Атырауда жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталды
Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Атырау қаласы әкімдігі жастарды қолдауға бағытталған «Атырау қала жастары» тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдауды бастады.
Өтінімдер eatyrau.kz порталы арқылы онлайн қабылданады. Құжаттарды тапсыру мерзімі – 2026 жылғы 7–27 шілде.
Бағдарлама шарттары:
Жылдық мөлшерлеме – 5%
Бастапқы жарна – тұрғын үй құнының 10%-ынан бастап
Қарыздың ең жоғары сомасы – 20 млн теңге
Несиенің ең ұзақ мерзімі – 19 жыл
Тұрғын үй тек Атырау қаласынан беріледі
Қатысу талаптары:
ҚР азаматы болуы
Атырауда тұрақты тіркеуде болуы
Жасы 35 жасқа дейін
Соңғы 5 жылда меншікті тұрғын үйінің болмауы
Соңғы 1 жыл үздіксіз ресми жұмыс өтілі болуы
Ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады
Бағдарламаға қатыса алатын санаттар:
Денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт саласы мамандары
ЖОО оқытушылары мен ғылыми қызметкерлер
Журналистер мен БАҚ қызметкерлері
Әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлері
Қалалық коммуналдық кәсіпорындар қызметкерлері
Төтенше жағдайлар саласы мамандары
Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар (35 жасқа дейін)
Мемлекеттік қызметшілер
ІІМ, прокуратура, ҰҚК және өзге құқық қорғау органдары қызметкерлері
«Қазпошта» қызметкерлері
Бұл бастама жастарға қолжетімді шарттармен баспана алуға мүмкіндік беруді көздейді.
Кеше, 12:55
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:28
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Шілде 2026 02:35 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















