Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

Абай Бегей мен Фариза Жұманова Вьетнамда гендер пати өткізді

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

Аяқкиімің тар болса... : мамандар қандай аяқкиім алу керегін айтып берді

Аяқкиімің тар болса... : мамандар қандай аяқкиім алу керегін айтып берді

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Аяқкиімді дұрыс таңдай алмаудың салдарынан оның зардабы да шаш-етектен асады. Аяқты қажап қана қоймай, қолайсыз, табаны жұқа не қатты болса да, тіпті аяқкиімнің кеңдігі де денсаулыққа кесірін тигізеді. «Аяқкиімің тар болса, дүниенің кеңдігінен не пайда» демекші, мамандар қандай аяқкиім кию керегін айтып берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Он жылдан астам тәжірибесі бар маман, подолог Расадана Левковичтің айтуынша,  аяқтың сау болуы үшін аяқкиім дұрыс болуы өте маңызды.

 – Өкінішке қарай, аяқкиімнің дұрыс болмауы – күрделі мәселелердің басты себебі. Емделушінің көпшілігі осымен маған келіп жатады. Ең алдымен ұшы сүйір, тым тар, әсіресе биік өкшелі аяқкиімді кимеуге кеңес беремін. Қыз-келіншектердің күнделікті жүріп-тұруына биік өкшенің 5-6 см аспағаны жақсы. Табаны жұқа, теп-тегіс балетка немесе кеданың да қажеті жоқ. Аяқтың өлшемі сәйкес келмейтін, яғни тар да, кең де болмауы тиіс. Аяқты демалдырмайтын синтетикалық материалдан жасалған аяқкиім де зиян. Сондай аяқкиімнің қай-қайсысы табанның биомеханикасын бұзып, патологиялық өзгеріске ұшыратады. Тәжірибемде жиі кездесетін жағдай мыналар: тырнақтың етке кіріп өсуі, тырнақ пластинасының деформацияға ұшырауы, гиперкератоз, яғни табандағы терінің ойылып қатаюы, сүйелдің шығуы, табанның жарылуы, жүруге ауырсыну, бақайлардың өзгеріске ұшырап, балға тәріздес болуы.

Бұл жай ғана эстетика емес, өмір сапасына әсер ететін жағдай. Тәжірибемде мұндай дүние кездейсоқтық емес, керісінше заңдылыққа айналған. Мысалы, бір пациентім ұзақ уақыт бойы тар, биік өкшені тастамай киген. Салдарынан тырнағы етке кіріп өсіп, қабынып, созылмалы дертке айналды. Тырнағының қабынуын өзін бірнеше ай емдедік. Оған қоса, тырнағының қалыбын  қалпына келтіру үшін түзету жүйесін орнаттық. Міне, осының бәрі – қыз-келіншектердің жайлы аяқкиім емес, әдемілігіне қарай таңдауынан. Сондықтан табан – бүкіл тірек-қимыл аппаратының негізі. Егер негіз бұзылса, бұл тізе, жамбас, омыртқаға әсер етеді. Сол себепті маман ретінде айтарым, аяқкиімнің әдемілігіне емес, әуелі физиологиялық тұрғысынан дұрыс болуын қараңыз. Аяқкиім жай ғана гардеробтың бір элементі емес, ол денсаулыққа салынған инвестиция, осыны ұмытпаңыз, – дейді подолог Расадана Левкович.

16 жылдық тәжірибесі бар флеболог-дәрігер Асхат Қасымұлы болса, аякиімді маусымға сай кию керегін жеткізді. Ол аяқтық тоңып қалмауы не терлеп кетпеуі керегін айтты.

– Флеболог ретінде айтар болсам, алдымен аяқкиім қолайлы болуы керек. Аяқкиім аяқты қатты қыспауы тиіс. Тіпті, аяқтың өлшемімен дәлме-дәл тақап алудың да қажеті жоқ. Өз өлшеміңізге +5 мм болғаны жақсы. Сонымен бірге аяқкиімді маусымға сай киіп, аяқтың тоңып не терлеп кетпеуін қадалаған жөн. Бастысы аяқкиімнің іші құрғақ болып, дымқылданбауы қажет. Ал қыз-келіншектер биік өкшелі аяқкиімді 5 см-ден асырмағаны дұрыс, – деді Асхат Қасымұлы.

Ал травмотолог-ортопед Ержан Мұратбек жай табан аяқкиімнің бәрі бірдей жақсы бола бермейтінін меңзеді.  Оның айтуынша, басы үшкір әрі биік өкшелі аяқкиім қыз-келіншектердің денсаулығына кесірін тигізіп қана қоймай, аяғын құртып жібереді.

– Биік өкшелі аяқкиім – сәнге киілетін дүние. Ондай аяқкиімнің бас жағы сүйірленіп келуі, табасының жұқалығы кемінде тырнақ пластинасының бұзылуы, тырнақтың етке кіріп өсуіне әкеледі. Сондықтан күніне 2-3 сағат қана киіп, арасында қолайлы аяқкиіммен ауыстырып алған жөн. Алайда мұндай аяқкиімді ұзақ уақыт кисеңіз, біздің қабылдауымызға жазылатыныңыз анық. Әсіресе, қыз-келіншектер арасында кеңінен таралған дүние: биік өкшелі аяқкиім тарлығы да бас бармақтың қисаюына немесе сүйектің шығуына, деформациялануына (hallux valgus) әкеледі. Аяқкиім биік болған сайын бүкіл салмақ аяқтың басына түседі. Ал оның өкшесі жіңішке болса, тобыққа тұрақтылық бермейді. Сол себепті абайсызда тобықты шығарып алып, аяқты жарақаттап алу мүмкін. Сондықтан аяқкиімнің өкшесі қалың, тұрақты болғанын қараңыз, – деді Ержан Мұратбек.

Травмотолог-ортопед маман өкшесі жағынан қолайлы жасалған «казаки» деген аяқкиімнің де кемшілігі барын айтты.

– Аяқкиімнің бас шағы сүйірленіп келгендіктен, бүкіл бақай, аяқтың басы бір бұрышқа қысылады. Ондай аяқкиімді азды-көпті киюге болар, бірақ ортопедия жағынан бұл – қолайсыз аяқкиім. Тіпті, бүгінде сәнге айналған табаны жіңішке кроссовка мен кеды да зиян.  Ыңғайлы деген кроссовканың сапасын қарап, пайдаланатын мақсатына қарай алу керек. Мысалы, көшеге киіп жүрген кроссовка тауға шығуға жарай бермейді. Оған өзінің арнайы аяқкиімін алған дұрыс. Табанында арнайы протекторы қойылып, бас жағы соғып алудан қорғайды. Оның байлайтын бауында да айырмашылығы бар, – дейді  Ержан Мұратбек.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:97
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Сәуір 2026 16:21
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see141

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see140

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see139

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see136

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see134

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see133

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see133

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see127

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see126

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see124

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see123

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see122

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see122

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see122

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

25 Қазан 2026 09:29see122

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

24 Қазан 2026 22:01see117

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

25 Қазан 2026 10:00see116

Абай Бегей мен Фариза Жұманова Вьетнамда гендер пати өткізді

25 Қазан 2026 10:13see115

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

24 Қазан 2026 22:17see113

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

24 Қазан 2026 14:36see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары