Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Уақытпен үндескен ұрпақ

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Азықтың салмағы аз болмай тұр

Азықтың салмағы аз болмай тұр

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Мемлекет басшысы таяудағы Үкіметтің кеңейтілген отыры­сын­да ауыл шаруа­шылығы бағы­тындағы шикізатты терең өңдеу, азық-түлік импортына тәуелді­лікті азайтып, бағаның өсуін рет­теп, тамақ өнеркәсібін дамы­туды тапсырды.

– Шикізатты терең өңдеу – ауыл шаруашылығына да қатыс­ты өте өзекті мәселе. Агроөнер­кәсіп кешенін қолдау шаралары қордаланған мәселелерді шешу үшін емес, тек осы саладағы жал­пы өнімді арттыру үшін қабыл­данып жатыр деуге болады. Со­ның салдарынан әлі күнге дейін азық-түлік импортына тәуелді болып отырмыз, баға да өсуде... Үкімет бизнес қауымдастығымен бірлесе отырып, тамақ өнеркәсі­бін дамытуға қатысты жүйелі ша­ра­лар қабылдауға тиіс, – деген бо­латын  Президент.

Импортқа тәуелділіктің тұзағы

Ұлттық статистика бюросы­ның мәлі­метінше, 2023 жылы азық-түлік бағасы шамамен 8,5%-ға өскен. 2024 жылы азық-түлік инфляциясы 5,5% болды. Ал былтыр 13,5%-ға көтерілген. Салыстырмалы түрде жылдан жылға, азық-түлік бағасы қым­бат­тап барады. Жыл басынан бері халық көп тұтынатын ет өнімдері 23%-ға, шұжық өнімдері 19%-ға, алкогольсіз сусындар 16,8%-ға, сүт өнімдері 10-12%-ға, нан өнім­дері 8,5%-ға, қант 7,9%-ға өсті.

Finprom.kz мәліметінше, қазақстан­дықтардың тұтынушы­лық шығындарының шамамен 57,2%-ы азық-түлікке жұмса­лады. Бұл пандемиядан кейінгі ең жоғары көрсеткіш болып отыр және дамыған ел­дермен салыс­тыр­ғанда бірнеше есе жо­ғары. Шетелдіктер азық-түлікке та­быстың тек 10–15%-ын жұмсай­ды екен. Демек, азық-түлік өнім­дерінің артуында едеуір өсім бары рас.

Мәжіліс кулуарында Пре­мьер-ми­нистрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Се­рік Жұманғариннің өзі де азық-түліктің қымбаттағанын ішінара мойындаған еді. 

– Біз барлық азық-түлік түрі­мен өзі­мізді толық қамтамасыз ете алмаймыз. Әлеу­меттік маңы­зы бар азық-түлік тауар­лары бойынша өзімізді 70-90 пайыз ара­лығында қамтамасыз етеміз. Тек әлеуметтік маңызы бар өнімдерді ғана емес, басқа да тауарларды тұтынатын адамдар олардың импорттық болуы мүм­кін екенін түсінуі керек. Бүкіл әлемде азық-түлік бағасы өсіп жа­тыр. Азық-түліктің басым бөлігін Ре­сейден аламыз. Соған орай импорт инфля­цияға әсерін тигізеді. Сондықтан қосылған құн салығының 4 пайызға өсуін бәріне кінәлі деу дұрыс емес, – деген болатын вице-премьер.

Әйтсе де, Sana business ака­демия­сының негізін қалаушы, белгілі қаржы сарапшысы Мақсат Халық болса, азық-түлік бағасы­ның негізсіз шарықтауының себебін қосылған құн салығының көтерілуімен байланыстырады. 

– Азық-түлік бағасының үнемі қым­баттауы инфляцияға тікелей қатысты. ҚҚС-ның 16%-ға көтерілуінен бағалар да өсуде. Шаруаларға жағдай жасалмаса, баға өсіп, Ресей, Беларусь жалпы шетел өнім­дері көбейе береді. Яғни, шаруаға тұқым жеткізіп беріп, ғылыми-зерттеулердің нәтижесін қолданысқа енгізіп, шөлейтті жерлерге төтеп бере­тіндей өнімдер өсіру, жылыжай­ларға тамшылатып суаруды үйлестіру, газбен жылыту, зама­науи қой­малар салу, субсидияны әділ бөлу сияқты істерді қолға алу керек. Шаруаның өнімі нарыққа жеткенше делдалдардың қолына түсіп, үстеме бағада сатылуда. Ең негізгісі – делдармен күрес жүр­мейді. Соның салдарынан халық әлеуметтік маңызы бар азық түлікті қымбатқа алуға мәжбүр. Жұ­мысты дұрыс үйлестірсек, баға әп-сәтте тұрқталады, – дейді қаржы сарапшысы.

Жуырда Үкіметте инфляция және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауар­лары бағасының жағдайы қаралды. Баға өткен желтоқсандағы 13,5%-дан қаң­тарда 12,9%-ға, ақпанда 12,7%-ға дейін төмен­депті. Бұл арада эко­номика ғылымдарының канди­даты, профессор Сапарбай Жобаев­­тың пайымы сәл басқаша. Білікті эко­номист азық-түлік бағасының жиі көте­рілуін лати­фундистер мен олигарх­тардың әртүрлі жолмен субсидия­ны қар­мап қалуымен ұштас­тырады. Ол атқамінер­лердің бағаны әкім­шілік күшпен тұрақ­тандыруы дұрыс емес деп санай­ды. Бұндай келеңсіз әдіс шаруа­ның ісін тұ­ралатып тұрғандай. 

– Қазақстанда азық-түлік бағасының қымбаттауы қалыпты жағдайға айналды. Дүниежүзілік банктің есебі бойынша, 2 мил­лионға жуық әлеуметтік көмекке мұқ­таж жан бар. Оларға да жәр­дем қарас­тырылуы қажет. Халық­аралық валюта қорының алдында әлеуметтік нарықтың эко­номикаға көшсек те, бағаны жо­ғарыдан белгілеу әлі тыйылмады. Ұн, нан, ет-сүттің бағасын көтер­мей ұстап тұрамыз деген бос желеу­мен 1 трлн-ға жуық субси­дия­ның 90 пайызын лати­фундис­тер мен олигархтар қармады. АӨК тікелей әсер ететін жанар-жағармай, коммуналдық төлем­дерді қолдан өсірген соң, тағам өнімдері де күрт көтеріледі. Бұл айналып келгенде халықтың табысына салмақ салып отыр. Бағаны еркіндікке жіберсе, азық-түлік бағасы түсіп кетуі де мүмкін. Антимонополияға жауаптылар бағаға араласса дейміз. Былтыр картопты тапшы деп, 400-500 теңгеге қолдан көтеріп едік, тиімсіз болды. Ақыры фермерлер араласып жүріп, бүгінде еркін айналымда картоп 180-220 тең­геден сатылуда. Осындай еркін бәсекелестік айналымда болған­дықтан, сәбіз, пияз да арзан. Әлеуметтік нан – 110 теңгеден сатылса да, халық еркін айналым­дағы сапалы нанды 220-230 теңгеден сатып алуда. Етке квота белгілепті, сонда фермер етін сатуы үшін әкімдік жағалап жүре ме, әлде бизнесін өркендетіп, пұлдай ма? Өнімін өткізуге рұқсат алу ісінде жемқорлық фактілері туындап кетуі ықтимал ғой. Жа­лақы, әлеуметтік төлемдер кө­беймей, азық-түлік құнының шарықтауы – абсурд, – дейді экономист.  

Қолдау, кемшілік те жоқ емес

ҰСБ дерегінше, 2026 жылғы ақпандағы жылдық мәндегі инфляция 11,7%-ды құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 12,7%-ға өскен. Жылдық мәнде көк шөптер (көк пияз, аскөк, ақжелкен) – 7,6%, кәді – 6,2%, күріш – 4,3%, қырыққабат – 1,5%-ға  арзандады. Мейіз – 8,8%,  тәтті печеньелер – 8,5%, бал – 7,2%, құрма 5,8%-ға қым­баттады. 2026 жылғы ақпандағы инфляцияның айлық деңгейі 1,1%-ды құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 1,3%-ға қымбаттады. Дәлірек, азық-түлік өнімдері арасында қиярдың баға­сы – 3,9%, пияз – 3,2%, апельсин­дер – 0,9%, тауық – 0,6%,   сүйек­сіз сиыр еті 0,2%-ға ғана тө­­мен­­депті. Ал консервіленген жү­­гері бағасы – 8,6%, минералды су бағасы 6,8%-ға көтерілді.

Аграрлық несие корпорация­сы дереккөздеріне сүйенсек, бү­гінге дейін 202 несие серіктестігі құрылыпты. Бұл 20 мыңға жуық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді біріктірген. Кре­диттік серіктестіктер арқылы фермерлерге 288 миллиард теңгеге 40 мыңнан астам несие берілген көрінеді. Яғни, мемлекет тарпынан қолдау бар. Дей­тұрған­мен, әкімшілік кедергілер әлі де толық жойылмағанға ұқсайды. «Олжа» шаруа қожалығының басшысы Болат Әлдебайұлы азық-түлік тауарларын өндіретін шаруалардың базынасын жүйелі түрде тыңдап, бірлесіп шешу керек деп санайды. 

– Ет, сүт бағы­тындағы шаруа­шылықтарды ұлғайтуға болады. Ол үшін коо­пера­ция тетіктерін жеңілдету керек. Өйткені кезінде коо­ператив құрамыз деп, бірік­пей, кейін шығынға батып, жоқ кә­сіптің кредитін әлі төлеп отыр­ғандар бар. Бүгінде шаруаның техникасын алуға 5 пайыздық же­ңілдік беріле бастағаны қуан­тады. Енді мал алуға 5 пайыздық жеңілдетілген несие беріліп, «Даму» қоры арқылы 85 пайы­зына дейін кепілдендірілсе, шаруа алға басады. Ел ішінде егін егіп, мал ұстап, бордақылап, кәсіп еткісі келетіндер көп. Кө­бісі бизнес жоспарын дұрыс құра алмай, жеңілдік алудың жолын білмей, кәсіптің көзін таппай жүр, – дейді фермер.

Сауда және интеграция ми­нистрлігінің ресми өкілі Тойгүл Жұбанисованың айтуынша, елдегі азық-түлік бағысының тұрақтандырылуы  бойынша атқарылып жатқан іс көп.

– Елде 2025-2028 жылдарға арналған инфляцияны бақылау және төмендету бойынша шара­лар кешені жүзеге асырылуда. Жыл басынан бері өңірлерде 179 отырыс өткізіліп, сауда үстемесін асыра қолданғаны үшін 576 әкімшілік қаулы шығарылды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына 15%-дық сауда үстемесінің сақталуы бақылауда. Көкөніс өнімдері бойынша ішкі нарықтағы жағдайды тұрақ­тандыру үшін Иран, Пәкістан, Әзербайжан, Өзбекстан, Тәжік­стан, Қырғызстан және Түрік­мен­станнан жеміс-көкөніс өнімдерін импорттаудың жеңіл­детілген тәртібі бар. Геосаяси жағдайлар да ескеріліп отыр. СІМ мен АШМ арасында бағаны тұрақтандыруға байланысты меморандум жасалды. Мал өсірушілер одағымен меморандум пысықталып жатыр. Қазір фер­мерлер сиыр етін тікелей Magnum Cash & Carry және Small сауда желілеріне 2900–3100 теңгеден сата алады. Сонымен қатар әлеуметтік бұрыштарда еттің бөлшек саудадағы бағасы 3 700 теңгеден аспауға тиіс. Ал Құс өсірушілер одағымен әлеуметтік дүкендерде жұмыртқа құнын 55 теңгеден асырмауға келістік. Отан­дық қант зауыттарын шикі­затпен қамтамасыз ету және қолжетімді қант өндіру мақса­тында 2026 жылдың соңына дейін Қазақстанға 100 мың тоннаға дейінгі шикі қант импортына кедендік баж салығын нөлге теңестіру туралы шешім қабыл­данды, – деді министрлік өкілі. 

Қорыта айтқанда, ең алдымен шенділер азық-түліктің қымбат­тауын жаһандық үрдіске балай­тыны байқалды. Дегенмен бағаға импорт үлесінің мол болуы да септесіп отырғаны анық. Атқары­лып жатқан іс аз емес, әйтсе де азық-түлік бағасының өсімін әзірге тек қолдан ұстап отыр­ғанымыз шындық.

Олжас ЖОЛДЫБАЙ

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:91
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Наурыз 2026 17:26
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see165

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see154

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see153

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see152

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see150

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see148

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see144

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see143

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see140

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see138

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see134

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see134

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see131

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see129

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see125

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see125

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see124

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see124

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see123

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see119
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары