Атырауда сталкингке шағымданған полицей қыз сотта кінәлі деп танылды
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Атырауда әріптесінің бірнеше ай бойы аңдығанын айтқан полиция қызметкері Сымбат Таңатарова сот шешімімен кінәлі деп танылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Іс материалдарына сәйкес, оқиға 15 сәуірде болған. Әйелдің айтуынша, бұрынғы танысы әрі әріптесі Қанат Ершан оның үйіне келіп, сыртқа шығуын талап еткен. Қауіптенген ол көлігіне отырып кетпек болған сәтте Ершан капотқа секіріп мінген. Әйел көлікті тоқтатпай жүрген кезде ер адам құлап, ауыр жарақат алған.
Сот Таңатарованы көліктің капотында адамның тұрғанын біле тұра қозғалысты жалғастырған деп танып, Қылмыстық кодекстің 114-бабының 3-бөлігі бойынша 6 айға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Алайда ол Конституцияның 30 жылдығына орай жарияланған рақымшылыққа ілініп, жазадан босатылды.
Сонымен қатар сот оның Қанат Ершанға 1 миллион теңге моральдық өтемақы төлеуі туралы шешім шығарды. Ал әйел мәлімдеген бірнеше айға созылған аңду әрекетіне сот үкімінде құқықтық баға берілген жоқ.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:52
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Шілде 2026 16:48 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















