Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Қаңғыбас иттерге қақпан болмай тұр

Қаңғыбас иттерге қақпан болмай тұр

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Әр дүкеннің алды, аялдаманың маңайы, тіпті ірі сауда орындарының алдында да өріп жүр. Қалада деп айтып отырмыз-ау, қаңғыбас иттер тек қала тұрғындарының емес, ауылдағы ағайынның да бас қайғысына айналды. Әр ата-ананың көкейінде қаңғыбас ит баламызға шапса қайтеміз деген үрей бар. Тұрғындар тек осы 2025 жылдың өзінде қаңғыбас иттердің көзін жоюды сұрап, тиісті мекемелерге 3222 арыз-шағым түсірген. Ал ветстанцияның мамандары көшедегі барлық ит біткенді аулауға рұқсат жоғын айтып отыр.

2021 жылы қабылданған «Жануарларға жауапкерші­лік­пен қарау туралы» заңда иттерді атуға, көзін жоюға тыйым сал­ынған. Осы заң күшіне енген бойда көшедегі қаптаған иттен көз ашпай қалғанымыз жас­ы­рын емес. 

БҚО ветеринария басқар­масы мамандарының айту­ын­ша, әсіресе, облыс орталығында қаңғыбас иттер көбейген. Бұр­ал­қы иттер көбінесе мектеп, балабақша, емханалардың қас­ында және қоқыс жәшікте­рінің маңында топтасып, адам­дарға қауіп төндіреді. Осыған байлан­ысты тұрғындар тарапы­нан шұғыл жою қажеттігі жөн­ін­де көптеген арыз-шағым ай­тыл­ып, хабарламалар, видеолар мен фотосуреттер әлеуметтік желі­лерде тарап жатады. Оның үстіне iKomek109 қызметіне күніне 3-4 өтініш түседі.

Мамандар мәлім еткеніндей, «Жануарларға жауапкер­ші­лікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаңғыбас иттер мен мысықтарды жансыздандыруға қазір тыйым салынып, олардың саны биостерильдеу арқылы реттеледі. Жануарлар адамның өміріне немесе денсаулығына, жануарларға қауіп төндірген кезде ғана жеке және заңды тұлғалардың өтініші негізінде ауланады. 

Қаңғыбас иттерді аулау жұ­мыстары аудандық және қала­лық ветеринарлық станциялар арқылы, ал Орал қаласы бойын­ша биостерильдеу жұмысы мем­лекеттік-жекешеменшік әріп­тестік жобасы бойынша Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың «Жәр­дем-Вет» орталығы ар­қылы жүргізіліп келеді.

2025 жылы қаңғыбас иттерді аулау және биостерильдеу жұмыстарына облыстық бюд­жеттен 73,3 млн теңге қара­жат бөлініп, жыл басынан бері 6726 қаңғыбас ит ауланып, оның 3365-і биозарарсыздандырудан өткізілсе, қалған 3361 қаңғыбас ит тұрғындардың өтініштері негізінде көзі жойылған.

Үй жануарларын есепке алу 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап міндеттелгені белгілі. Жануарларды есепке қою мем­лекеттік ветеринарлық ұйымда немесе жеке ветеринарлық ем­ханаларда ақылы түрде жүр­гіз­іледі. Қызмет құны мемлекеттік ветеринарлық ұйымдарда – мың теңге, жеке ветеринарлық клиникаларда 1500-2500 теңгені құрайды. Заң бойынша жануар иелері халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын жағ­дай­ларда мемлекеттік ветери­нарлық станцияларда үй жан­уар­ларын есепке алу тегін жүр­гізіледі. Қазір облыс бойын­ша үй жануарларына арналған дерекқорда 27 642 ит-мысық тіркелген, соның ішінде 6 545-нің тұрақты иелері болса, қал­ғаны қаңғыбас ит пен мысық. 

Облыс бойынша ветеринар­лық станцияларға тиесілі 180 ит пен мысықты уақытша ұстауға арналған 11 орын, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-ға тиесілі 75 орындық бір панажай, жануар­ларды қорғау ұйымдарына тие­сі­лі 6 панажай бар. 

– Қаңғыбас ит мәселесін ше­шу үшін заңға өзгеріс енгізу керек. Қаңғыбас жануарларды аулап, белгілі уақытқа ұстап, сол күндері иелері табылмаса жою қажет. Сонымен қатар қаң­ғыбас жануарларды аулау кезінде иесі барлары да кезде­седі, әсіресе, мектеп аумағында ата-аналармен, оқушылармен ілесіп келіп, топтасып жатады. Сол себепті тұрғындардың иелі­гіндегі үй жануарларын байлап ұстап, көшеде өз еркіне жібер­мей, серуендеткен кезде қарғы­баумен және тұмылдырық ки­гізу­лері сұралады. Оған қоса, чип салдырып, есепке қою мін­деттелгендігін ескеру ке­рек, – дейді Орал қалалық вет­еринария станциясының директоры Ерлан Ищанов. 

Заңға өзгеріс демекші, қаз­ір­гі уақытта Парламент Мә­жі­­лісі «Жануарларға жауапкер­шілікпен қарау туралы» заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесін қарастырып жатыр. Жаңа заң жобасында  қайтарымсыз аулау принципін енгізу, яғни, ауланып уақытша ұстау пунктіне жеткізілген қаңғыбас үй жануарларын 5 тәулік ішінде жаңа иесі табыл­маған жағдайда, жансыздан­дыру жүргізу талабын енгізу талқылануда.

«Жануарларға жауап­кер­шілікпен қарау туралы» заң негізінде Батыс Қазақстан об­лы­с­тық мәслихатының шеші­мімен бекітілген «Жануарларды аулаудың, уақытша ұстаудың және жансыздандырудың қағи­далары» және «Үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің қағидалары» бар. Аталған Қағи­далар талаптарын сақтамаған жеке және заңды тұлғаларға әкімшілік жауапкершілік шара­лары қолданылады. 2025 жыл­дың 10 айында облыс аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын бұзғаны үшін жергілікті поли­ция департаменті 175 тұлғаға әкімшілік хаттама толтырып, 3 617 мың теңге айыппұл сал­ған.

Орал қалалық ветеринарлық станциясының директоры Ер­лан Ищанов облыс орталығында қаптаған иттің көптігі бас ауыр­тар мәселенің біріне айналғанын айтады. Оның пікірінше, «Жануарларға жауапкерші­лікпен қарау туралы» заң күшіне енгенімен, адамдарға иттен төнетін қауіпті азайтқан жоқ. 

– Жануарларға қайырым жасау мақсатында заң қабыл­данғанымен жағдай түзелген жоқ, керісінше ушықты. Оны да мойындаған жөн. Қоғамдық кеңес арқылы заң шығарушы органдарға ұсыныс хат жолдап, заңға өзгеріс енгізуді біз де қолдаймыз. Көше толы қаптаған ит. Халық бізге айтады. Ал біз не істей аламыз? Заң аясында арыз түскен жерлерге бригадамен ит аулау жұмыстары жүргізіліп, «Жәрдем-Вет» орталығына жеткізіледі. Онда медициналық кестіру отасы жасалғаннан кейін 10 күн карантинге қойыл­ып, кері мекендеу ортасына жіберіледі, – дейді Е.Ищанов.

Оның түсіндіруінше, қаңғыбас ит пен мысық, көбіне­се асыраушысы жоқтықтан немесе иесін жоғалтып, адасып кетуінен пайда болып жатады. Мұн­дай иесіз жүрген иттер әр жерді паналап, күл-қоқыстың арасында түрлі қалдықтармен қоректеніп, күн көреді. Осыдан кейін түрлі жұқпалы ауруларға тап болады. Қоқыс төгілетін жерлерді мекендейтін иттердің құтыру ауруын жұқтыру қаупі басым. Мал дәрігерінің айтуын­ша, көктем мезгілінде иттердің құтыру ауруы қатты асқынады. Осы мезгілде иттер ашушаң, агрессивті күйде болады. Ал келеңсіз жағдай болса, міндетті түрде мал дәрігерін шақырту керек. Ол бұл деректі тіркеп, шабуылдаған итті 10 күн бақы­лауда ұстайды. Ит құтыру ауруын жұқтырған болса, сол уақыт ішінде өліп қалады. 

БҚО-да ит қапқан адамдар да тіркеліп отыр. Бір өкініштісі, ол сандар жыл сайын өсіп бара­ды. 2025 жылдың 10 айында 1551 адам итке қабылған, соның 1034 қаңғыбас ит екені анық­тал­ған. Ал 2024 жылы 1902 адам­ды ит таласа, соның 1341 бұралқы иттен болған. 

Ал зооқорғаушылар болса жануарларға жауапкершілікпен қарамаған иелерін жауапқа тарту керек деп есептейді. 

– Мұны шешудің жалғыз-ақ жолы – биостерильдеу. Бірінші кезекте үй жануарларын осы сүзгіден өткізу керек. Төртінші жыл бойы қаңғыбас ит-мысық­тарды биостерильдеу жұмыс­тары жүргізіліп келеді. Егер аулалардан туған күшіктерді қорап-қорабымен далаға лақ­тырып тастамағанда, мәселе әлдеқашан шешілген болар еді. Барлық кілтипан осында. Біз қаңғыбас ит-мысықтармен қа­тар аулалардағы жануарларды биостерильдеуден өткізбесек, көбейе береді. Сондықтан бәрін қатар жүргізу қажет. Жуырда АҚШ-тың бір штатында пана­жайдан соңғы итті асырауға ал­ған. Биостерильдеуден өткен соң олардың саны өспейді. Егер бізде де жұмыс осылай жолға қойылса, адамдар панажайдағы иттерді асырап алуға кезекке тұрар еді, – дейді «Доброе сердце» қорының президенті Елена Иноземцева.

Ал қала тұрғындары болса қаңғыбас иттерді аяймыз деп балаларымыздың өмірін қауіп­ке тіге алмаймыз деп кесіп ай­тып отыр. 

– Қаланың қай ауданын алсаң да, толып жүрген иттерді көресің. Ересек адамдар өз ал­дына, балаларға шабады. Қазір ата-аналар мектепке бала­сын жалғыз жіберуден қор­қады. Қалалық ветстанция жұмыс істеп жатыр. Алайда олар аула­ған иттерін кері әкеліп тастай­ды. Міне, осы дұрыс емес. Аш жүрген иттер мал-жанға тиіседі және неше түрлі жұқпалы ауру таратады. Кеңес дәуірінде бұралқы иттердің көзі жойылды ғой. Сондай амалын неге жаса­масқа? Бұл мәселе жиналыс­тарда қанша айтылып, қоғамда талқыға салынса да, әлі шешіл­мей келеді, – дейді Орал қала­сының тұрғыны Дамира. 

Қаңғыбас иттердің мәсе­лесін талқылаған жиын, алқалы отырыс Оралда жиі өтеді. Алайда мәселе шешімін таппай отыр.

Жанат ҚАЙЫРҒОЖИНА,

Батыс Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:143
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Желтоқсан 2025 11:22
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары