Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Бала амандығы: шаһардағы алып көліктердің қозғалысы қашан жүйеленеді?

Бала амандығы: шаһардағы алып көліктердің қозғалысы қашан жүйеленеді?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Жүк көліктеріне толық тыйым салу мүмкін бе?

Шымкент пен Астанада болған қайғылы жол-көлік оқиғалары қоғамда ауыр жүк көліктерінің қала ішіндегі қозғалысына қатысты қызу пікірталас туғызды. Бірнеше күннің ішінде болған апаттар салдарынан кәмелетке толмаған балалар қаза тапты. Осыдан кейін ата-аналар мен қоғам белсенділері жүк көліктерінің қозғалысын шектеуді талап ете бастады.

Алайда Мәжіліс кулуарында журналистердің сұрағына жауап берген Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мұндай шешімнің әзірге мүмкін еместігін айтты.

Оның сөзінше, Шымкент пен Астанадағы балалардың қазасына қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық істер қозғалған.

«Екі факті бойынша да қылмыстық іс тіркелді. Шымкенттегі оқиға бойынша жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», деді вице-министр.

Сонымен бірге ол жүк көліктерінің қозғалысына толық тыйым салу мүмкін емес екенін жеткізді.

«Құрылыс, коммуналдық шаруашылық және логистика салаларының жұмысы жүк көліктерімен тікелей байланысты. Сондықтан олардың қалаға кіруі мен қозғалысына толық тыйым салу мүмкін емес», деді Санжар Әділов.

Дегенмен тергеу нәтижелері бойынша мұндай қайғылы оқиғаларға себеп болған факторларды жою жөнінде ұсыныстар енгізілмек.

Полиция бақылауды күшейтті

ІІМ мәліметінше, мектептер мен тұрғын үй аудандарының маңында ауыр жүк көліктерінің қозғалысы тұрақты бақылауда.

Патрульдік полиция бөлімшелері жүк көліктерінің қозғалысына қатысты жол белгілерінің сақталуын, жылдамдық режимін, тоқтау және тұраққа қою қағидаларын қадағалайды.

«Қозғалысына шектеу қойылған немесе тыйым салынған орындарда жүк көліктерінің жүру фактілері анықталған жағдайда жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылады», деп мәлімдеді министрлік.

Ведомство жол-көлік оқиғаларының ахуалы тұрақты түрде сараланып отыратынын атап өтті. Қажет болған жағдайда жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп қосымша жол белгілерін орнату, жылдамдықты шектеу, жасанды жол кедергілерін орналастыру және өзге де қауіпсіздік шаралары қабылданады.

ІІМ балалардың жол-көлік жарақаттарын азайту үшін жыл сайын профилактикалық шаралар өткізеді. Биыл «Қауіпсіз жол», «Жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлері» жедел-профилактикалық іс-шаралары және «Назар аударыңыз – балалар!» акциясы ұйымдастырылған. Сонымен қатар білім беру ұйымдарында жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша сабақтар, полиция қызметкерлерімен кездесулер, түрлі байқаулар мен акциялар өткізіледі. Балаларға жолдан өту кезінде құлаққаптар мен ұялы телефондарды пайдаланудың қауіптілігі түсіндіріледі.

Оқу жылының басталуы мен аяқталуы кезеңінде полиция патрульдерінің бағыттары мектептерге жақын аумақтарға шоғырландырылады.

Балалардың қауіпсіздігі қалай қорғалады?

«Астана қаласының жол қозғалысын ұйымдастыру орталығының» мәліметінше, елордадағы білім беру ұйымдарының маңында жол қауіпсіздігін арттыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі.

Мектептер мен балабақшалар орналасқан көшелерде жол қозғалысы схемалары қайта қаралып, жол белгілері орнатылады, жолақтар жаңартылады және бағдаршамдар модернизацияланады. Сондай-ақ жаяу жүргіншілер өткелдері жабдықталып, жасанды жол кедіргілері орнатылады.

Қазіргі уақытта Астанада «Әлеуметтік нысандар маңындағы жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру» жобасы әзірленіп жатыр.

«Жоба аясында қауіпсіз мектеп аймақтарының бірыңғай стандарттары енгізіліп, халықаралық тәжірибеге негізделген инженерлік шешімдер қолданылатын болады», дейді орталық мамандары.

Жүк көліктерінің маршруты өзгере ме?

Бүгінде Астанада жүк көліктерінің кейбір санаттары үшін арнайы рұқсат жүйесі қолданылады. Сонымен бірге қала билігі «жүк қаңқасы» деп аталатын жаңа жүйені әзірлеп жатыр. Бұл жоба ауыр жүк көліктерін тұрғын аудандардан, мектептерден, ауруханалардан және өзге де әлеуметтік нысандардан мүмкіндігінше алыстатуды көздейді.

Орталықтың мәліметінше, болашақта жүк көліктері үшін басым маршруттар анықталып, олардың балалар көп жүретін аумақтардағы қозғалысы шектелмек.

Сонымен қатар рұқсат беру жүйесін цифрландыру және белгіленген маршруттардың сақталуын автоматты бақылау жоспарланып отыр.

Ведомство пікірінше, бұл шаралар жүк көліктері мен балалардың қозғалыс бағыттарының қиылысуын едәуір азайтады.

Ата-аналар не дейді?

Астаналық үш баланың анасы Гүлмира Жақыпованың айтуынша, мәселе тек жол белгілерінде емес, жүк көліктерінің мектеп маңында жүру уақытын қайта қарау қажет.

«Таңертең балалар мектепке бара жатқанда немесе сабақтан қайтқанда үлкен жүк көліктері көшелермен емін-еркін жүріп жатады. Әрине, құрылыс та, коммуналдық жұмыстар да қажет. Бірақ балалардың мектепке баратын уақытында мұндай көліктердің қозғалысын шектеуге болады ғой. Бір баланың өмірі кез келген құрылыстан қымбат», дейді ол.

Мемлекеттік органдардың жауабына сүйенсек, жүк көліктерінің қала ішінде жүруіне толық тыйым салу әзірге қарастырылмайды. Алайда олардың қозғалысын реттеу, мектептер мен әлеуметтік нысандар маңындағы маршруттарын қысқарту, бақылауды күшейту және қауіпсіз инфрақұрылым қалыптастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Дегенмен ата-аналар мен қоғам үшін басты көрсеткіш – қабылданған бағдарламалар мен жоспарлар емес, балалардың амандығы. Мектепке бара жатқан немесе үйіне қайтып келе жатқан әрбір баланың қауіпсіздігі қамтамасыз етілмейінше, бұл мәселе өзектілігін жоғалтпайды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:76
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Маусым 2026 14:21
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see141

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see139

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see138

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see138

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see137

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see136

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see135

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see130

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see129

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see127

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see127

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see125

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see124

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see124

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see122

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see118

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see117

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары