Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Автобус жүргізушілері наразылық танытты

Автобус жүргізушілері наразылық танытты

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қызметкерлердің мәліметінше, 2024 жылы Атырау қалалық мәслихаты автопарк жүргізушілерінің жалақысын 530 мың теңге көлемінде бекіткен. Алайда содан бері екі жылға жуық уақыт өтсе де, олардың ешқайсысы бұл соманы толық көлемде алмаған. Жүргізушілердің айтуынша, шын мәнінде алатын табыстары әлдеқайда төмен.

Белгілі болғанындай, «Алғабас», «Атырау – автопаркі» басшылығы сәуір айынан бастап еңбекақы мөлшерінің төмендейтіні туралы ескерту жасаған. Бұған дейін компания қызметкерлерге бір сағаттық жұмыс үшін 3 500 теңге төлеп келген. Енді бұл төлем 2 480 теңгеге дейін азайтылмақ. Ал жүргізушілер бұған наразы. 

«Біздің талабымыз – Атырау қалалық мәслихаты бекіткен 530 мың теңге көлеміндегі жалақының толық төленуі және барлық міндетті әлеуметтік аударымдарды қалпына келтіру», – дейді жүргізушілер. 

«Бізге: «500 мың теңге жалақыны мамырға дейін аласыздар», – деді. Жұмысымыз оңай емес. Таңғы 6.00-дан түнгі 22.00-ге дейін халықты тасып жүреміз. Жүргізушілер автобустарды да жуамыз, көлікті таза ұстап отырмыз. Сондағы алатынымыз – 280 мың теңге. Тек жүктемеміз көбейген кезде ғана 400 мың теңге алып жүрдік. Желтоқсаннан бері міндетті медициналық сақтандыру да төленбеген. Сырқаттансақ, жеке емханадағы дәрігерлерге баруға мәжбүрміз. Біз артық ештеңе сұрамаймыз. Осыдан екі жыл бұрын Атырау қалалық мәслихаты бекіткен жалақымыз толық көлемде төленсін», – дейді «Алғабас» автопаркінің жүргізушісі Ержан Жармұқанов.

Қоғамдық көлік жүргізушілерінің айтуынша, жалақы теңсіздігі бір немесе екі автопаркке ғана қатысты емес. 

– 2024 жылдың жазында жалақымызды көтерді. Өзіміз сол айлыққа қанағаттанамыз. Атырауда 7 автопарк жұмыс істейді. Соның бесеуінде жұмыс істейтін жүргізушілер төменгі жалақы алып отыр. Түсінгеніміз бойынша, біздердің айлығымызды солар­мен теңестірейін деп отыр. Ал біз оған қарсымыз, – дейді автобус жүргізушісі Меңдігерей Аманов.

Осы жағдайға байланысты, Атырау қалалық әкімдігі ресми түсініктеме берді. Әкімдіктің ресми өкілі Еркеназ Қалижан­ның айтуынша, жүргізушілердің талабы негізсіз емес. 

– Қоғамдық көлік саласында жұмыс істейтін жүргізушілердің әлеуметтік жағдайын жақсарту және саладағы кадрлық тұрақты­лықты қамтамасыз ету мақсатында, Атырау қаласы әкімдігі тарапынан 2024 жылдан бастап жүргізушілердің еңбекақысы кезең-кезеңімен ұлғайтылып, қазір белгіленген мөлшерде төленуі қамтамасыз етіліп келеді. Жүргізушілердің еңбекақысы жолаушылар тасымалына бөлінетін субсидия құрамына енгізілген және барлық автопарктер үшін бірдей қарастырылған.

Туындаған мәселе «Атырау – Автопарк» және «Алғабас» автопаркінің қызметіне қатысты. Жиналған жүргізушілерді автопарк басшылығы қабылдап, аталмыш жағдай бойынша тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Келіссөздер нәтижесінде жағдай реттелді. «Атырау – Автопарк» және «Алғабас» автопарктеріне қатысты туындаған мәселе бойынша тараптар келісімге келді. Нәтижесінде, қызметкерлердің жалақы қоры 531 962 мың теңге көлемінде сақталатын болды. Сонымен қатар 16 пайыз көлемінде үстеме шығын қарастырылды, – деді спикер.

Бүгінде Атырау қаласы бойынша 7 автопарк жұмыс істейді, олардың балансында 302 автобус бар. Бұл – қала тұрғындарының күнделікті үйден жұмысқа, оқушылар мен студенттердің сабаққа, зейнеткерлердің діттеген жеріне қатынауын қамтамасыз ететін маңызды инфрақұрылым.

Жанат Еркінова – қоғамдық көліктің тұрақты қолданатын қала тұрғыны. Ол қала сыртындағы Дамбы ауылында тұрады. Жұмысы – қала ішіндегі Рахат шағын­ауда­нында. «Жұмысым таңғы 9-да басталады. Үйден таңғы 7-де шығып кетуге тырысамын. Содан екі автобусқа мініп, қалаға жеткенімше сағат 9-ға таяп қалады. Жыл мезгіліне, ауа райының түрлі «мінезіне» қарамастан, біздерді тасып жүрген қоғамдық көліктерге ризамын. Кейде ауа райы бұзылса, аялдамада тұрып қалатынымыз бар. Бірақ бәрібір 2000-3000 теңгеге такси алғанша, 80 теңге төлеп, діттеген жерге жету әлдеқайда тиімді, қалтаға да ыңғайлы. Қарапайым адам болғандықтан, бізге жолақысын үнемдеу ыңғайлы», – дейді ол. 

Бұл бір ғана Жанаттың емес, қоғамдық көлікті күнделікті қолданатын қарапайым тұрғындардың пікірі деуге болады. Сондықтан айтпағымыз, автобус жүргізушілерінің қыз­меті – халық үшін өте маңызды сектор. Демек, автобус жүргізушілерінің еңбек жағдайы – әркез бірінші орында болуға тиіс. 

Айта кетелік, Атырау қаласындағы қо­ғам­дық көліктерді субсидиялау үшін 11 млрд теңгеге жуық қаржы керек. Қаражаттың шектеулі болуына байланысты жергілікті қазынадан әзірге 2 млрд теңге бөлінген. Аты­рау қалалық жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі басшысы­ның орынбасары Алмас Сәрсенов айтуынша, субсидия көлемінің артуына жанар-жағар­май бағасының, автобөлектердің қымбат­тауы, жолаушылар санының, жүргізушілер жала­қысының артуы сынды факторлар әсер етеді.

– Қазіргі уақытта Атырау қаласы аума­ғында 38 бағыт болса, оның 36-сына субсидия беріліп отыр. Оның көлемі жолаушылардың ағынына, бағыт пен автобус саны сияқты бірнеше факторға байланысты. Арнайы бекітілген талап пен есептеу жүйесі бар, соған сәйкес қаржыландырылады, – деді Атырау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Алмас Сәрсенов.

Қалай десек те, қоғамдық көлік – қала өмірінің ажырамас бөлігі, ал жүргізушілердің жағдайы оның сапасына тікелей әсер етеді.

Баян ЖАНҰЗАҚ, 

Атырау облысы

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:189
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Наурыз 2026 06:47
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары