Атырауда төрт адам мінген лифт құлады
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Атырау қаласы, Құлманов көшесі, 1Б мекенжайындағы «Гранд Атырау» тұрғын үй кешенінің «Б» блогында жеделсаты үшінші қабаттан құлады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Оқиға кезінде лифт ішінде төрт адам болған. Үш тұрғын жедел жәрдем бригадасымен медициналық тексеруден өту үшін ауруханаға жеткізілді. Алдын ала мәлімет бойынша, олардың жағдайы қанағаттанарлық. Тағы бір тұрғын медициналық көмектен бас тартқан.
Оқиға орнына Атырау қаласының әкімі Данияр Таханов барды. Қала әкімі жағдайды қарап, тұрғындармен және жауапты қызмет өкілдерімен кездесті.
Қала әкімі лифтінің құлау себептерін жедел анықтауды, сондай-ақ қаладағы барлық лифтілердің техникалық жағдайына толық тексеру жүргізіп, олардың қауіпсіздік деңгейін бағалауды тапсырды.
Баян Жанұзақова
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:79
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Қазан 2026 14:56 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















