Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Атырау жылу электр орталығы сөндірілген әкті тал егуге дайындаған ба?

Атырау жылу электр орталығы сөндірілген әкті тал егуге дайындаған ба?

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Әлеуметтік желіде жылу электр орталығы аумағындағы ақ түсті үйінділердің видеосы жарияланғаннан кейін кәсіпорынға шамамен 8 млн теңге айыппұл салынды. 

Алайда орталық басшылығы бұл материалды заңсыз қалдық емес, әк шөгіндісі деп түсіндіріп отыр. Олардың айтуынша, әк шөгіндісі санитарлық-қорғау аймағындағы сортаң топырақты бейтараптандыруға және болашақта ағаш отырғызуға дайындық жұмыстарына пайдаланылуда.

Атырау тұрғыны Ерлан Абиров әлеуметтік желіде Атырау жылу электр орталығы (АЖЭО) аумағына сөндірілген әк төгіліп жатқанын көрсеткен видео жариялаған. Жазбасында ол бұл әрекетті заңсыз қалдық төгу деп бағалаған. Осыдан кейін Ерлан Абиров табиғат қорғау прокуратурасына, сондай-ақ экология департаменті мен қалалық санитариялық-эпидемиологиялық қызметке (СЭС) арыз түсірген.

«Ақ Жайық» редакциясы әлеуметтік желіде видео жарияланғаннан кейін табиғат қорғау және санитарлық органдарға, сондай-ақ Атырау жылу электр орталығына ресми сауал жолдады. Тексерулердің нәтижесінде кәсіпорынға айыппұл салынып, төгілген аумақты тазарту туралы нұсқама берілді. Ал орталық басшылығы өздеріне тағылған айыптарды жоққа шығарды.

Кәсіпорын мәліметінше, бұл видеода жылу электр орталығының өндірістік алаңы, яғни су тұндырғыштары мен технологиялық шөгіндіні уақытша сақтау учаскесі көрсетілген. Учаске аумағы — 7,1705 гектар. Бұл жер телімі су тұндырғышын орналастыруға арналған делінеді. Кәсіпорынға бұл жер телімі 2021 жылы қала әкімдігі қаулысымен су тұндырғышын салу және пайдалану үшін жалға берілген. 2028 жылдың 6 наурызына дейін пайдалану құқығына ие. Су тұндырғышы құрылысы 2024 жылдың 2 ақпанында аяқталған соң пайдалануға берілген.

Сондай-ақ кәсіпорын жауабында су тұндырғышының негізгі мақсатына тоқталған. Онда су тұндырғышының станцияның технологиялық процестеріне пайдаланылатын суды қосымша тұндырып, тазарту арқылы әк шөгіндісін тиімді бөлу үшін қажеттігі айтылған. Одан бөлек, әк шөгіндісі тұндырылған соң жылу электр орталығының өндірістік аумағындағы химиялық су тазарту тұндырғыштарының маңында уақытша сақталып, оның қоршаған ортаға қаупі жоқтығы да келтірілген. Шөгінді қалдықтарды шығару және кәдеге жарату (қайта өңдеумен) «ЭКО ПромKZ» ЖШС айналысады.

Кәсіпорын мәліметінше, түзілген әктің бір бөлігі өзінің шаруашылық қызметінде санитарлық-қорғау аймағындағы сортаң жерлерді бейтараптандыру үшін пайдаланылады.

«Бұл жұмыстар топырақтың физикалық-химиялық қасиеттерін жақсартуға және кейіннен жасыл желек отырғызуға арналған аумақты дайындауға бағытталған», - деп хабарлады ЖЭО.

Оған қоса, сөндірілген әкке қатысты қалдық паспорты және 2034 жылға дейін қалдықтарды басқару бағдарламасы әзірленіп, іске асырылып жатыр деп мәлімдеген.

Алайда тексерулердің қорытындысы бойынша кәсіпорынға әкімшілік шаралар қолданылды.

Атырау қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 425-бабы бойынша Атырау жылу электр орталығына санитарлық-қорғау аймағы жобасының болмауына байланысты 1600 АЕК көлемінде айыппұл салған. Бұл — 6 млн 920 мың теңге.

Ал Атырау облыстық экология департаменті кәсіпорынды «қалдықтарды басқару жөніндегі экологиялық талаптарды бұзу» бойынша (Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 344-бабы) әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Осы бап талабы бұзылғаны туралы хаттамамен келіскеніне байланысты қысқартылған тәртіппен 1 млн 81 мың 250 теңге айыппұл салынған.

Сонымен қатар, төгілген аумақты тазарту туралы нұсқама берілген. Экология департаменті баспасөз қызметі бұл ақпаратты растап, нұсқама талабы бүгінгі күні орындалғанын хабарлады.

Бұған дейін нұсқаманың қалай орындалып жатқанын көру үшін аталған жерге қайта барған қала тұрғыны Ерлан Абиров қалдықтардың үсті топырақпен көмілеп жатқанын байқаған. Осы жөнінде ол әлеуметтік желіде тағы жазба жариялаған.

Кәсіпорын бұл жолы да түсініктеме беріп, төгілген сөндірілген әк өндірістік мақсатта, нақтырақ айтқанда, тал егуге дайындық жұмыстары аясында пайдаланылғанын мәлімдеген.

Алайда Абиров нұсқаманың толық орындалмағанын айтып, 7 мамыр күні табиғат қорғау прокуратурасына қайтадан арыз жолдағанын хабарлады.

Айнұр САПАРОВА

Бүгін, 12:11

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:163
embedДереккөз:https://azh.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Мамыр 2026 12:54
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see122

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары