Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Әуезовті әспеттеп, Айтматовты ардақтаған...

Әуезовті әспеттеп, Айтматовты ардақтаған...

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Артына өшпес із қалдырған адамзаттың Айтматовы, әрине шәкірттен кенде емес. Шыңырау ойлы Шыңғыс Төреқұлұлы шәкірттерінің ішінде ойы да, сойы да бөлегі – Сұлтан Раев.

Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен Жазушылар одағы Астана қалалық филиа­лының ұйымдастыруымен жүзеге асып келе жатқан «Қаламгер ұстаханасы» атты жоба қазір қанатын кеңге жайып барады. Әне, соның дәлелі ретінде кеше Астанаға Қырғыздың халық жазушысы, халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев арнайы келіп, Ұлттық академиялық кітапханада дәріс оқыды. Осыған дейін оқырманға «Жанжаза», «Топан» сияқты шоқтығы биік романдар ұсынған жазушы сөз басында Мұхтар Әуезов пен Шыңғыс Айтматовтың әдеби байланысы, олардың бір-біріне деген сыйластығы туралы сөйледі.

«Айтматовтың шығармашылық жолында Мұхтар Әуезовтің қолдауы мен қамқорлығы айрықша рөл атқарғаны белгілі. Егер Әуезов қолдамағанда, Айтматовтың әлемдік аренаға шығуы қиын болар еді. Дәлірек айтсақ, алдында Әуезовтей ұстазы із қалдырмаса, Айтматовтың да болуы екіталай. Өнер – өзге өнерді тудырады. Сонымен бірге ұстаздың құндылығы мен ұлылығы оның шәкіртіне үйреткен өнері арқылы өлшенеді. Бұл – мәдениеттің өлмес, көне феномені. Біздің Шыңғыс «Манаспен» өмір сүрді, одан рухани қуат алды. «Манас» ол үшін алтын құзырет еді, Шыңғыс мәңгілік күшті сол жерден алды. Ол «Манаспен» өмір сүріп, ғұмырын соған арнады. Бұл қасиетті ұстазы Мұхтар Әуезов мұра етті. Қиын кезеңдер келгенде, тек «Манас» үшін ғана емес, күллі қырғыз халқы үшін сын сағаттарда Мұхтар Әуезов ұлы эпосымызды қорғап шықты, қазақ бола тұра қырғыз халқына теңдессіз қызмет етті. Өйткені дәл сол кезде қоғамымызда опасыздар мен қара ниеттілер көбейіп, «Манас» эпосы туралы жаман сөз айтып, оны халық тәрбиесіне «зиянды» деп жариялаған еді. Эпикалық мұраға, тіпті Айтматов соңынан шам алып түскенде, Мұхтар Әуезов оны қорғап қалды. Басқасын айтпағанда, Айтматовты өз жазушыларымыз талап жатқанда араша болған осы Мұхтар Әуезов», деді ағынан жарыла.

Қырғызстанның мәдениет министрі міндетін атқара жүріп, әлемдік оқырманға ұялмай ұсынатын таңдаулы романдар жазған Сұлтан Әкімұлының шығармашылық жолы кәсібилікке ештеңе бөгет бола алмайтынын дәлелдейді. Оның «Жанжаза» атты романын оқып, қаламгердің ойлау жүйесі, жазушылық шеберлігіне таңданғанымыз рас. Сол шығарманың жолы болып, өткен жылы Нью-Йоркте ағылшын тілінде жарық көрді. Айтматовтың «Жәмиласынан» кейін 46 жылдан соң Сұлтан Раевтың осы шығармасы Америка асыпты.

«1986 жылы Құранды қырғыз тіліне аудару тобында болдым. Бұл тәжірибе менің дүниетанымымды түбегейлі өзгертті. Қасиетті мәтіндерді оқыған сайын бір нәрсені терең түсіндім. Кез келген дінде үміт сәулесі бар. Құранда да, Інжілде де адамзатқа зор мүмкіндік беріледі. Тіпті ақырзаман туралы ескертулердің өзінде де мына дүниеде бір жылт бар екенін айтады» деген ол «Жанжаза» романындағы жынды жеті кейіпкер, ондағы тылсым әлем, киелі кітап туралы ұғымдарға түсінік бере кетті. Сұлтан Раевтың атын шығарған «Жанжаза» екенін де айта кеткен жөн. Бұл кітап осыған дейін қазақ тілінде екі рет кітап болып шықты. Аталған романдағы қасиетті кітап туралы сана түкпіріне жетер тіпті мифпен ұштасқан эпизодтар бір сәт бізді мына әлемнен алыстатып, қайта-қайта ойландырады. Онда сөз болып отырған адам да, сөз де, ауа мен от та кенет тылсым бір дүниеге айналып кеткендей. Онымен қоймай, олар құдіреттің күшімен бәрі сол қасиетті кітаптың ішінде сөйлеп тұрғандай әсер береді.

Қаламгер өз шығармашылығы, қазіргі рухани байланыс һәм оның әдебиетке берер пайдасы туралы кеңінен толғап, әдебиетсүйер қауымға тұшымды дәріс оқыды. Дәрістен кейін аудитория ауаны сұрақ-жауапқа көшті. Оқырманның бірі «ТҮРКСОЙ арқылы қазақ жазушыларының қандай еңбектері қай тілдерге аударылды?» деген сұрақ қойды.

«Қазақ әдебиетін Абайсыз елестету мүмкін емес. Хакімнің шығармалары түрік және басқа тілдерге аударылды. Сосын Шәкәрім, Сәбит Мұқанов, Әбіш Кекілбаев, Олжас Сүлейменов сынды қаламгерлердің шығармалары түрік тіліне аударылып, жарық көрді. Бұл жұмыстар әлі де жүйелі түрде жалғасып жатыр. Мысалы, Абайдың «Қара сөздері» түрік тілінде басылып шықты. Түрік оқырманы жақсы қабылдады. Анкара мен Ыстанбұл университеттерінде Абай шығармашылығына арналған ғылыми-практикалық конференциялар өтті. Шәкәрім шығармашылығы бойынша да алдағы уақытта Анкара университеті мен Назарбаев университеті бірлескен ғылыми жиын өткізуді жоспарлап отырмыз. Олжас Сүлейменовтің мерейтойы аясында оның шығармалары бірнеше түркі тіліне аударылды. Сондай-ақ қазақ әдебиетінің этнография, тарих саласындағы зерттеулері де түрік тіліне тәржімаланып жатыр. Бұған мысал ретінде Серікбол Қондыбайдың еңбектерін айтуға болады. Біздің мақсат қазақ әдебиетін түркі кеңістігінде кеңінен насихаттау, ал түркі халықтарының әдеби мұрасын өзара бір-бірімен таныстыру. Бұл – рухани интеграцияның ең маңызды бөлігі деп санаймын».

Кеш соңында ақын, этнограф Баянғали Әлімжанов атақты «Манас» дастанын жырлап, көшпелілер рухын, далалық мәдениеттің үнін жеткізді. Сонымен бірге Сұлтан Раев өзі басқаратын ТҮРКСОЙ ұйымы атынан белгілі қаламгер, әдебиет сыншысы Амангелді Кеңшілікұлына түрік тілдес мемлекеттердің достығы мен мәдени, әдеби интеграциясын нығайтуға қосқан үлесі үшін берілетін Алтын медалін табыс­тады. 

Соңғы жаңалықтар

Бұқарбай батырдың қылышы

Жәдігер • Бүгін, 08:10

Ринг пен рух

Кино • Бүгін, 08:05

Қос ауылдың қуанышы

Аймақтар • Бүгін, 08:03

«Тактильді Орал» тағылымы

Қоғам • Бүгін, 08:00

«Шахматшы Қонжық» – заманауи ертегі

Руханият • Бүгін, 07:55

«Әйелін өлтіріп, кейін өзіне қол салған»: Ақтөбеде ерлі-зайыптыға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Оқиға • Кеше

Таяу Шығыстағы қақтығыс: 500-ге жуық қазақстандық елге оралады

Оқиға • Кеше

Ертең бірнеше өңірде қар аралас жаңбыр жауады

Ауа райы • Кеше

Семейдегі өрт: Оқиға орнында 6 адам медициналық көмекке жүгінді

Оқиға • Кеше

Экология және еңбек адамы: Атырау облысының жұртшылығы жаңа Конституция жобасын қолдайды

Ата заң • Кеше

«Ұлттық қор – балаларға»: Соңғы 3 жылда 7 млн балаға 2,5 млрд доллар бөлінді

Оқиға • Кеше

ЮНИСЕФ: Жаңа Конституция цифрлық дәуірде жеке деректерді қорғауды күшейтеді

Ата заң • Кеше

Мемлекеттік кеңесші Жалпыұлттық коалицияның мүшелерімен бірге Абай облысының тұрғындарымен бірқатар кездесу өткізді

Ата заң • Кеше

Семейде ойын-сауық орталығынан өрт шықты

Оқиға • Кеше

Ерлан Қарин: Конституциялық өзгерістер халық мүддесіне қызмет етеді

Ата заң • Кеше

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeБұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Алаш арыстарын ардақтаған жиын
17 Наурыз 2026 10:11
seeКөрілімдер:126
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Наурыз 2026 08:23
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see133

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see131

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see131

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see127

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see127

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see127

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see125

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see124

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see123

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see123

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see121

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see121

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see120

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see120

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see120

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see119

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see118

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see118

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see117

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары