Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Атырауда жекеменшік мектептерді қаржыландыру мәселесі көтерілді

Атырауда жекеменшік мектептерді қаржыландыру мәселесі көтерілді

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Көпті алаңдатқан бұл мәселе кәсіпкерлер палатасының алаңында талқыланды. Кәсіпкерлер басқармадан алдын ала еш хабарлама алмағандарын айтады. Өтініштерін қарастыру кезінде басқарма өкілдері «жүйеде ақау шықты» деп, кері қайтарып алуды сұраған.

Видеодан алынған скрин

— Біз жан басына шаққан қаржыландыру алу үшін алдын ала өтініш жолдаймыз. Сол кезде білім басқармасы басшысының орынбасары Света ханым кешкі сағат 22:00 шамасында хабарласып, порталда ақау бар екенін айтып, өтінішді кері қайтаруды сұрады. «Ертең қайта ашып береміз» деген соң, басқарма өкілінің сөзіне сеніп, біз еш күмәнсіз орындадық. Алайда келесі күні ол хабарламаларын өшіріп, байланысқа шықпады. Кейін өзіміз барып сұрағанда, «қаражат бере алмаймыз» деген жауап алдық. Бұл жағдай біз үшін түсініксіз әрі әділетсіз. Әріптестеріміздің айтуынша, Алматыда да осындай мәселе болған, бірақ олар қаржысын алып үлгерген, — деді жекеменшік мектеп өкілі Акбар Новаров.

Мектеп басшылары білім мен тәрбие сапасына аса мән берілетінін айтып, жұмыстың мемлекеттік білім ордаларымен бірдей жүріп жатқанын жеткізді. Жаңа жылдан бастап екі тарап арасында келісімшарт жасалмағандықтан мектеп қызметкерлеріне айлық төлеу мәселесі туындаған.

Акбар Новаровтың айтуынша, бірнеше жыл бұрын өңірде апатты және үш ауысымды мектеп мәселесі өршіп тұрғанда әкімдік кәсіпкерлерді білім беру саласында жұмыс істеуге шақырған. «Енді бұл нарыққа үлкен ойыншылар кіргенде шағын мектептер керек болмай қалды» деген пікір бар.

Атырау облысының білім беру басқармасы хабарлағандай, 2025–2026 оқу жылында жекеменшік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік тапсырысты орналастырудың жаңа тетігі пилоттық жоба ретінде енгізілді. Бұл жоба Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен өңір әкімдіктерінің бірлескен бұйрығы, сондай-ақ ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылып отыр.

Видеодан алынған скрин

— Жекеменшік мектептерді қаржыландырудың негізгі мақсаты — үш ауысымды мектеп мәселесін шешу және апатты мектептердің орнына балама шешім ұсыну. Қазіргі таңда біз қаржыландырып отырған 20 мектептің үшеуі — «Бином». Олар бұл бағытта айтарлықтай көмек көрсетіп отыр. Себебі, бұл мектептерде 12 мың бала оқиды. Жалпы кейбір жекеменшік мектептердің аталған мәселелерді шешуге қосқан үлесі жеткіліксіз. Қазіргі уақытта бұл бағытта келіссөздер жүргізіліп жатыр. Осы оқу жылын аяқтауға қолдау көрсетуге тырысамыз. Алайда келесі жылдан бастап жекеменшік мектептерді қаржыландырмаймыз, — деп пікір білдірген еді кездесуде облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Света Аманшиева.

Басқарма өкілінің сөзінше, өңірдегі жекеменшіктегі білім ордаларының басым көпшілігі бастауыш білім береді және ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындайды.

Бүгін Атырау облысы білім беру басқармасының басшысы Марат Абуовтың төрағалығымен 22 жекеменшік мектептің басшысының қатысуымен жиын өтті.

Күн тәртібінде екі мәселе қаралды: жекеменшік мектептерде білім сапасын арттыру және жыл соңына дейінгі қаржыландыру.

— Жиын барысында жекеменшік білім беру ұйымдарындағы оқу сапасын көтеру бағытындағы жұмыстар талқыланып, нақты міндеттер айқындалды. Сонымен қатар, мектептердің оқу жылының соңына дейін толық көлемде қаржыландырылатыны атап өтілді, -деп мәлімдеді білім беру басқармасының баспасөз қызметі.

Жалпы қаржыландыру «e-Qazyna» цифрлық платформасы арқылы жүргізіледі. А1 компоненті бойынша (білім беру процесін қаржыландыруға арналған негізгі бағыт) қаражат жекеменшік мектептерге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға бағытталған.

Бұған дейін Оқу-ағарту министрлігі жекеменшік мектептердің жағдайына қатысты түсінік берді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:125
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Сәуір 2026 00:48
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары