Ауа райы туралы халықтық болжамдар: Қазгидромет қарлығаштардың неге төмен ұшатынын түсіндірді
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Күн қызарып батса - жел, қарлығаш төмен ұшса - жаңбыр, ал Ай айналасындағы шеңбер - қар жауатынын білдіреді. Көптеген ауа райы болжамдары ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Бірақ олардың қайсы атмосфералық процестермен шынымен байланысты? "Қазгидромет" мамандары ел аузындағы танымал бақылаулардың егжей-тегжейін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengri Life.
Күн қызарып батса - жел соғады
Күннің шығуы мен батуы кезіндегі аспанның реңкі атмосферадағы күн сәулесінің шашырауына байланысты.
Мамандардың түсіндіруі бойынша, белгілі бір ауа райы жағдайларында аспанның қызыл немесе күрең түске боялуы расында да ауа райының өзгеруімен ұштасуы мүмкін. Мәселен, мұндай реңктер бұлттылық пен атмосфераның күйі өзгерген кезде, атмосфералық фронттың жақындауы қарсаңында байқалуы мүмкін.
Дегенмен аспан түсін дәл болжам ретінде қабылдауға болмайды - оған бірнеше фактор бірден әсер етеді.
Қарлығаш төмен ұшса - жаңбыр жауадыБұл ырымның толықтай қисынды түсіндірмесі бар. Жаңбыр алдында ылғалдылық артады, соның салдарынан қарлығаштар қоректенетін жәндіктер жер бетіне жақындай түсуі мүмкін. Құстар өз жемі үшін, төменірек ұша бастайды.
Демек, халықтың бақылауы атмосферадағы өзгерістермен тікелей байланысты, бірақ қарлығаштың өзі жаңбыр жауатынын "болжамайды".
Ай айналасында шеңбер түзілсе - жаңбыр немесе қар жауадыАйдың қоралануы - ауа райының өзгеруімен бұрыннан байланыстырылып келе жатқан тағы бір құбылыс. Айдың айналасындағы жарқыраған шеңбер жоғарыдағы бұлттардағы мұз кристалдарында жарықтың сынуы мен шағылысуынан пайда болады. Мұндай бұлттар көбіне атмосфералық фронттардың алдында пайда болады.
Сондықтан галаның көрінуі ауа райының өзгеруінің белгісі болуы мүмкін, дегенмен бұдан кейін міндетті түрде жаңбыр немесе қар жауа бермейді.
Қар сықырласа - қатты аязБұл белгі болжамға емес, қардың физикалық қасиетіне байланысты. Төмен температурада қар кристалдары қатты әрі морт сынғыш болады. Адам қарды басқан кезде олар сынып, бір-біріне үйкеледі. Дәл осы процесс өзіне тән сықырды тудырады.
Аяз неғұрлым күшті болса, бұл дыбыс соғұрлым анық естіледі.
Егер таңертең қырау тұрса - күн ашық боладыБұл бақылаудың да ғылыми түсіндірмесі бар. Қырау көбінесе ашық әрі тымық ауа райында түседі. Түнде жер беті жылуын жоғалтып, температурасы төмендейді, соның салдарынан су буы мұз кристалдарына айналады.
Сондықтан таңертеңгі қалың қырау түнде бұлттың аз және желдің баяу болғанын білдіреді.
Ауа райына қатысты халықтық болжамдарға сенуге бола ма?
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
"Қазгидромет" Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (@kazhydromet) жарияланымы
Айта кететін жайт, ел аузындағы болжамдар арқылы ауа райын дәл болжау мүмкін емес. Олар табиғаттағы өзгерістерді байқауға көмектескенімен, ауа райына бір мезгілде көптеген факторлар әсер етеді. Сондықтан ырымдарды қызықты бақылау ретінде қабылдаған жөн, ал нақты болжам үшін синоптиктер дерегіне сүйенген дұрыс.
ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ
Жылы күндер аяқталды: Қазақстанда күн күрт суытады
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:45
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Қазан 2026 17:08 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















