйдің қаптамасы әлеуметтік желілерде мемге айналды. Желі қолданушыларына оның сырты қызық көрініп, жасанды интеллект көмегімен оны әлемге танымал өзге ғимараттарға "кигізіп" көрген болатын.

Threads әлеуметтік желісінің қолданушылары жасанды интеллект арқылы жасаған кескіндер

Ал тұрғындар үшін бұл күлкілі жағдай емес. Олар бірнеше жылдан бері баспана құжаттарын ала алмай, іс жүзінде өздеріне тиесілі емес пәтерлерде тұрып жатыр. Мұның бәріне тұрғын үй кешенінің пайдалануға берілмегені себеп.

"Сүріп тастау қаупі болды"

ТҮК белсендісі Елена бізге өз оқиғасын айтып берді.

"Пәтерді 2022 жылы сатып алдым, - деп бастады ол. - 2023 жылы үй құрылысы біткен соң, жөндеу жұмыстарын бастау үшін қолымызға кілт берілді. Құжаттарды үш айдың ішінде береміз деп уәде етті. Біз брондау шартында нысанды тапсыру мерзімі көрсетілмегеніне мән бермеппіз. Барлығы тек кілт алғанына қуанды. Қазір 2026 жылдың жазы болды, бірақ қолымызда осы шарттан бөлек ешқандай құжат жоқ".

"Басқару-4" ТҮК белсендісі Елена. Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Еленаның айтуынша, үйді әлі күнге дейін құрылыс салушының басқарушы компаниясы қарайды. Нысан пайдалануға берілмегендіктен, тұрғындар коммуналдық қызметтер үшін тікелей осы компанияға заңды тұлғаларға арналған тарифпен ақша төлеп келген.

"Ақыны әрдайым тек қолма-қол ақшамен төлеуді сұрайтын, - деп жалғастырды белсенді. - Заңды тұлғаларға арналған тариф жоғары болғандықтан, адамдар қарсылық білдіре бастады. Кейбірі төлеуді тоқтатты. Қарыз өсе берді. Кейін құрылыс салушының шоты сол кезде бұғатталғанын білдік. Ақшаның қайда кеткені белгісіз. Соңында жарық пен суға жеке тұлға ретінде төлеу үшін уақытша келісімшарттар жасатуға қол жеткіздік".

Астанадағы "Басқару-4" ТҮК. Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Еленаның сөзінше, белсенділер үйдің неге ұзақ уақыт пайдалануға берілмей жатқанын анықтаған. Себебі - үй астындағы жер телімдерінің жеке тұлғаларға тиесілі болуы. Бұрын бұл аумақта саяжайлар болған, құрылыс басталғанда олар сатып алынып, сүріліп, орнына Астананың жаңа аудандары бой көтере бастаған.

"Үйдің ортасындағы бесінші және алтыншы подъез астынан сатып алынбаған үш жер телімін "таптық", - деп түсіндірді Елена. - Тіпті үйімізді сүріп тастау қаупі де болды. Сүру туралы шешім қабылданбауы үшін бармаған жеріміз қалмады. Бұл - эконом-кластағы үй, мұнда соңғы жиған-тергенін осы пәтерлерге жұмсаған адамдар тұрады. Құрылыс салушы соңында жер телімдерін сатып алды, бірақ автотұрақтан тағы үшеуі табылды, бірінің бір бөлігі үйдің астында қалған".

Астанадағы "Басқару-4" ТҮК. Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Елена "Басқару-4" тұрғындарының тіркеуі жоқ екенін айтты. Бұдан басқа да көптеген мәселе туындайды: емханаға тіркелу, балаларды жақын маңдағы балабақша мен мектепке беру мүмкін емес.

Астанадағы "Басқару-4" ТҮК ауласы. Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Жер телімдерін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару жоспарланған

Біз жер телімдеріне қатысты жағдайды нақтылау үшін әкімдік пен құрылыс салушыға жүгіндік. Үй астындағы жер сатып алынбаса, құрылысқа қалай рұқсат берілген?

"Басқару-2, 3, 4, 5" (төрт үй) көппәтерлі тұрғын үй кешінінің құрылысына рұқсат алған кезде, ХҚКО анықтамасына сәйкес, бөгде жер пайдаланушылар болған жоқ. Ғимарат тұрғызылып, жөндеу жұмыстары үшін кілттер берілгеннен кейін, ҚР Жоғарғы соты үш жер теліміне меншік құқығын иелеріне қайтарып берді. Оған дейін бұл жерлер мемлекет пайдасына алынған болатын. Құрылыс салушы жұмыс барысында ешқандай меншік иелері туралы білген жоқ және білуі мүмкін емес еді. Бұл - нысанды пайдалануға беруге кедергі болып тұрған жалғыз себеп", - деп түсіндірді құрылыс салушы өкілі.

Астана қаласының мемлекеттік архитектуралық-құрылыс бақылау басқармасы бұл ақпаратты растады: бастапқы рұқсат құжаттарын ресімдеу кезінде жер телімдерінің иелері туралы мәлімет болмаған.

"Қазіргі уақытта құрылыс салушы тарапынан жер-құқықтық қатынастардың толық ресімделмеуіне байланысты нысанды пайдалануға беру мүмкін емес. Жағдайды реттеу үшін ведомствоаралық комиссия оларды сот тәртібімен иеліктен шығару туралы шешім қабылдады. Сот процедуралары аяқталып, жер-құқықтық қатынастар ресімделген соң және нысанды қабылдау актісіне қол қойылғаннан кейін, тұрғын үй кешені пайдалануға беріледі. Құрылыс салушы пәтер иелеріне құқық белгілейтін құжаттарды тапсырады", - деп хабарлады басқарма.

Десе де, тұрғындар жерді иеліктен шығару процесі ұзаққа созылуы мүмкін деп қауіптенеді.

Астанадағы "Басқару-4" ТҮК-тегі үй. Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

"Проблемалы құрылыс салушылардың қара тізімі керек"

Әсия - Еленаның көршісі. Әйелдер еріксіз белсендіге айналып, осы уақыт бойы ТҮК-нің жер мәселесін шешуге тырысып жүр.

Астанадағы "Басқару-4" ТҮК тұрғындары Елена мен Әсия. Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев

"Әкімдік өкілдерімен кездесу болғанда, тұрғындар тарапынан құрылыс салушының проблемалы компаниялар тізімінде бар-жоғы туралы сұрақ қойылды, - дейді Әсия. - Бізге интернеттен өздеріңіз қарап алыңыздар деп жауап берді. Ал егер құрылыс салушылар әр ТҮК үшін жаңа ЖШС ашатын болса, біз оны қалай анықтаймыз? Егер әкімдік жауап бере алмаса, біз қайдан білеміз? Проблемалы құрылыс салушылардың қара тізімі керек. ТҮК-ті немесе ЖШС-ні емес, оны салып жатқан адамның аты-жөнін көрсету қажет және ол салған ТҮК-тердің тізімі болуы тиіс. Бұл жағдайды біршама реттер ме еді". 

Астанадағы "Басқару-4" ТҮК. Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Анықтама: Түрлі өңірлердегі әкімдіктер үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсаты бар ТҮК-тердің тізімін жүргізеді. Қазақстандық тұрғын үй компаниясы сайтында да бірыңғай оператордың кепілдігін алған және алмаған салынып жатқан нысандардың тізімі жарияланады. 2026 жылғы 1 шілдеден бастап Құрылыс кодексі күшіне енгеннен кейін Қазақстанда жосықсыз құрылыс салушылардың бірыңғай тізілімі жасалуы тиіс еді, бірақ әзірге оны әзірлеу процесі жүріп жатыр.

Жалпы ТҮК сапасы туралы айтатын болсақ, бұл эконом-кластағы үй екенін ұмытпаған жөн. Сондықтан мұнда дизайнерлік холлдарды, әдемі безендірілген қабаттарды және қымбат балалар алаңы бар абаттандырылған ауланы күтудің қажеті жоқ. 

Астанадағы "Басқару-4" ТҮК-тегі кіреберіс. Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Дегенмен, өрт сөндіру жеңі бар қалқандардың жоқтығына назар аудардық. Ал қабаттардың нөмірлері мүлдем жоқ немесе қабырғаға бояумен жазыла салған.

Астанадағы "Басқару-4" ТҮК-тегі кіреберіс. Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Елена мен Әсияның айтуынша, ТҮК-де көптеген адам пәтерді жалға береді. Ал жалға алушылар ортақ мүлікке әрдайым ұқыпты қарай бермейді, сондықтан кейбір кіреберістердің жағдайы қазірдің өзінде мүшкіл. Ал үйдің салынғанына небәрі үш жыл болған. 

Астанадағы "Басқару-4" ТҮК-тегі кіреберіс. Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Бірақ өрт қауіпсіздігі мәселесіне оралсақ, кейбір тұрғындардың өздері де бұған аса алаңдамайды. Эвакуация жолдарына жеке заттарын, үстелдерін, кір жуғыш машиналарын, тіпті тоңазытқыштарын шығарып қойған.

Баспалдақтарға жеке заттарды қалдыру өрт қауіпсіздігін бұзу болып табылады. Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев 

Астанадағы "Басқару-4" ТҮК-тегі кіреберіс. Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

"Су мен жарықтың өшуі жиі байқалады"

ТҮК-ке қатысты басқа да мәселелер туралы бізге тағы бір жергілікті тұрғын - Төрежан Әліпов айтып берді. Оның айтуынша, үй пайдалануға берілмегендіктен, мүлік иелерінің бірлестігін (МИБ) құру әзірге мүмкін емес. Пәтер иелері бұл іске асқан кезде көптеген ақау анықталуы мүмкін деп қауіптенеді.

Төрежан Әліпов. Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Алжабаев

"Соңғы кездері бізде жарық жиі өшетінінен бастайық, - деп шағымданды Төрежан Әліпов. - Трансформатор қосалқы станциясында жоба бойынша оған қосылған төрт үйге есептелген қуаты бар екі трансформатор тұруы керек. Ал онда құрылыс жұмыстары үшін орнатылған қуаты аз трансформатор тұр. Бұл уақытша нұсқа сияқты. Ақмола электржелілік үлестіру компаниясы (АЭҮК) бұл трансформаторды теңгеріміне алмайды, ол құрылыс салушыға тиесілі". 

Айтпақшы, сорғылар мен лифттердің жұмысы электр энергиясына тікелей байланысты. Жарықтың іркілісі судың өшуіне әкеледі, ал лифттерде адамдар қалып қойып жатады. 

Астанадағы "Басқару-4" ТҮК ауласы. Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Сондай-ақ Төрежан Әліпов тұрғындардың сорғыларға қатысты күмәні бар екенін айтты. Оның сөзінше, олардың қуаты аз және мұндай үйлер мен пәтерлер санына есептелмеген болуы мүмкін. 

"Судың өшуі жиі байқалады, өйткені тұрғындар саны артып, қажеттілік өсіп жатыр, ал сорғылардың оған шамасы жетпейді, - дейді ол. - Бізде паркинг те болуы керек еді, бірақ ол жоқ. МИБ-ті тіркеген кезде тағы қанша проблема шығатыны белгісіз және құрылыс салушының оларды жоюына қол жеткізе аламыз ба, жоқ па, ол да беймәлім". 

Астанадағы "Басқару-4" ТҮК үйлері. Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Барлық проблема бойынша біз құрылыс салушының өкіліне сұрақтар жолдадық. Мақала жарияланған уақытта, өкінішке қарай, жауап ала алмадық. Компания тек жер учаскелеріне қатысты мәселелерге ғана түсініктеме берді.

Астанадағы "Басқару-4" ТҮК-тегі балалар алаңы. Фото: ©️ Tengrinews.kz / Нұрлан Әлжабаев

Ал тұрғындарға пәтерлерінің толыққанды иесі болатын сәтті күту ғана қалды. 

Авторлары: Иван Сухоруков, Нұрлан Алжабаев, Әлімжан Аманжол

Аударған: Дина Шәріпхан

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

тұрғын үй тұрғындар шағым Құрылыс

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:102
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Тамыз 2026 10:12
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see135

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see132

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see129

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see129

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see129

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see128

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see127

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see126

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see125

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see125

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see125

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see125

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see125

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see124

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see123

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see123

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see123

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see122

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see122

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see121
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары