Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Бұралқы иттерге бақылау болмай тұр

Бұралқы иттерге бақылау болмай тұр

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Көше бойын кезген қаңғыбас иттердің көбейгені соншалық, тұрғындардың өмірі мен қауіпсіздігіне қатер төндіре бастаған. Аймақта кейінгі жылдары ит қапқандардың саны өскен.

Әлеуметтік желілерде желдей ескен жұртшылық бұралқы иттердің ма­за бермей тұрғанына шағымданып, ащы жанайқайын айтып жыларман бол­ға­лы қашан?! Бюджеттің бүйірінен жыл сайын миллиондаған қаржы құйылып, иттерді тіркеу, стерильдеу және чиптеу, ек­пе салу сияқты тиісті шаралар жүргізіліп жат­қандай еді. Алайда бұралқы иттердің саны азаймай, керісінше одан сайын есе­леп көбейіп барады. Түйткіл тек желілерде ға­на емес, ресми алаңдарда мемлекеттік ор­гандар өкілдерінің қатысуымен жиі қызу талқыға түсіп жатыр. Өйткені көше кезген бұралқы иттер жергілікті биліктің жүйесіздігі мен жүгенсіздігінің салдары еке­ні айғақтап отыр.

Күні кеше облыстық қоғамдық кеңес­тің отырысында облыстық Ветеринария бас­қармасының есебі тыңдалып, мәселе ашық әрі өткір көтерілді. Басқарма бас­шы­сының баядамасында бұралқы ит­тер­дің шабуылының салдарынан ауруханаға жүгінгендер статистикасы жай цифр емес, оның артында қаншама адамның үрейі жатқаны айқын көрінеді. 

Мәселен, 2023 жылы Ақмола өңірінде жануар­лардан 1 744 адам зардап шексе, 2024 жылы бұл көрсеткіш 1 937-ге жеткен. Ал былтыр 2 481 адамды қаңғыған ит қап­қан. Яғни, тек екі жыл ішінде жарақат ал­ған­дар саны 737 адамға артқан. Бұл өңір­де күн сайын орта есеппен жеті адам­ды ит қауып жатқанын ай­ғақтайды. Олар­дың арасында бесіктен бе­лі жаңа шыққан балалар да, жасамыс қарттар да бар. 

Қоғамның қауіпсіздігіне қатер төн­дірген, мәселенің астарында та­ғы да қара­жаттың тиімсіз әрі жүйесіз жұм­салуы жатыр ма деген күдік бар. Өйт­кені кейінгі бірнеше жыл ішінде ғана бұ­ралқы иттердің санын реттеуге бюд­жеттен ондаған миллион теңге бөлінген. Ве­теринария басқармасының мәлі­ме­тінше, 2020 жылы 53,1 миллион теңге жұм­салып, 21 мыңнан астам ит пен мы­сық жойылса, 2021 жылы 48,2 миллион тең­геге 19 мыңнан астам бұралқы иттер құр­тыл­ған. 2022 жылы қаржы азайып, жойыл­ған жануарлар саны да екі есеге дейін қыс­қарып­ты. Ал 2021 жыл­дың соңында қабыл­данған «Жануар­ларға жауап­кершілікпен қарау туралы» заң бұл сая­сатты түбегейлі өзгертіп жіберген. Ен­ді ит­терді жою емес, оларды ұстап, стери­ль­­деп, екпе салу содан қайта көшеге жіберу жүйесі енгізілген-ді.

Бұл қоғамда жануарларға жауапкер­шілік пен гуманизмді шыңдауға тиіс болғанымен, іс жүзінде қоғам қауіп­сіз­дігіне кері ықпалын тигізе бастаған. Заң арқылы бекітілген бағдарлама мен бө­лінген миллиардтар күткен нәтиже бере ал­мағанын уақыт та көрсетіп берді. Чип­телген, кастрацияланған, стерильденген ит­тер көшеге қайта жіберілген соң, аштық пен тіршілік үшін күрес жағдайында бұрынғысынша агрессивті мінез танытып, топтасып адамдарға шабуыл жасауын тоқтатар емес. Бұл орайда заңның адам қауіпсіздігін екінші орынға ысырып қойғандай көрінеді.

Мәселен, былтыр облыс бойынша қаң­ғыбас жануарлар мәселесіне 96,4 мил­лион теңге бөлінген. Бұл қаржы төрт ба­ғыт­қа – аулау, сәйкестендіру, стерильдеу және уақытша ұстауға жұмсалыпты. Мем­лекеттік сатып алу нәтижесінде тоғыз мер­дігер ұйым анықталған. Оның ішінде ком­мерциялық кәсіпкерлер, ком­мунал­дық мекемелер және жануарларды қорғау ұйым­дары бар. Жыл ішінде 5 500 ит аула­нып, оның 1 650-і ғана қауіпке байланысты жойыл­ған. Бірақ бұл да жеткіліксіз болып шықты.

Бір қызығы, мемлекеттен бұл сала­ға бөлінген бюджет жылдың орта­сына жетпей игеріліп біткен. Ал қосымша қар­жы бөлінбегендіктен, ветеринариялық қыз­меттер тұрғындардың шағымы бойын­ша өз есебінен ит аулауға мәжбүр бол­ған. Яғни, жүйе қаржылық жағынан да тұрақсыз, жоспарлау жағынан да әлсіз екенін көрсетіп берді.

Бірақ мәселе тек ақшада емес, қоғам­дық жауапсыздығы да түйткілдің тереңдей түсуіне себепкер болып отыр. Құзырлы Ве­теринария басқармасы мен жергілікті би­лік өкілдерінің мәліметінше көпқабат­ты үйлердің аулаларында, балалар алаңын­да ит пен мысық асырап, оларды бақылаусыз тамақтандыратын адамдар көбейген.

– Бұл иттердің сол аумаққа тұрақтап, кө­бейіп, топтасуына әкеліп соқты. Кей­бір тұрғындар ит аулау жұмысына кедергі жа­сап, мердігерлерге қарсы шығып, заң­ды жұмыстарына тосқауыл қойған. Алай­да олар ертең сол иттерден біреу зар­­дап шексе, жауапкершілікті өз мой­нына алуға дайын ба? Осындай қоғам өміріне зиян шек­тіретін жайттар да жиі болып жатыр, – дейді Ақмола облысы Ветеринария басқармасының басшысы Талғат Жүнісов. 

Әрине, ит қауып жарақат­танған­дар­дың саны көбейіп барады. Бірақ оған түбегейлі шара қолдануға қау­қар жоқ. Нақты шаралар қабылдауға заң жоқ. 

– Халық тұтас облыс аумағында ит қап­қандар көбейіп саны көбейіп жат­қан­дықтан наразылықтарын жиі білдіреді. Бірақ біз барлық иттерді жойып жібере ал­маймыз. Оған 2021 жылы қабылданған «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңмен тыйым салынған. Тек ау­лау, стерильдеу, екпе салу және қайта жі­беру бағдарламасы жұмыс істейді. Жануарды өлтіру тек адам өміріне нақты қауіп төнген немесе арыз жазылған жағ­дай­да ғана болады. Бірақ мұндай фактілер көп емес, – дейді облыстық Ветеринария басқармасының басшысы. 

Аймақтағы бұралқы иттер санының ар­туына жануарларды уақытша орналас­тыратын орындардың да шамадан тыс то­лып кетуі күрделендіріп жіберген. Бас­қар­ма басшысының мәліметінше, қазір Көкшетау қаласындағы иттер паналайтын орында ине шаншар орын қалмаған. Сондықтан биыл жаңа бұралқы иттерді орналастыратын иттер паналайтын орын­дар құрылысына қосымша қаражат бөлу жоспарланғаны айтылды. 

– Қазіргі уақытта жер учаскелері анық­­талып қойды. Атап айтқанда, Аста­наның іргесіндегі Қоянды ауылында бес мыңға дейін иттерді ұстауға шақталған бес гектар жер бөлінді. Өңірдің басқа да ірі қалаларында осын­дай шаралар әзірле­ніп жатыр, – деп то­­лық­тырды бас­қар­ма басшы­сы. 

Дегенмен ха­лық­тың ащы жа­найқайын туды­рып жатқан түйт­кіл­ді мәселе әлі ба­сы ашық күйінде қалған. Конкурстық рәсімдер басталғанша тағы қанша адам бұрал­қы иттерден зардап шеге­тіні, тиісті шаралар жүзеге асырылғанымен, іс жүзінде қаң­ғы­бас ит-мысықтардың санын реттеуге қан­шалықты ықпал ете алатыны да әзірге беймәлім болды. 

P.S.

Бірнеше мемлекеттік құзырлы орган мен қоғамдық кеңес өкілдері бас қосқан жиын барысында бұл мәселеге байланысты ұсыныстар әзірлеу, қосымша қаржы сұрау, бақылауды күшейту жөнінде шешім қабылданды. Бірақ қағаздағы ұсыныс пен шынайы көшедегі қауіптің арасы әлі де алшақ екені айқын сезілді. Сондықтан жағдайды бақылауға алу үшін тиісті шаралардың іс жүзінде нақты жүзеге асырылуы мен жауапкершілік жүгін тиісті сала өкілдері шынымен сезініп, соған орай шешім қабылдаса жөн болар ма еді дейсің.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, 

Ақмола облысы 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:212
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қаңтар 2026 10:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары