Алматылықтардың самокат айдаушыларға тағы бір шағымы пайда болды
Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Үлкен Алматы өзенінің жағалауында жақында ғана реконструкция аясында жаңартылған баспалдақтар бүлінді. Алматы әкімдігі сатылардағы плиткаларды самокат мінген адамдар сындырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желілерде тараған видеодан плиткамен қапталған баспалдақ жиектерінің опырылып қалғанын көруге болады.
Видеодан алынған кадр
Алматы қалалық Экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасы зақымданулар самокатпен жүретін тұлғалардың вандалдық әрекеттері салдарынан пайда болғанын хабарлады.
"Қазіргі уақытта мердігер ұйым кепілдік міндеттемелер аясында өз қаражаты есебінен анықталған ақауларды жою және зақымдалған элементтерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр", - деп хабарлады басқарма.
Фото: Алматы әкімдігі
Сондай-ақ жоба бойынша жұмыстарға үш жылдық кепілдік мерзімі белгіленгені нақтыланды. Егер осы уақыт ішінде ақаулар анықталса, мердігер оларды өз есебінен жөндеуге міндетті.
Еске сала кетейік, Үлкен Алматы өзенінің № 1 тұндырғыштан Абай даңғылына дейінгі бөлігін жаңғырту және іргелес аумақты абаттандыру бойынша тендер 2024 жылғы 16 қыркүйекте жарияланған болатын. "Павлодар өзен порты" АҚ-мен келісімшарт 7,143 миллиард теңгеге жасалды. Жобада тіреуіш конструкцияларды реконструкциялау, жаяу жүргіншілер көпірлерін, балалар және спорт алаңдарын, веложолдарды салу, сондай-ақ аумақты көгалдандыру қарастырылған.
Тағы оқыңыз: Шағымдар, айыппұл және уәде: Үлкен Алматы жағалауындағы жөндеу жұмыстары туралы не белгілі?
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:58
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қыркүйек 2026 10:23 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















