Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Цифрлық дәуірдегі дала

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

Әулиеата жастары : Жобаның жолы кесілгелі тұр

Әулиеата жастары : Жобаның жолы кесілгелі тұр

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Осыған орай 2023 жылы Жамбыл облысында «Әулиеата жастары» жобасы жанданған болатын. Жергілікті билік пен Отбасы банкі арасындағы мәміле аясында қолға алынған жоба алғашқы жылы толайым жемісін берген. Алайда биыл баянды бағдарлама бағытынан жаңылғандай. Олай дейтініміз, қаржыландыру көлемі күрт азайып, көптің көңілін су сепкендей басып отыр. Жобаның болашағы бұлыңғыр болғаны ма?

Жалпы, «Әулиеата жастары» жобасы баспаналы болуды армандап жүрген талай жасқа жол ашқаны жасырын емес. 2023 жылы 144 жас баспаналы болса, былтыр 140 азамат тұрғын үй кілтіне қол жеткізді. Алайда биыл бағдарлама бағытынан тайып, бар-жоғы 84 жас қана баспаналы болғалы тұр. Бұған басты себеп – «Отбасы банкі» АҚ тарапынан жылдағыдай 1 миллиард емес, 250 миллион теңге ғана бөлінуі. Негізі, жоба аясында облыс әкімдігі – 1 миллиард, ал Отбасы банкі 1 миллиард теңге бөлетін болып мәмілескен еді. Алайда биыл қаржы көлемі не себепті 4 есеге азайғаны түсініксіз. 

Осыны білмек мақсатта «Отбасы банк» АҚ Жамбыл облыстық филиалына хабарласқанымызбен, мардымды жауап ала алмадық. Филиалдағы мамандар ипотекалық бағдарламаларды қаржылдандыру құзыреттеріне кірмейтінін айтып, тікелей банктің Басқарма басшылығына хабарласу керектігін жеткізді. Бірақ мамандар бағыттаған банктің басшылығына қанша байланысқа шыққанымызбен, олар да анық-қанық жауап бермеді. Бір сөзбен айтқанда, қаржы мәселесіне келгенде жауаптылар жұмған аузын ашпады. Мұндай жағдайда бір ғана байлам жасауға болады. Демек, банкке жылда 1 миллиард теңге бөлу тиімсіз болып отыр. Төмен пайызды несие жастардың бағын ашқанымен, Отбасы банкінің қазынасын қампайтпайды. Сол себепті банк қаржы көлемін күрт азайтқан. Бұлай бара берсе, ертең банк мүлде қаржы бөлмей қоймасына кім кепіл? Ондай жағдайда «Әулиеата жастары» жобасының өміршеңдігі үзілді деген сөз. 

– Бұрындары жастарға арналған баспана бағдарламалары өзге өңірлерде жанданып жатқанын еститінбіз. Ал 2023 жылы Жамбыл облысында «Әулиеата жастары» жобасы қолға алынғанын естіп, қатты қуандық. Бірінші жылы Отбасы банкінде қаржым болмағаннан кейін жобаға қатыса алмаған едім. Кейінгі екі жылда қаржы жинақтап, енді жобаға қатысайын деп отырғанда қаржы көлемі азайғанын біліп көңілім құлазып қалды. Алдағы жылдардағыдай белгілі бір санаттағы ғана жастар емес, тұтас облыс жастары бағдарламаға қатысуға мүмкіндік алғаннан кейін санаулы пәтер бұйыра ма, бұйырмай ма деген күдікті оймен отырмын. Себебі отбасы құрған, үйдегі бала саны, банктегі есепшотыңның ашылған уақыты сынды санаттарға қарай да балдық жүйе белгіленеді. Ал мен бойдақпын. Сондықтан көптің ішінде балым жетпей, бағдарламадан тыс қалып кетемін ба деген қорқыныш басым. Егер осы балдық жүйе жағын да басқаша жүйелесе, мен сияқты бойдақ жастарға жол ашылар еді, – дейді Аңсаған Жолдасқызы. 

Иә, бағдарлама талаптары бойынша отбасылық жағдайың, жанұядағы бала саны, банктен есепшотты ашқан жылдарыңа қарай балдық жүйе белгілеу кейіннен енгізілді. Осы талап көп жастарды сүріндіруде. Себебі 35 жасқа дейінгі үмітті жастардың дені бойдақ болса, енді екіншілері отбасын енді құрған. Ал үшінші тараптың банктен депозит ашқандарына көп уақыт бола қоймаған. Осы балдық жүйе көп жастың бағын байлауда. 

Бұдан бөлек, жоба алғаш бастау алған кезде оған денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, журналистика, спорт және дін салаларында жұмыс істейтін жастар ғана қатыса алатын. Алайда былтырдан бастап бағдарлама шарттарына өзгерістер енгізіліп, Жамбыл облысының 35 жастан аспаған барлық азаматына қатысуға мүмкіндік берілді. Сонымен қатар жобада берілетін ең жоғары қарыз сомасы 15 миллион теңгенің 10 пайызын бастапқы жарна ретінде құюы, бағдарламаға қатысушының және оның жұбайының кейінгі 5 жыл ішінде Қазақстан Республикасының аумағында сатып алу құқығымен жалға берілетін немесе меншік құқығындағы тұрғын үйінің болмауы, кейінгі 3 жылдың бедерінде облыс аумағында тұрақты тіркеуде болуы және өтініш берушінің тұрғын үй кезегіне тіркелмеуі секілді бірқатар талаптар қойылды. Міне, осы тұрғын үй кезегіне байланысты шарт бірқатар жастың үмітін су сепкендей басып отыр. Солардың бірі – Тараз қала­сының тұрғыны Жансая Базарбаева. 

– Мен 2019 жылдан бері тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрмын. Осы уақытқа дейін түрлі бағ­дарламалар аясында баспанаға қол жеткізуге тырысқаныммен, онымнан еш нәтиже шықпай келеді. Осы орайда «Әулиеата жастары» тұрғын үй бағдарламасы туралы естігенімде жүрегіме үміт ұялап, болашаққа сеніммен қарай бастаған едім. Алайда оның шарттарын тереңірек зерттеп, нақты талаптарымен танысқан сайын, әлгі үміттің орнын үрей, ал сенімнің орнын сенімсіздік басқаны шындық. Айталық, жобада көрсетілген басты талаптардың бірі – азаматтар бағдарламаға қатысуы үшін тұрғын үй кезегінен шығуға тиіс. Ал бұл зор тәуекелді талап етеді. Өйткені «Әулиеата жастары» бағдарламасы баспаналы болатыныңа нақты кепілдік бермейтіні анық. Әрине, кезектен шыққан соң осы бағдарлама арқылы үйлі болып кетсең құба-құп. Ал ол үмітің ақталмаса ше? Онда үй кезегіне қайтадан тұруыңызға тура келеді. Демек, баспаналы болсам деген мақсатыңыз тағы да ұзақ жылдарға кері шегеріледі. Егер сіз қандай да бір бағдарламалар арқылы үйлі болсаңыз, баспана кезегінен онсыз да автоматты түрде шығарыласыз. Сондықтан мұнда бір адам бірнеше үйге қол жеткізе ме деген қауіпке еш негіз жоқ. Сол себепті жобаны ұйымдастырушылар ешкімнің құқығын шектемей, барлығына тең мүмкіндік бергені жөн, – дейді ол.

Жансая Батырханқызының сөзінше, қазір «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамы­тудың 2023 жылдан 2029 жылға дейінгі тұжырым­дамасы» негізінде үй алу да мұңға айналып тұр. Мы­салы, әр өңірдің экономикалық әл-ауқаты әр­түрлі. Айталық, батыстағы аймақтар мен Жамбыл облысы тұрғындарының табысында әжептәуір айырмашылық бар. Алайда ипотекалық бағдарлама­лардың шарттарында бұл жағы ескерілмейді. Сондықтан осындай кедергілер жойылмай, баспанаға зар болғандардың қатары ешқашан азаймайды.

Міне, осылайша, жастар бағдарламаның талаптары жыл санап күрделеніп жатқанын айтып дабыл қағуда. Талай жасқа үміт отын жағып отырған жоба оңтайлы болса деген өтініштерін айтуда. Одан бөлек, биыл банк қаржы көлемін төрт есеге азайтқаны да жастардың жанына батып отыр. 

Қазір «Әулиеата жастары» жобасына құжаттар қабылдау жүргізілуде. Қараша айының төртінде өтініштерді тіркеу тоқтатылады. Ол кезде 84 пәтер кімге бұйыратынын арнайы құрылған комиссия мен банк шешеді. Әйтеуір, жастардың болашағы байланбаса екен деп тілейміз. Бәлкім, биыл болмаса да келер жылы «Отбасы банкі» қаржы көлемін қайта ұлғайтудың жолын тауып қалар. Қазір жастардың бар үміті – осы!

Саятхан САТЫЛҒАН,

Жамбыл облысы 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:202
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Қараша 2025 06:30
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see159

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see149

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see149

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see148

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see147

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see145

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see141

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see140

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see137

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see135

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see131

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see130

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see126

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see125

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see122

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see122

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see121

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see120

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see116

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары