Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

Атыраудағы көпірлердің жағдайы алаңдатады

Атыраудағы көпірлердің жағдайы алаңдатады

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Атыраудағы көпірлердің техникалық жайы тұрғындарды алаңдатып отыр. Әсіресе тәулігіне мыңдаған көлік өтетін айналма көпірде жабынның бұзылып, қосылған тұстарында жіктің ажырағаны байқалады. Жүргізушілердің айтуынша, жыл сайын жамап-жасқағанымен мәселе түбегейлі шешілмей келеді. 

Асланбек Шығыр, тілші:

- Бұл – қаладағы айналма көпір. Негізгі жүктеме осы көпірге түседі. Өйткені облыс тұрғындарынан бөлек, Өзбекстан, Түркіменстан, Ресей, одан кейін Еуропа елдеріне жүк таситын көліктер осы көпір арқылы жүреді. Салдарынан көпірдің қосылған тұстарында жігі ажыраған.

40 жыл бұрын айналма көпірге 2010 жылдан бері ағымдағы жөндеу жасалып келеді. Дегенмен тұрғындар мен жүргізушілер нәтиже мардымсыз дейді. Жергілікті билік жүктемені азайту үшін 2023 жылы қала сыртынан жүк көліктеріне арналған айналма жол құрылысын бастаған. Жоспар бойынша нысан биыл аяқталуы тиіс. Алайда бұл тек бір өткелдің мәселесін жеңілдетуі мүмкін. Себебі өзге көпірлерге қатысты шағым аз емес. 

Қуаныш Жарбосынов, қала тұрғыны:

- Жилгородок көпірі, о жақта енді шұңқыр-тесік көп енді. Көліктер былай да былай қашады, қашқанның өзінде де ұрып-соғады машинаны. Орталық көпірдің де жағдайы мәз емес. Біршама тесік. Көп. Бәріміз де жүріп жатырмыз.

Қаладағы көпірлерге 2023 жылы техникалық тексеріс жүргізіліп, апатты деуге тұрарлық нысан анықталмаған. Тіпті 1965 жылы салынған орталық көпір бойынша да «жағдайы қанағаттанарлық» деген қорытынды шыққан. Көпірді жаңғырту жобасы былтырдан бері әзірленіп жатыр. 

Қуанышбек Қабдығали, Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы:

- Жалпы жыл сайын біз деформациялық шовтарын көіпрлердің барлығын күтіп-ұстап отырамыз. Биыл да 2026 жылы шығып тұрған темірлердің бетін қайтып тегістеп, жабатын боламыз. Орталық көпір бойынша қазіргі таңда ол көпірді техникалық тараптан жан-жақты зерделеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондықтан қорытындысы шыққан жағдайда қосымша хабарланатын болады.

«Көпірлерден бөлек, қалаішілік жолдардың сапасы да сын көтермейді», - дейді жүргізушілер. Былтыр 700 млн-ға жуық теңгеге 50 мың шаршы метр жол жөнделген. Ал биыл шамамен 30 мың шаршы метр жолды қалпына келтіру жоспарланған.

Авторлары: Асланбек Шығыр, Айбек Байзақов, Жандос Рахметуллин

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:143
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қаңтар 2026 15:27
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see143

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see140

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see139

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see138

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see137

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see134

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see132

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see131

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see131

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see125

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see124

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see121

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see120

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see120

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see119

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see119

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

25 Қазан 2026 09:29see116

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

24 Қазан 2026 22:01see114

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

24 Қазан 2026 22:17see110

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

24 Қазан 2026 14:36see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары