Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Менің жүрегім ондайға дауаламады... : Өмірқұл Айниязов екінші әйел алуға қатысты ойын айтты (видео)

Астанада полицейлер алтын әшекейлер ұрлаған күдіктіні қолға түсірді

Дәрігерлер отадан кейін қазақстандықтың денесінде зат қалдырып кеткен

Баланы 1 сыныпқа психологиялық тұрғыда қалай дайындау керек

Жастардың 80% ға жуығы баланы дүниеге әкелуді алдын ала жоспарлау қажет деп санайды

Велоспорттан әлем чемпионаты: Алматыда көлік қозғалысына өзгерістер енгізіледі

Бүгін Жауынгерлік даярлық маманы күні

Пәкістан премьер министрі Шахбаз Шариф Астанаға мемлекеттік сапармен келеді

Энергетика министрлігі Қазақстанда жаппай жарықтың өшуіне байланысты мәлімдеме жасады

Бір аптада елде қандай азық түлік арзандады

Теледебаттар миллиондаған аудиторияның назарын аударды саясаттанушы

Мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылау: не өзгерді

Елена Рыбакина Торонто турнирінің финалына шықты

Спорт күні қарсаңында спорт қауымдастығының өкілдері марапатталды

Қазақстанда бензин бағасы қалай қалыптасады және оған мұнай құны әсер ете ме?

ШҚО да түрмедегі досын туған күнімен ерекше құттықтамақ болған азаматтың басы бәлеге қалды

Түркістан облысында жасырын босанып, жаңа туған шақалақты шұңқырға тастаған бойжеткен сотталды

Ағайынды Оралбай мен Назым Қызайбайға медаль табысталды

44 градус ыстық болады: төтенше жағдай қызметі ескерту жасады

Алматыдағы өзенге лас су ағып жатыр тексеру нәтижесі қандай

Ауыл аманаты берекелі тірліктің бастауы

Ауыл аманаты берекелі тірліктің бастауы

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Осы мақсатта «AMANAT» партиясы Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін» сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға баса мән беріп отыр. Аталған құжатта кооперацияны дамыту және 350 мың жаңа жұмыс орнын ашу арқылы 1 миллион ауыл тұрғынының тұрмы­сын жақсарту мін­деті қойылған. Бұл ба­­ғыт­­тағы негізгі тетік – «Ауыл аманаты» жобасы.

 «Ауыл аманаты» – ауылдағы кәсіпкерлікті қолдап, халықты жұмыспен қамтуға арналған ке­шенді жоба. Соңғы үш жылда бағдарлама аясында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылып, 18 мың шағын несие берілген.

Қаржыландыру көлемі де жылдан жылға артып келеді. 2023 жылы жобаға 96 млрд теңге иге­рілсе, 2024 жылы 20 млрд теңге бө­лініп, оның 13,1 млрд теңгесі нақ­ты іске жұмсалды. Ал 2025 жы­лы бұл мақсатқа 50 млрд теңге қарастырылған.

Қаражат өңірлерге теңдей ба­ғытталды. Мәселен, Түркістан об­лы­сына – 7,4 млрд теңге, Батыс Қазақстан мен Қызылорда облыс­тарына – 5,5 млрд теңгеден, Жам­был облысына – 5 млрд теңге, Ақтөбе облысына 4 млрд теңге бөлінді. Бұл ауыл экономикасын жандандыруға серпін берген маңызды қадам болды.

Алдағы үш жылда жобаға бөлінетін қаржы көлемі 450 млрд теңгеге жетпек. Оның ішінде, 2026 жылы – 100 млрд, 2027 жы­лы – 150 млрд, 2028 жылы 200 млрд теңге қарастырылып отыр.

Бағдарламаны жетілдіру мақ­сатында оның іске асу тетіктеріне де бірқатар өзгерістер енгізілді. Мәселен, 2023 жылы берілген шағын несиелердің 78 пайызы мал шаруашылығына тиесілі бол­ған. Осыған байланысты несие мен лизинг ережелері қайта қара­лып, бір салаға тиесілі қаржы үле­сі 50 пайыздан аспауға тиіс де­ген шектеу енгізілді. Бұл егін­шілік, өңдеу, қызмет көрсету сынды өзге салалардың дамуына жол ашты.

Сонымен қатар ауылдық елді мекендерге бірінші кезекте несие беру, ауыл шаруашылығы коопе­ративтері мен өнімді қайта өңдеу жобаларын басым қолдау тәртібі енгізілді. Бұл өзгерістер партия мен Үкіметтің бірлескен ауқымды талдау-сараптау жұмыстарының нәтижесінде қабылданды.

Бүгінге дейін экономикалық скрининг 2 295 ауылдық округті, 2,2 млн үй шаруашылығын және 8,2 млн-ға жуық адамды қамтыды. Нәтижесінде, тауарлық өнім өн­діруге әлеуеті жоғары ауылдар анықталып, 600 млрд теңгеге жуық 12 мыңнан астам инвес­тициялық жобаның болжамы жасалды.

Зерттеу нәтижелері көптеген ауыл әкімдерінің өз аумағындағы экономикалық әлеуетті толық біл­мейтінін көрсетті. Осыған бай­ланысты «AMANAT» партиясы «Әкімдер мектебі» жобасын ұсы­нып, бастама Мемлекет басшы­сының қолдауына ие болды.

Жоба аясында 2025 жылдың ақпан-мамыр айларында 1 800 ауыл әкімі, ал қыркүйек-желтоқ­сан аралығында 500-ден астам жаңадан сайланған әкім оқытудан өтті. Олар экономикалық скри­нинг жүргізу, кооперация құру, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу мен өткізу жолдарын мең­герді. Әр әкім курс соңында өз ауылының даму бағдарламасын әзірлеп, қорғады.

«Ауыл аманаты» жобасы ауыл халқының табысын арттырып, тұрақты жұмыспен қамтудың тиімді құралына айналды.

Бағдарламаны жүзеге асыру­дың үш жылында 19 мыңнан ас­там жаңа жұмыс орны ашылып, 18 мыңнан астам шағын несие бөлініп, бұл ауыл тұрғындарына жеке кәсібін жүргізуге, шаруа қожалығын кеңейтуге және от­басын тұрақты табыспен қамта­масыз етуге мүмкіндік берді.

Жоба Президенттік сайлау бағ­дарламасының ауыл тұр­ғын­дарының өмір сүру сапасын жақ­сарту жөніндегі негізгі мақсатына қол жеткізуге тікелей ықпалын тигізеді. Әрі ауыл экономикасын әртараптандыруға және тар шең­берлі мамандандырудан аумақ­тардың дамудың кешенді түріне көшуіне жол ашады.

Скрининг нәтижелері бо­йын­ша ауылдық елді мекендерге бі­рінші кезектегі шағын несие бе­руді, сондай-ақ ауыл шаруа­­шы­лығы кооперативтері мен өнімді қайта өңдеу жобаларын жеңілдетілген қолдауды қамта­масыз ететін шағын несиелеу тетігі жаңартылды.

Бұл ауыл шаруашылығының әртүрлі салалары арасында қара­жатты бөлуді теңестіруге мүмкін­дік тудырды. Нәтижесінде, агро­экономика сыртқы тәуекелдерге төзімдірек және қосымша құн жасауға бағытталған.

«AMANAT» партиясының бас­тамасымен Мемлекеттік жос­парлау жүйесіне ауданның даму жоспары енгізіліп, нақты әлеу­меттік-экономикалық нәтиже­лерге әкімдіктердің жауапкер­шілігі артты. 

Сонымен қатар 2024 жылы партияның экономикалық скри­нинг, кооперация және басқару­шы кадрларды әзірлеу бойынша ұсыныстарын қамтитын Өңір­лерді дамытудың жаңа тұжырым­дамасы қабылданды.

Үкімет жанындағы Өңірлерді дамыту жобалық кеңсесінің жұ­мысы аясында партияның тұжы­рымдамалық бастамалары Өңір­лерді дамытудың тұжырым­дамасына экономикалық скрининг, ауыл шаруашылығы коопе­ра­циясын дамыту және «Әкімдер мектебі» тұрғысынан енгізілді. Бұл аймақтардың жан-жақты экономикалық ілгерлеуіне және халық табысының нақты артуына ықпал етеді.

Қабылданған шаралар ­Мем­лекет басшысының коопе­рацияға тарту және 350 мың жұмыс орнын құру есебінен 1 млн ауыл тұр­ғын­дарының табысын арттыруды көздеген «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқай­сымыз үшін» сайлауалды бағ­дарламасының негізгі мақсат­тарының біріне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

«Әкімдер мектебі» жобасы ая­сындағы оқыту барысында әкім­дер өз округтерінің әлеуетін ба­ғалау, кооперацияны дамыту және нақты кірісті экономикалық жо­баларды іске қосуға, салық база­сын арттыруға және жергілікті жерлерде жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беретін өңдеуді қолдаудың практикалық құрал­дарына ие болады.

Қорыта айтқанда, «Ауыл ама­на­ты» жобасы ауыл тұрғын­да­рының өмір сүру сапасын жақсар­туға, табыстарын арттыруға және жергілікті экономиканы әртарап­тандыруға нақты үлес қосуда. Жобаның тиімділігі әкімдердің біліктілігін арттыру және инвести­циялық жобаларды іске қосу ар­қылы айқын көрініс табады. Елдің агроөнеркәсіптік секторын да­мыту, кооперацияны кеңейту және жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы «Ауыл аманаты» бағдар­ламасы Президенттің сайлауалды бағдарламасында көзделген не­гізгі мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Ә.САМАТҰЛЫ

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:138
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Желтоқсан 2025 06:59
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Менің жүрегім ондайға дауаламады... : Өмірқұл Айниязов екінші әйел алуға қатысты ойын айтты (видео)

13 Тамыз 2026 22:53see146

Астанада полицейлер алтын әшекейлер ұрлаған күдіктіні қолға түсірді

13 Тамыз 2026 10:13see116

Дәрігерлер отадан кейін қазақстандықтың денесінде зат қалдырып кеткен

13 Тамыз 2026 10:29see116

Баланы 1 сыныпқа психологиялық тұрғыда қалай дайындау керек

13 Тамыз 2026 13:44see115

Жастардың 80% ға жуығы баланы дүниеге әкелуді алдын ала жоспарлау қажет деп санайды

13 Тамыз 2026 17:41see114

Велоспорттан әлем чемпионаты: Алматыда көлік қозғалысына өзгерістер енгізіледі

13 Тамыз 2026 22:24see114

Бүгін Жауынгерлік даярлық маманы күні

14 Тамыз 2026 11:36see113

Пәкістан премьер министрі Шахбаз Шариф Астанаға мемлекеттік сапармен келеді

14 Тамыз 2026 10:09see113

Энергетика министрлігі Қазақстанда жаппай жарықтың өшуіне байланысты мәлімдеме жасады

14 Тамыз 2026 17:56see113

Бір аптада елде қандай азық түлік арзандады

14 Тамыз 2026 21:25see112

Теледебаттар миллиондаған аудиторияның назарын аударды саясаттанушы

13 Тамыз 2026 13:12see112

Мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылау: не өзгерді

14 Тамыз 2026 09:15see111

Елена Рыбакина Торонто турнирінің финалына шықты

13 Тамыз 2026 23:17see110

Спорт күні қарсаңында спорт қауымдастығының өкілдері марапатталды

14 Тамыз 2026 20:05see110

Қазақстанда бензин бағасы қалай қалыптасады және оған мұнай құны әсер ете ме?

14 Тамыз 2026 08:38see110

ШҚО да түрмедегі досын туған күнімен ерекше құттықтамақ болған азаматтың басы бәлеге қалды

13 Тамыз 2026 19:19see109

Түркістан облысында жасырын босанып, жаңа туған шақалақты шұңқырға тастаған бойжеткен сотталды

14 Тамыз 2026 19:37see109

Ағайынды Оралбай мен Назым Қызайбайға медаль табысталды

14 Тамыз 2026 19:17see108

44 градус ыстық болады: төтенше жағдай қызметі ескерту жасады

14 Тамыз 2026 10:09see108

Алматыдағы өзенге лас су ағып жатыр тексеру нәтижесі қандай

13 Тамыз 2026 23:00see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары