Аяқ киімге байланысты алтынды тартып алды: Қазақстан Тоқсанбаеваға жүлдеақыны өз есебінен төлейді
Azh.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Сурет: Арлан Олжабай / ҚР ҰОКҚР Жеңіл атлетика федерациясы аяқ киіміне қатысты шағымдарға байланысты Азия ойындарының алтын медалінен айырылған Ясмина Тоқсанбаеваға жүлдеақы төлейді. Тексеру қорытындыларына қарамастан, бұл соманы федерация өз қаражаты есебінен төлейтін болды.
Еске салсақ, спортшы марафондық қашықтыққа (42,195 км) спорттық жүруден 3:22:20 нәтижесін көрсетіп, «алтын» жеңіп алған еді. Дегенмен мәреге жеткеннен кейін ол жарыстан шеттетілді.
Федерация түсіндіргендей, спортшы өнер көрсеткен ASICS кроссовка маркасы World Athletics рұқсат еткен тізімге кіреді, алайда Тоқсанбаева киген нақты үлгі бұл тізімде болмай шыққан. Бұл ретте старт алдында аяқ киім ресми тексеруден өтіп, төрешілер алқасы жеңіл атлетті жарысқа жіберген болатын.
Қазақстан тарапы жарыстан шеттету туралы шешімге қатысты ресми наразылық пен шағым жолдап үлгерді.
«Федерация Ясминаның құқығы мен мүддесін қорғау жұмысын жалғастырады. Біз үшін ол — чемпион. Наразылықты қарау нәтижесіне қарамастан, жеңімпаз үшін көзделген барлық жүлдеақы төлемдері федерацияның өз қаражаты есебінен толық көлемде жүзеге асырылады», — деп баса айтты федерация мүшелері.
Кеше, 18:53
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:140
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қыркүйек 2026 08:22 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















