Азия ойындары: Қазақстандық спортшы кураштан жартылай финалға өтті
Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Жапонияның Аичи префектурасында ХХ жазғы Азия ойындары аясында кураштан әйелдер арасында 87 келіден жоғары салмақтағы белдесулер жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осы салмақта Арайлым Шегенова жарысты 1/8 финалдан бастап, вьетнамдық Дыонг Тхань Тханьді 5:0 есебімен жеңді. Ал 1/4 финалда Оңтүстік Корея өкілі Жонгвон Парктан 3:0 есебімен айласын асырды. Жартылай финалдық белдесу Астана уақытымен 10:10-да өтеді.
Одан бөлек, 86 келідегі Альбина Бахиева ширек финалда Минйонг Кимнен (Оңтүстік Корея) өте алмады. Есеп: 0:10.
Ерлер арасында 66 келіге дейінгі салмақта 1/16 финалдық белдесуд. Нұр Аманшүкіров тәжікстандық Ёсин Бобокалоновтан 0:5 есебімен есе жіберді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:50
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қыркүйек 2026 08:16 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















