Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Атырауда автобустағы төлем жүйесінде тағы бір бәсекелес пайда болды

Атырауда автобустағы төлем жүйесінде тағы бір бәсекелес пайда болды

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Бірнеше күннен бері мектеп мұғалімдері оқушылардың деректері мен суреттерін жинап әлек болып жатыр. Тіпті олардың арасында бүгінде төлем жүйесіне жауапты Smart Qala компаниясы сатылып жатыр деген ақпарат тарады. Бұл мәліметті компания басшылығы жоққа шығарды.

Avtobus қосымшасы арқылы төлем жүйесін жүргізіп отырған бұл мекеме әкімдіктің төлем жүйесін Onay бағдарламасына ауыстыруын түсінбей дал. Өйткені олар 2018 жылы қала ішіндегі жолаушы тасымалына төлем жүйесін енгізіп, қосымша және карта, кейін QR код арқылы жолақысын төлеуге мүмкіндік жасауға кіріскен. 2019 жылдан бастап күні бүгінге дейін әр бағыттың жұмысына жауапты. 2025 жылдың ақпан айында қалалық әкімдік, жолаушылар тасымалымен айналысатын компания және Smart Qala мекемесінің арасындағы келісім 2032 жылға дейін ұзартылып, үшжақты шарт жасалған. Қазіргі уақытта бұл бағдарлама ел бойынша 21 қалада жұмыс істейді.

— Бүгінде мұғалімдер мен оқушылар тарапынан көп шағым түсіп жатыр. Smart Qala жабылып жатыр деген ақпарат оларға жеткен. Және бірнеше видео келді. Оның бірінде өзін Onay қосымшасының өкілімін деп өзін таныстырған Әлімжан деген азамат «біз Smart Qala-ны сатып алып жатырмыз, ол алдағы күнде болмайды, олардың құрылғыларын жаңартамыз» деп айтқан. Мұғалімдерге «егер оқушыларды тіркемесеңдер үстіңнен арызданамыз» деген сынды хабарламалар келген. Мұғалімдерге арнайы логин, пароль беріп, оқушылардың құжатын тіркеңдер деп жатқан көрінеді. Ал ұстаздар «басқа компанияның жұмысын неге істеуіміз керек» деп қарсылық білдіруде, — дейді SmartQala директорының орынбасары Ләззат Досмағамбетова.

Қазіргі уақытта қалалық әкімдік қоғамдық көліктің жүру жоспарын бермей отыр және әкімдік тарапынан күн сайын бағдарламаның жұмыс сапасына қатысты шағым түседі. Дегенмен нақты дәлел болатын мәлімет түспеген.

Осыған дейін Smart Qala компаниясы қаланың орталығындағы мемлекеттік мекеменің ғимаратының кабинеттерін жалға алып отырған еді. Жуықта «бұл нысанға әкімдікке қарасты бөлімдер келеді» деген желеумен босатуды сұраған. Қазір компания жаңа орын іздестіру үстінде.

— Onay бізге бәсекелес мекеме ретінде жұмыс істемек. Екінші мекеме, біздің жағдайда Onay әуелі осындағы тасымалдаушы компаниямен келісуі керек. Ал олар бірінші әкімдікпен келісім жасаған. Алдағы уақытта «әкімдік тасымалдаушы компанияларды қыспаққа алмай ма?» деген сұрақ туындап отыр, — дейді SmartQala өкілі.

Компания биыл қалалық әкімдік рұқсат берсе, 50 аялдамаға медиабордты тегін қоюды жоспарлап отыр.  

Білетініміз, Атырау қаласының әкімдігі мен қоғамдық көлікте жолақы төлеудің электронды жүйесін ұсынатын Onay компаниясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған.  

Жергілікті атқарушы орган таратқан ақпаратқа сүйенсек, бүгінде бұл жүйе Алматы, Қарағанды, Теміртау, Саран, Балқаш және Өскемен қалаларында сәтті жұмыс істеп келеді. Компания тарапынан қала орталығында карта сату пункттері мен қызмет көрсету орталығын ашу жоспарланып отыр.

«Смарт Атырау» КММ басшысы Сартай Саматтың айтуынша, Onay мобильді қосымшасы арқылы ата-аналар баласының мектепке жеткен-жетпегенін бақылап отыра алады. Тұрғындар мен қала қонақтары үшін қосымша ішінде қажетті маршруттар мен жүру бағыттары көрсетіледі. Сондай-ақ платформа арқылы жолақыны алдын ала төлеу мүмкіндігі бар, бұл ретте жолақы бағасы өзгермейді.

Қосымшада автобустың бұзылып қалғаны немесе уақытша тоқтап тұрғаны туралы ақпарат көрсетіледі. Мұндай жағдайда соңғы аялдамада тұрған басқа автобус маршрут бойынша қозғалысты жалғастыра алады.

— Көзі нашар көретін жандар үшін қосымшадағы қаріп өлшемін үлкейту функциясы қарастырылған. Ал көзі мүлде көрмейтін азаматтар үшін дауыстап оқу мүмкіндігі бар. Сонымен қатар қосымша арқылы бір автобустан екінші автобусқа дейінгі арақашықтықты және көлік қозғалысының нақты уақытын көруге болады, — дейді «Смарт Атырау» директоры Сартай Самат.

Smart Qala компаниясының ақпаратына сүйенсек, жүйені 280 мыңнан астам клиент пайдаланады, ал қазір «жаңа» деп ұсынылып отырған барлық функция Smart Qala-да бұрыннан бар және тұрақты жұмыс істеп тұр.

Фото: Нұрбибі Теміртасова / Kazinform

Бүгінде төлем жасаудың 13 жолы қарастырылған. Оның арасында бірнеше банк қосымшасы бар. Apple Pay-мен де төлеуге болады дейді компания өкілдері.

Бүгінде Атырау қаласында қоғамдық көлік 18 бағытта қызмет көрсетеді. Жалпы алғанда 7 мекемеге тиесілі 300 техника 32 маршрутта қатынайды.

— Тариф өзгермейді. Оны Onay өзгерте алмайды. Бізге бүгінде Onay қолайлы болып тұр. Автобус А нүктесінен Б нүктесіне келе жатып, бұзып қалған жағдайда SmartQala қоғамдық көліктердің бағытын ескерте алмайды. Ал Onay-дың ескерту мүмкіндігі бар. Атырауда жұмыс істейін деп отырған компания мектеп оқушыларына төлем картасын тегін шығарып, мектептерге апарып беретін болады, — деді «Смарт Атырау» директоры Сартай Самат.

Қазіргі уақытта қала тұрғындары әлеуметтік желі арқылы төлем жүйесін өзгертпеу керектігі туралы ұсыныс-пікірлерін айтуда. Әзірге төлем жүйесінің қашан, қалай өзгеретіні белгісіз.

Бүгінде Smart Qala компаниясы осы мәселеге қатысты әділетсіз бәсекелестік туындап жатқаны жөнінде Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментіне шағымданбақ.

Қалалық әкімдік осы аптада Onay компаниясының өкілдерінің қатысуымен жиын жоспарланып отырғанын айтты.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:210
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Ақпан 2026 11:55
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары