2026 жылы жекеменшік мектептерді қаржыландыру жүйесі өзгереді
Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Елдегі мемлекеттік тапсырыс алатын жекеменшік мектептерді қаржыландыруда өрескел заңбұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды 24KZ. Дәлірек айтқанда, 745 мекеменің 155-і өз кірісін көрсетпеген. Ал цифрландырылған 400-ден астам мектептің шамамен 30%-і бекітілген мақсаттарына сай емес. Мұны Үкімет басшысының төрағалығымен өткен жиында Қаржы министрі мәлімдеді.
Мәселеге көз жұма қарауға болмайды. Сондықтан келер жылдан бастап жеке білім ордаларын қаржыландыру жүйесі өзгереді. Бұл тұста Қаржы және Оқу-ағарту министрліктері бірлесіп, өзгерістерге қатысты мектеп директорларымен түсіндіру семинарын өткізуді жоспарлап отыр. Жиын қорытындысы бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов салада толықтай тәртіп орнауы керектігін баса айтты. Сондай-ақ жауапты министрліктер мен өңірлердің әкімдеріне тиісті тапсырмалар жүктеді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:50
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қараша 2025 15:44 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















