Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Жас буынға жан жылуы керек

Жас буынға жан жылуы керек

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Адамды күйрететін – күйзеліс. Әсіресе жасөспірім шақтағы өтпелі кезеңде бұл күй оларды өмір мен өлімнің арасына тіреп қояды. Өзіне орын таба алмаған, ішкі даусын ешкім естімеген адам үшін бір сәттік шешім – қайтарылмайтын қадамға айналуы мүмкін. Ресми дерекке сүйенсек, еліміз суицид көрсеткіші бойынша әлем елдері арасында 20-орында тұр.

Коллажды жасаған – Зәуреш СМАҒҰЛ, «EQ»

Өкінішке қарай, қоғамда психо­логиялық көмекке жүгіну қажетті әлеуметтік қызмет ретінде қа­былданбайды. Психологке бару әлсіздіктің белгісі немесе жеке мәселені бәріне жария ету деген түсінік бар. Бұл көзқарас, әсіресе ауыл-аймақта және мектеп ортасында анық байқалады. Жабық әлеуметтік орта жағдайында маманға жүгінген бала немесе жасөспірімнің мәселесі көпшілікке мәлім болып кетуі мүмкін деген қауіп бар. Соның салдарынан көптеген жас өз ішкі күйзелісін жасырып, кәсіби көмекке дер кезінде жүгінбейді. Осы үрдіс психологиялық проблемалардың уақтылы анықталмауына, ал кей жағдайда олардың ушығуына әкеліп отыр. Сондықтан менталдық денсаулықты қорғау мәселесі жеке адамның таңдауы емес, қоғамдық маңызы бар жүйелі міндетке айналды.

Шеті шыққан мәселенің шешу жолы да бар. Оны «BF life» жобасы ұсынып отыр. Ең әуелі, жастарға психологиялық көмекті уақтылы әрі қолжетімді ету маңызды. Жобаның мақсаты да осы. Бағдарлама психологиялық көмекті әсіресе, шағын және жабық әлеуметтік ортада тұратын жастарға қолжетімді форматта ұсынуға бағытталған. Құпияны сақтау қағидатының бұлжымай орындалуы ауылда, бірін-бірі жақсы танитын ортада өмір сүретін жастар үшін шешуші фактор. Бұл формат жасөспірімдер мен жастардың ұялу немесе қоғам тарапынан қысым көру қаупінсіз көмек сұрауына мүмкіндік берді.

Жасөспірімдер мен жастарға арналған «BF Line» психологиялық қолдау бағдарламасы 14-тен 35 жас аралығындағы азаматтарды қамтиды. Бағдарлама екі бағытта жүргізіледі. Біріншісі – психологиялық ақпараттандыру, екіншісі – құпия және тегін психологиялық көмек көрсету. Жоба жетекшісі Жанат Досжано­ваның айтуынша, бағдарламаға хабарласқан жастарға тұрақты қолдау көрсетіледі. «Бізге хабарласқандарға жоспарлы көмек көрсетіледі. Жұмыс күндері сағат 09:00 ден 18:00-ге дейін жұмыс жүргізіледі. Сондай-ақ біздің бір артықшылығымыз бір адаммен соңына дейін бір маман жұмыс істейді. Яғни бір психолог нақты бір адамға бекітілген. Алайда кемшілік те бар. Өкінішке қарай, бізде қазір 24/7 шұғыл көмек көрсету мүмкіндігі жоқ», дейді ол.

Жоба шеңберінде көрсетілген онлайн және құпия психологиялық қолдау жастардың көмекке жүгіну мәдениетін қалыптастырады. Мамандардың пікірінше, дәл осындай қол­жетімді және сенімді тетіктер ғана психоло­гиялық проблемалардың ушығуына жол бермей, оның алдын алуға мүмкіндік береді.

«BF Line» тәжірибесі көрсеткендей, мәселені тек тіркеп қою жеткіліксіз. Оған нақты, жүйелі және адамға бағытталған шешім ұсыну қажет. Зерттеу нәтижесіне сәйкес, жоба аясында тіркелген өтініштер халықаралық әдістемелерге негізделген бағалау жүйесі арқылы өңделген. Барлық өтінішке мәтіндік талдау жүргізіліп, мазмұнына қарай негізгі санаттар айқындалған. Ең жиі кездескен сұраныстар отбасылық қиындықтар, эмоционалдық тұрақсыздық, жеке тұлғалық даму, оқуға байланысты мәселелер және әлеуметтік қарым-қатынас тақырыптарын қамтыған. Зерттеу тобының жетекшісі Саяна Талғатқызының айтуынша, жүйелі түрде көрсетілген психологиялық көмектің тиімділігі нақты көрсеткіштермен дәлелденген. «Көмек алған жастардың мазасыздық деңгейі орта есеппен 11–12 балға төмендеді. Бұл психологиялық қолдау қызметінің әсері бар екенін көрсетеді. Сонымен қатар 2023–2025 жылдар аралығында жастардың психологке жүгіну жиілігі артты. Бұл менталдық денсаулықтың маңызын түсіну деңгейі өскенін білдіреді», дейді ол.

Жас ерекшелігі тұрғысынан алғанда, психологке жүгінгендердің басым бөлігі 25–27 жас аралығындағы жастар екені анықталған. Өтініштердің едәуір үлесі әйелдерге тиесілі. Сарапшылар бұл үрдісті эмоционалдық қиын­дықтарды ашық талқылауға бейімділікпен және психологиялық көмекке деген сенімнің жоға­ры болуымен байланыстырады. Өңірлік талдау нәтижелері де жобаның бағытталған аудиторияны дәл тапқанын көрсетті. Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстарында күйзеліс деңгейінің жоғары болуы әлеуметтік жағдай­мен, психологиялық қызметтердің жеткілік­сіздігімен байланыстырылады. Осы өңірлерде ақпараттандыру жұмыстары күшейтілгеннен кейін көмекке жүгінушілер саны артқан. Жоба аясында жүргізілген онлайн және офлайн ақпараттық іс-шаралар да оң нәтиже берген.

Сонымен қатар 3 жыл ішінде 1 800-ден астам педагог-психолог пен 1 800-ге жуық оқушы қамтылып, мектеп психологтерінің кәсіби құзыреті артқан. Мамандардың пікірінше, «BF Line» жобасының басты жетістігі – психологиялық көмекті қоғам үшін «ұят» емес, қажетті әрі қалыпты қызмет ретінде қабылдатуы. Анонимді және онлайн форматтың енгізілуі, әсіресе ауылдық жерлердегі балалар мен жастар үшін қолжетімділікті арттырған.

«Біз 2017 жылдан бастап ЮНИСЕФ және Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, мектеп жасындағы балаларды суицидтен қорғау бағдарламасын іске қостық. Алғашқы кезеңде Қызылорда, Ақмола, Ақтөбе, Атырау облыстарында, Алматы және Шымкент қалаларында жарты жылдық қанатқақты жоба жүргізілді. Кейін Солтүстік Қазақстан облысында 30-ға жуық мектеп қамтылып, жұмыс ауқымы кеңейе түсті. Осы жылдар ішінде өңірлерде арнайы «Bilim foundation» кеңселері ашылды. Сол кеңселер мамандары жергілікті психологтер мен психиатрларды оқытып, өңірлердегі мектептермен тұрақты байланыс орнатты. Әр облыстағы мектеп саны, психологтер құрамы, практикалық психиатрлардың мүмкіндігі туралы нақты база жасалды», дейді Ж.Досжанова.

«Bilim foundation» қорының басшысы Ерлан Айтмұхамбет жобаның тәжірибесі психологиялық қолдау қызметтерін өңірлік деңгейде жүйелеу және бірыңғай мониторинг жүйесін қалыптастыру үшін тиімді үлгі бола алатынын атап өтті. Алайда қаржыландыру мәселесі шешілмейінше, сұранысты толық қамту қиын екенін де жасырмады.

«Бағдарламаны жүзеге асыру барысында бір маңызды мәселе анықталды: ауыл мектеп­теріндегі психологтерге балалар жүгінбейді. Өйткені психологтер сол ауылдың тұрғындары, көбісі оқушылардың туыстарын, ата-аналарын таниды. Бұл балаларға ашық түрде көмек сұрауға кедергі болды. Сол себепті біз шалғай ауылдар үшін қолжетімді онлайн қызмет, «Duet Line» платформасын құрдық», деді ол. 

Соңғы жаңалықтар

Мұғалімге қоғам ілтипаты маңызды

Қоғам • Бүгін, 09:35

Білімнің кеңейген кеңістігі

Аймақтар • Бүгін, 09:33

Жарқанатқа айналған әйел

Өнер • Бүгін, 09:30

Жас буынға жан жылуы керек

Білім • Бүгін, 09:28

Шыңдағы шынар

Ғылым • Бүгін, 09:25

Қазақ бидайын қажымай зерттеген

Тұлға • Бүгін, 09:22

Зерттеудің абыройлы жылы

Ғылым • Бүгін, 09:20

«AlmaU»-дың экологиялық бастамасы

Білім • Бүгін, 09:17

Табысқа апарар анық жол

Білім • Бүгін, 09:15

Аудармашыны ЖИ алмастыра ала ма?

Таным • Бүгін, 09:13

Салмағы бөлек саяхат

Тарих • Бүгін, 09:10

Жаңбыр мен көктайғақ: Астанада коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Ауа райы • Бүгін, 09:09

Музей ісінен мән кетпесін десек...

Мәдениет • Бүгін, 09:07

Майдың сапалысы Өскеменде өндіріледі

Экономика • Бүгін, 09:05

Көпірдің «жыры» қашан бітеді?

Аймақтар • Бүгін, 09:02

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:154
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Желтоқсан 2025 10:14
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары