Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Creative Aimaq жобасы аясында Солтүстік Қазақстан облысының креаторлары 4,9 млн теңгенің өнімін сатты

Қарағандыда жұмысқа кетіп, із түзсіз жоғалған ер адам іздестіріліп жатыр

Шымкенттің индустриялық аймағында ірі өрт болды

Путин мен Трамп телефон арқылы Украина мәселесін талқылады

Семейде жоғалған 3 жасар сәби табылды

Астанадағы республикалық Бас мешітке Нұрсұлтан мешіті атауы берілді

Түркия Батысты Украина келіссөздерін қолдауға шақырады дереккөз

Астана жеңді, Ертіс тең түсті: ҚПЛ 16 туры өтті

Өзбекстандық төрешіге әлем чемпионатындағы ең төменгі баға берілді

Әлем чемпионаты: Винисиус пен Холанд бір алаңда бақ сынаса, Мексика мен Англия мықтыны анықтайды

Александр Бублик пен Анна Данилина Уимблдонның 1/8 финалына шықты

Өңдеу секторында цифрлық құралдарды қолданатын кәсіпорындардың үлесі 21% ға дейін өсті

Алматының бірнеше ауданында электр жарығы өшіп қалды

Астана жайлы біле жүретін 20 маңызды статистика

Тоқаев: Домбыра төл мәдениетіміздің мызғымас тұғыры

Соғыс жылдарында хабар ошарсыз кеткен батырдың медалі 80 жылдан кейін туыстарына берілді

Астанадағы тағы бір қарбалас қиылыс уақытша жабылады

Ақтаулық тұрғын үй кезегінен жоғалып кеткенін айтып, көмек сұрады

Қытай астанасында Домбыра күні аталып өтті

69 адам: Ауыл партиясынан Құрылтайға кімдер баруы мүмкін?

Бағасы бақыланбаған сала

Бағасы бақыланбаған сала

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Иә, баға динамикасының өсуіне ауа райымен қоса қаладағы кептелістің, қала берді такси қызметіне сұраныс көп болуының да ықпалы бар. Десек те, қарапайым тұрғындар такси бағасының кейде шектен тыс шарықтап, сервис «әкесінің құнын» сұрайтынын айтып наразы. Мәселен, былтыр елімізде такси құнының өсуі инфляция деңгейінен де асып түскен. 

Такси қызметі 15 пайызға қымбаттаған

Ұлттық статистика бюросы «Тал­дау» ақпараттық-талдамалық жүйесінің дерегінше, өткен жылдың қараша айында такси қызметі 15 пайызға қымбаттаған. Ал 2024 жылдың сәуір айын­да Ranking.kz жариялаған мәлі­мет­ке сүйенсек, бір жыл ішінде Қ­а­зақ­стан­дағы такси бағасы орта есеппен 12,3 пайыз­ға өскен. Соның ішінде Алматы­да­ғы такси құны 40,6 пайызға артқан. Осы­лайша, мегаполис баға саясаты бойын­ша еліміздегі анти-көшбасшы ата­нып отыр. Аспандаған бағаға бақылау бар ма? Қолданыстағы заңнамаға сәй­кес, қолайсыз ауа райы жағдайында такси құнының өсуі бәсекелестік қағидаттарына қайшы болып саналмай ма? Агрегаторлар қолданатын баға қа­лып­тастыру алгоритмдері мемлекетке ашық па? Тақырыпқа арқау болған осы жә­не өзге де сауалдарымызды Бәсе­ке­лес­тікті қорғау және дамыту агенттігіне жол­дадық. Агенттік төрағасының орын­басары Болат Сәмбетовтің айтуынша, бә­се­келестікті қорғау саласындағы заң­наманы бұзу белгілерінің болуы туралы хабарлама негізінде адалдық бағ­дар­ламасының ережелеріне өзгерістер ен­гізілген. Осыған сәйкес, пай­да­лану­шы­ларға берілетін жеңілдіктер шығынын ен­ді Яндекс толықтай өз мойнына алған.  

– Агенттіктің ұсынымы негізінде жүр­гізілген алгоритмдік баға белгілеу ау­дитінің қорытындысы бойынша, 2025 жылдың шілде айынан бастап Яндекс Go қосымшасында сапар бағасын нақ­тылау функциясы енгізілді. Атап айт­қанда, А нүктесінен Б нүктесіне дейін сапарға тапсырыс беріп, тарифті, одан әрі сапар сомасын басу қажет. Яндекс сер­висі таңдалған бағыт бойынша сапар құ­нын, сұраныстың болуын және кө­тері­летін коэффициентті көрсетеді, – деді Болат Қуанышбекұлы.

Үш еседен артық өсімге шектеу қойылады

Бұл ретте қолданыстағы Яндекс комп­лаенсіне бірқатар өзгеріс енгізілген. Енді компания тарифтер мен сапардың базалық құнын көтеру туралы Агенттікке кемінде үш күн бұрын хабар­лауға тиіс. Әуежай аумағына негізсіз ен­гізілген кейбір тұрғын үй аймақтары қай­та қаралады. Сонымен бірге сапар құ­нының базалық бағасының екі еселен­ген бөлігінен комиссия алмау практика­сы сол күйінде қалады. Бұл шешім жүр­гізу­шілер табысын арттыруға бағыттал­ған. «Эконом» тарифі бойынша комис­сия­ны екі жылда бір реттен жиі көтеруге шек­теу енгізілді. Ең жоғары сұраныс ке­зеңдерінде, мысалы, ауа райы қолай­сыз уақытта немесе мереке күндері та­риф құнының үш еседен артық өсуіне шек­теу қойылады.  

Естеріңізде болса, 2023 жылы Агент­тік тарапынан Яндекс компаниясына қатысты монополияға қарсы тексеру аяқ­талып, нәтижесінде, Яндекс әкім­ші­лік жауапкершілікке тартылған еді. Осы тұс­та Болат Қуанышбекұлы Яндекс өкіл­дерінің өз міндеттерін орындауы енді Агенттік жанындағы арнайы мони­то­рингтік топтың бақылауында болаты­нын атап өтті. Аталған топтың құрамына кә­сіби қоғамдастық сарапшылары кіре­ді.

– 2025 жылдың 15 желтоқсанында Агент­тік мүдделі мемлекеттік орган­дар­мен және қауымдастықтармен бірлесіп такси қызметі бойынша мониторингтік топтың кезекті отырысын өткізді. Жиын ба­рысында талдамалық зерттеу орта­лы­ғының динамикалық баға белгілеуге қа­тысты талдауы және Яндекстің комп­лаенс шеңберіндегі міндеттемелерінің орындалуы қаралды. Отырыс қоры­тын­дысы бойынша, Яндекске сұраныс ар­туы ықтимал геозоналар туралы бол­жам­­ды деректерді алгоритмге кеңінен ен­гізу ұсынылды. Бұл тәсіл ең жоғары жүк­теме кезеңдерінде баға құбыл­ма­лы­лығын төмендетуге және жүргізушілерді қа­жетті аумақтарға алдын ала бағыттау ар­­қылы сервистің тиімділігін көмек­те­се­ді, – деді төраға орынбасары Б.Сәм­бетов.

Бұдан бөлек, жаңа Салық кодексінің қабылдануына байланысты Яндекс өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жеке кәсіпкер ретінде жұмыс істейтін жүргізу­шілер үшін салық агенті болады. Сон­дай-ақ интернет-платформа арқылы қызмет көрсететін жұмыс беруші ретінде міндетті зейнетақы жарналарын төлеу міндеті енгізілген. Болат Сәмбетовтің айтуынша, бұл өзгеріс жүргізушілерге таксопаркке тәуелді болмай, Яндекспен тікелей жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

«Баға саясатында монополияның белгілері бар»

Сарапшылар Қазақстандағы так­си құнының қымбаттауына се­беп болатын бірнеше аргументті негізге ала­ды. Бірі ауа райы, қаладағы кептеліс, жүр­гізуші саны мен сұраныстың артуы, сон­дай-ақ агрегаторлар комиссиясы ық­пал етеді десе, енді бірі мұны нарық­тағы жанар-жағармай құнымен бай­ла­ныс­тырады. Біз баға саясатына қатысты Ян­декс өкілдеріне байланысқа шық­қа­ны­мызбен, сауалымызға мардымды жауап ала алмадық. Алайда компания осы­­ған дейін жариялаған ресми ақпа­ра­тын­да сапар бағасын анықтайтын басты фак­торлардың бірі ретінде сұраныс дең­гейін атап көрсеткен. «Сұраныс күрт өсіп, бос көліктер жеткіліксіз болғанда, ал­­горитм сапар бағасын уақытша кө­те­реді. Бұл – жүргізушілерді желіге шығуға ын­таландыру және такси сапарларына де­ген сұраныс санын азайту үшін жа­са­латын әрекет. Тапсырыс берген барлық адам­ды сапармен қамтамасыз ете алатын кө­лік саны жеткілікті болғанда, сәй­ке­сін­ше, сапар бағасы да төмендейді», – деп жазылған хабарламада. 

Ал экономист Мақсат Халық кейінгі уа­қытта Яндекс ұсынатын баға бел­гі­лен­ген нормадан асып кеткенін, сондықтан мұн­да монополиялық сипат болуы мүм­кін екенін айтып өтті. 

– Нарық заңына сәйкес бағаның өсуі­не сұраныстың артуы, ауа райының құ­былуы немесе жолдағы кептелістің де әсе­рі бар. Бұл қалыпты жағдай. Мұндай қо­лайсыз уақытта баға нарық талап­та­рына қарай белгілі бір деңгейде ғана өсу­ге тиіс. Бірақ дәл Яндекс ұсынып отыр­ған баға деңгейінде емес. Расында, кей жағдайда платформадағы сапар құ­ны «космосқа ұшатыны» жасырын емес. Так­си құнының шектен тыс еркіндікке са­лынуы белгіленген нормадан әлде­қай­да асып кетті деп ойлаймын. Осыдан төрт-бес жыл бұрын қосымшадағы такси ба­ғасы қалтаға тиімді еді. Бұл уақытта ком­пания азаматтарды қосымшаны пай­далануға тарту мақсатында қызметін ар­зан бағада жүргізген болуы керек. Ал қа­зір Яндекс өзінің нарықтың көп бө­лігін иемденіп отырғанын жақсы түсі­не­ді, сол үшін де сапар құнын өз еркіне қа­рай белгілейді. Әсіресе, Алматы қа­ласындағы баға өте жоғары, – деді эко­но­мист М.Халық. 

Яндекс Такси дерегіне сүйенсек, 2025 жылы елімізде такси сапар­ларына деген сұраныс өткен жылмен са­лыстырғанда 19 пайызға артқан. Ал ком­паниямен серіктестікте жұмыс іс­тей­тін жүргізушілер саны шамамен 5 пайызға көбейген. Сондай-ақ былтыр бар­лық тарифтегі сапардың бір ми­нуттық орташа бағасы 90 тг көлемінде бол­ған. Бұл 2024 жылдың көрсеткішімен са­лыстырғанда 10 пайызға жоғары. 

Алтынай БАУЫРЖАНҚЫЗЫ,

Алматы қаласы 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:135
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Ақпан 2026 05:34
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Creative Aimaq жобасы аясында Солтүстік Қазақстан облысының креаторлары 4,9 млн теңгенің өнімін сатты

05 Шілде 2026 20:03see118

Қарағандыда жұмысқа кетіп, із түзсіз жоғалған ер адам іздестіріліп жатыр

05 Шілде 2026 17:28see112

Шымкенттің индустриялық аймағында ірі өрт болды

06 Шілде 2026 21:06see106

Путин мен Трамп телефон арқылы Украина мәселесін талқылады

05 Шілде 2026 11:41see105

Семейде жоғалған 3 жасар сәби табылды

06 Шілде 2026 20:04see102

Астанадағы республикалық Бас мешітке Нұрсұлтан мешіті атауы берілді

05 Шілде 2026 10:52see102

Түркия Батысты Украина келіссөздерін қолдауға шақырады дереккөз

06 Шілде 2026 17:07see101

Астана жеңді, Ертіс тең түсті: ҚПЛ 16 туры өтті

06 Шілде 2026 01:02see100

Өзбекстандық төрешіге әлем чемпионатындағы ең төменгі баға берілді

05 Шілде 2026 21:01see100

Әлем чемпионаты: Винисиус пен Холанд бір алаңда бақ сынаса, Мексика мен Англия мықтыны анықтайды

05 Шілде 2026 21:38see99

Александр Бублик пен Анна Данилина Уимблдонның 1/8 финалына шықты

05 Шілде 2026 09:33see98

Өңдеу секторында цифрлық құралдарды қолданатын кәсіпорындардың үлесі 21% ға дейін өсті

06 Шілде 2026 18:10see97

Алматының бірнеше ауданында электр жарығы өшіп қалды

05 Шілде 2026 19:12see97

Астана жайлы біле жүретін 20 маңызды статистика

06 Шілде 2026 11:45see97

Тоқаев: Домбыра төл мәдениетіміздің мызғымас тұғыры

05 Шілде 2026 09:26see96

Соғыс жылдарында хабар ошарсыз кеткен батырдың медалі 80 жылдан кейін туыстарына берілді

06 Шілде 2026 18:43see96

Астанадағы тағы бір қарбалас қиылыс уақытша жабылады

05 Шілде 2026 15:56see95

Ақтаулық тұрғын үй кезегінен жоғалып кеткенін айтып, көмек сұрады

05 Шілде 2026 13:55see94

Қытай астанасында Домбыра күні аталып өтті

05 Шілде 2026 13:27see94

69 адам: Ауыл партиясынан Құрылтайға кімдер баруы мүмкін?

06 Шілде 2026 22:35see93
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары