Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Жаңа жобаның жылуы

Жаңа жобаның жылуы

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Бірақ былтыр жыл соңында ғана қазығы қағылған жылу электр орталығының құрылысы кейінгі жылдардағы ең ірі әрі ең даулы инфрақұрылымдық жобалардың біріне айналып отыр. Бір жағынан, станса солтүстік өңірдің жылу мен электр энергиясы тапшылығын шешуге тиіс болса, екінші жағынан, жергілікті қоғам арасында экология, қаржыландыру, мерзім мен тиімділікке қатысты сауал көп.

Шаһардың жылу жүйесі толығымен сонау Кеңес заманында пайдалануға беріліп, әбден тозығы жеткен жылу қазандықтарына тәуелді. Қолдану мерзімі әлдеқашан өтіп кеткен қазандықтар ондаған жылдар бойы апатты жағдайда да жұмыс істеуге мәжбүр болды. Оның үстіне, шаһарда кейінгі жылдарда құрылыс қарқынының тым артуы да жылу қазандықтарына шамадан тыс жүк болып, қаланы жылумен қамтуға қауқары жетпеуге таяды. Әсіресе, Сарыарқа, Жайлау сияқты шаһардың шеткері аудандары жыл сайын мұздап қалатынын айтып жиі шағымданады. 

Жыл санап облыс орталығындағы халық санының өсіп, қала құрылысының кеңеюі шаһарда ЖЭО салуды жеделдету қажеттігін айқын көрсетті. Осы қажеттіліктен туындап, мемлекет деңгейінде Көкшетауда жаңа жылу электр орталығын салу туралы шешім қабыл­дан­ғ­ан. Жоба елдегі энергия теңгерімін тұрақ­тандыруды көздейтін ірі стратегиялық жоспардың бір бөлігі ретінде қарастырылды. Бұл ретте Көкшетау ғана емес, тұтас солтүстік аймақтағы бірнеше қалада жаңа ЖЭО-ын салу күн тәртібіне шықты.

Жобаны іске асыру үшін арнайы «Көкше­тау CHP» компаниясы құрылып, негізгі оператор ретінде «Самұрық-Энерго» компан­иясы белгіленді. Ал қаржыландыру тетігі бастапқыда халықаралық әріптестік арқылы жүзеге асады деп жоспарланғанымен, кейін Қазақстан жобаны өз күшімен жүзеге асыра­тыны мәлім болды.

Бекітілген жоспарға сәйкес, Көкшетаудағы жаңа ЖЭО 240 МВт электр энергиясын, соны­мен қатар 520 Гкал/сағ жылу қуатын өндіруге қабілетті болмақ. Бұл – қаланың қа­зіргі қажеттілігін толық жауып қана қой­май, алдағы жылдарда салынатын тұрғын үй құрылысы мен өнеркәсіптік өсімді де есепке алатын көрсеткіш болып отыр.

Станса заманауи технологиялармен жабдықталып, көмір жағу кезінде зиянды қалдықтарды барынша азайтатын сүзгілер орнатылады. Сонымен қатар болашақта газ инфрақұрылымы дамыған жағдайда, ЖЭО-ны газға көшіру мүмкіндігі де техникалық тұрғыда қарастырылыпты.

ЖЭО құрылысы басталғалы бері қоғамда ең көп айтылған сауал – экология мәселесі екені рас. Жобалаушылардың мәліметінше, жаңа жылу электр орталығы ескі қазандық­тармен салыстырғанда атмосфераға бөлінетін зиянды заттарды әлдеқайда аз шығарады. Себебі онда халықаралық стандарттарға сай газ тазарту жүйелері қолданылады. Яғни, бір орталық ЖЭО – бірнеше ондаған ескі қазандықтан экологиялық тұрғыда қауіпсіз деген уәж алға тартылады. Дегенмен жергілікті экологтар қоғамдық бақылау мен ашық мониторингсіз бұл уәделер қағаз жүзінде қалып қоюы да мүмкін екенін ескертеді.

Сонымен қатар жылу мен электр энергия­сының тұрақтануы шаһарда тарифтік тәуекелді төмендетіп, инвесторлар үшін қаланың тартымдылығын арттырады деп күтіледі. Ең бастысы, қуатты жылу электр орталығының пай­далануға берілуі тұрғындардың өмір сапа­сына тікелей әсер етпек.

Халық жылдар бойы күткен Көкшетаудағы ЖЭО-ғы жай ғана энергетикалық нысан емес екені айдан анық. Жаңа нысан қаланың бо­ла­шақ дамуына тікелей әсер ететін аса ірі стра­­те­гиялық шешім болмақ. Егер жоба уәде етіл­гендей сапалы, ашық және уақытында жүзеге асса, Көкшетау ондаған жыл еш уайымсыз жылумен қамтамасыз етілмек. Ал егер бақылау әлсіреп, жауапкершілік төмендесе, бұл жоба да осыған дейін бармақ шайнатқан «қымбат, бірақ күмәнді» бастамалардың қатарына қосылуы бек мүмкін. Сондықтан ЖЭО тағдыры – тек энергетиктердің ғана емес, қоғам мен биліктің ортақ жауапкер­шілігін естен шығарылмаса екен дейміз.

Айбын АРҒЫН

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:143
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Ақпан 2026 05:20
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

22 Қыркүйек 2026 07:56see172

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

22 Қыркүйек 2026 08:52see171

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

22 Қыркүйек 2026 08:06see156

“Аюдың ақыруы” Алматы тауларында төрт туристі шошытты видео

22 Қыркүйек 2026 09:26see135

Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуден Азиаданың финалына шықты

22 Қыркүйек 2026 07:57see125

БАҚ жаңа қаржылық дағдарыстың жақындау белгілерін байқады

22 Қыркүйек 2026 09:08see116

Астанада жүргізуші қауіпті көлік жүргізгені үшін 10 тәулікке қамауға алынды

22 Қыркүйек 2026 09:07see115

Теміртауда газ жарқылынан зардап шеккен ер адам қайтыс болды

22 Қыркүйек 2026 09:27see93

82 жылдық рекорд жаңармады Қазақстанда тамыз айы қандай болды

22 Қыркүйек 2026 09:31see93

Алматыда қаладағы алғашқы гастрономиялық көше ашылды

22 Қыркүйек 2026 08:24see91
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары