Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Балалар хирургиясында жаңа мүмкіндік

Балалар хирургиясында жаңа мүмкіндік

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Елде алғаш рет балалардың бүйрек пен зәр жолындағы тастарды лазермен ұнтақтау әдісі қолданылды. Енді мұндай операциялар ұзақ уақытқа созылмайды. Заманауи құрылғының көмегімен бүйрегінде тасы бар балаларға күрделі операцияны жасау анағұрлым жеңілдей түсті. 

Лазерлік литотрипсия деп аталатын жаңа әдіс елімізде балалар урологиясында алғаш рет енгізіліп отыр. Қажетті қондырғы Жапонияда жасалған. Бұл технологияның арқасында операция уақыты 1,5-2 сағаттан бар болғаны 20 минутқа дейін қысқарған. Бұрын мұндай балалар операциядан кейін кемі бір тәулік жансақтау бөлімінде жатса, қазір отадан соң бірден өз бөлімшесіне ауыстырылады.

Бақытжан Әбекенов, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының бөлім меңгерушісі:

- Артықшылығы, біріншіден, ота кезінде зақымның азаюы. Екіншіден, ота жасау уақытының қысқаруы. Бірнеше есе қысқарады. Үшіншіден, отаның қысқаруына байланысты баланың аурухнада жату мерзімі қысқарады.

Құрылғы іске қосылғалы бері 20 бала диагностикалық тексеруден өткен. Соның ішінде дерті асқынған төрт балаға ота жасалып, бәрі сәтті аяқталған. Заманауи аппараттың көмегімен еліміздің түкпір-түкпірінен келген балалар ем қабылдауда. Түркістан облысынан келген алты айлық Гүл-Шапағат - солардың бірі.

Жұлдызай Қойшыбай, Гүл-Шапағаттың анасы:

- Баламның бүйрегінде су бар деп, қуығында грыжасы бар деп келдік. Ота лазермен өтті. Алдын ота жасаған кезде бала разрез болған екен. Бала жансақтау бөлімінде бір күн қалған екен. Қазір лазердің арқасында баламды қасыма әкеліп берді. Өзімнің қасымда болды.

Жаңа құрылғы Жапония үкіметінің «Шөп тамыры» бағдарламасы арқылы алынған. Бұл - әлеуметтік маңызы бар жобаларды қолдайтын халықаралық бағдарлама. Соның арқасында тұтас операциялық бөлме ашылып отыр.

Бақытжан Әбекенов, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының бөлім меңгерушісі:

- Бұл құрылғының өзіне келетін болсақ, бірінші орында лазерная литотрипсия тұр. Яғни тастарды бөлшектеу, ұнтақтау. Бұл тәсіл балаларды зәр жолдарындағы тастарды емдеудің ең жоғарғы технологиялық және алдағы уақыттағы перспективасы зор тәсілдердің бірі болып есептеледі.

Қазір бұл орталықта зәр шығару жолының туа біткен ақауларына байланысты жыл сайын 50-ге жуық бала ем қабылдайды. Бұрын мұндай патологиялар тек ашық әдіспен емделсе, енді оталар аз жарақатты, тез және қауіпсіз форматта өтеді. Заманауи техника - сапалы медицинаның кепілі. 

Авторлары: Алуа Ералықызы, Валентин Лобанов

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:154
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Қазан 2025 09:17
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары