Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

Беларусь БАҚ тары Рыбакинаның US Open дегі жетістігіне алаңдаулы

Астана көші қон қызметінің бұрынғы басшысы Ербол Махметов ұсталды: ҰҚК түсініктемесі

Қазақстанда ирригация каналдарын механикалық тәсілмен тазалау қарқыны артып келеді

Елена Рыбакина US Open турнирінің жартылай финалына шығып, әлемнің бірінші ракеткасы атанатын болды

Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен Мемориалы өтеді

Балалар үйінен КСРО халық әртісіне дейін: Сәбира Майқанованың көп ел біле бермейтін тағдыры

Балалар үйінен КСРО халық әртісіне дейін: Сәбира Майқанованың көп ел біле бермейтін тағдыры

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Қазақ театр өнерінің тарихы туралы сөз болғанда тұтас бір дәуірді көз алдына әкелетін тұлғалар бар. Сәбира Майқанова – сондай сирек өнер иелерінің бірі. Ол қазақ театрының қалыптасу кезеңін де, кемелденген шағын да көрді. Өмірдің қиындықтары мен қуаныштарын қатар өткеріп, сахнадан ешқашан қол үзген жоқ. Оның тағдыры арқылы өткен ғасырдағы қазақ өнерінің де, қазақ қоғамының да талай қырын тануға болады. Бүгінгі шолу қазақ театры мен киносының көрнекті өкілі Сәбира Майқанова жайлы болмақ.

Сәбира Майқанова 1914 жылы қазіргі Қызылорда облысында дүниеге келген. Болашақ актрисаның балалық шағы ауыр жағдайда өтті. Ол бір жасқа толмай жатып әкесінен айырылды. Арада бірнеше жыл өткенде анасы да қайтыс болып, Сәбира мен оның сіңлісі жетім қалады. Кейін олар балалар үйіне тапсырылады. Актрисаның өмір жолын зерттеген естеліктер мен сұхбаттарда оның бала кезінде аштық пен жоқшылықты көргені жиі айтылады. Балалар үйінде жүріп те ол білім алған екен. Сол жерде көркемөнерпаздар үйірмелеріне қатысып, сахнаға қызығушылығы ояна бастайды. Өнерге деген ықыласы оны театр ортасына жақындатты. Бұл қызығушылық уақыт өте келе өмірлік таңдауына айналды. Арнайы театр оқуын көрмегеніне қарамастан, табиғи қабілеті мен өмір тәжірибесі оның басты мектебі болды.

Театртанушылар мен замандастары кейін Сәбира Майқанованың шығармашылығын бағалағанда оның кәсіби шеберлігімен қатар, өмір мектебінен өткенін де ерекше атап өтеді. Театр сыншысы Әшірбек Сығай актриса туралы: «Гәп ұлы актрисаның өмір мектебінен өрнек, өнеге табуында» деп жазған.

Балалық шағында ата-анасының қамқорлығын көрмей өскен қыздың кейін сахнада аналардың тұтас галереясын жасауы кездейсоқ емес сияқты. Оның кейіпкерлеріндегі мейірім, төзім мен қайсарлық өмірде өз басынан өткерген тәжірибемен астасып жатты.


"Қыз Жібек" фильмінде

 Сәбира Майқанованың есімі ең алдымен қазақ театрымен тығыз байланысты. Оның шығармашылық ғұмырының басым бөлігі Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында өтті. Жас актриса театр табалдырығын аттаған кезде қазақ кәсіби сахна өнері енді ғана қалыптасып келе жатқан еді. Сондықтан ол дайын дәстүрге емес, сол дәстүрді жасаған буынмен бірге жұмыс істеу бақытына ие болды. Театрдағы алғашқы жылдары С. Майқанова үшін үлкен мектеп болды. Ол Қалибек Қуанышбаев, Серке Қожамқұлов, Елубай Өмірзақов секілді қазақ сахнасының негізін қалаушылармен бір ұжымда еңбек етті. Бұл орта жас актрисаның кәсіби қалыптасуына зор ықпал етті. Кейінгі буын өкілдері Сәбира Майқанованың әр рөлге ерекше жауапкершілікпен қарайтынын, мәтінді ғана емес, кейіпкердің ішкі әлемін зерттеуге тырысатынын жиі айтқан.

Сахнадағы жолы ондаған жылға созылған актриса қазақ және әлем драматургиясының көптеген шығармаларында ойнады. Оның репертуарында аналар, әжелер, дана әйелдер, күрделі мінезді кейіпкерлер ерекше орын алды. Көрермен жадында Сәбира Майқанова жасаған образдар шынайылығымен сақталды. Ол кейіпкерді сыртқы әрекетпен емес, ішкі сенім арқылы ашуға ұмтылды. Сондықтан оның орындауындағы рөлдер жасандылықтан алыс болды.

Театр сыншысы Әшірбек Сығай Сәбира Майқанова туралы: «Сәбира – сахнада өтірік айта алмайтын актриса» деп жазған. 

Уақыт өте келе ол театрдың жетекші актрисаларының біріне айналды. Оның өнері көрермен тарапынан ғана емес, кәсіби ортада да жоғары бағаланды. Қазақ театрындағы ұзақ жылғы еңбегі мен сахна мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін Сәбира Майқанова КСРО халық әртісі атағына ие болды. 


"Шабандоз қыз" фильмі

Сәбира Майқанованың есімі көбіне театрмен байланысты айтылғанымен, ол қазақ киносының да көрнекті тұлғаларының бірі болды. Оның экрандағы жолы бірнеше онжылдықты қамтыды. Театр сахнасында шыңдалған актриса киноға келгенде де өзіне тән табиғилығын сақтап қалды. Сондықтан оның кейіпкерлері көрерменге жат көрінбей, өмірден алынған адамдардай қабылданды.

Кинода Сәбира Майқанова көбіне ана, әже, ауыл әйелдері секілді образдарды сомдады. Кинотанушылардың айтуынша, бұл рөлдер сырттай қарағанда қарапайым көрінгенімен, олардың әрқайсысында мінез, тағдыр және өмірлік тәжірибе жатты. С. Майқанова кейіпкерлерін әсірелемей ойнайтын. Оның экрандағы әйелдері артық сөз айтпайды, бірақ көрерменге сенімді әсер қалдырады. 

Актриса он бес шақты фильмдерде бой көрсетті. Олардың қатарында қазақ киносының алтын қорына енген туындылар да бар. Әсіресе, ұлттық мінезді, ауыл өмірін, отбасы құндылықтарын бейнелейтін картиналарда оның актерлік шеберлігі айқын көрінді. Мысалы, "Қыз Жібектегі" Қамқаның, "Шабандоз қыздағы" Гүлбаршаның  рөлдерін ерекше алып шықты. Тіпті, көрермен Сәбира Майқанованы экрандағы кейіпкерден бөліп қарамайтын деңгейге жетті десек қателеспеспіз. Бұл – кез келген актердің қолы жете бермейтін жетістік. Бүгінде Сәбира Майқанованың кино мұрасы қазақ кино тарихының маңызды бөлігі ретінде бағаланады. Оның ойынынан өткен ғасырдағы қазақ әйелінің болмысын, мінезін, дүниетанымын көруге болады. Сондықтан оның фильмдері тек көркем шығарма ретінде ғана емес, белгілі бір дәуірдің мәдени айнасы ретінде де құнды. Сәбира Майқанованың экрандағы бейнелерінің ұмытылмауының сыры да осында, – дейді актрисаның өмірінің зерттеушілер.

Сәбира Майқанова ұзақ жылдар бойғы еңбегі үшін көптеген мемлекеттік марапаттарға ие болды. Оның шығармашылығы кәсіби ортада жоғары бағаланып, КСРО халық әртісі атағына дейін көтерілді. 

Актриса кейінгі буын актерлері үшін де үлкен мектеп болды. Оның өнер жолын бірге көрген әріптестері мен шәкірттері ең алдымен сахнаға деген жауапкершілігін ерекше атап өтеді. Ол үшін театр жай жұмыс орны емес, өмірінің мәніне айналған өнер болатын. Сондықтан оның кәсіби ұстанымы мен еңбекқорлығы кейінгі буынға үлгі болып қалды.

Қазақ мәдениетінде Сәбира Майқанова есімі белгілі бір рөлмен ғана емес, тұтас бір дәуірмен байланысты айтылады. Ол қазақ театрының қалыптасу кезеңін көрді, оның өсіп-өркендеуіне үлес қосты және ұлттық сахна өнерінің беделді өкілдерінің біріне айналды. Көрермен үшін ол ең алдымен шынайылықтың символы болды. Оның кейіпкерлері өмірден алынған адамдардай қабылданды,  олардың әсері ұзақ сақталды. Сондықтан Сәбира Майқанованың өмірі тек атақ пен марапаттардың тарихы емес. Бұл – тағдырдың ауыр сынақтарын еңсеріп, ұлттық мәдениеттің көрнекті тұлғасына айналған адамның өмір жолы. Оның есімі қазақ театры мен киносының тарихында ғана емес, өз еңбегімен биікке көтерілген тұлғалардың қатарында да мәңгі сақталады.

Назар аударыңыз: Бұл мақала авторлық құқықпен қорғалған. Мәтіннің толық нұсқасын көшіру, тарату немесе басқа басылымдарға жариялағанда авторы көрсетіп,  Аikyn.kz   сайтына  белсенді гиперсілтеме беру міндетті. Мақаланың жекелеген бөліктерін пайдаланғанда да осы талап сақталуы тиіс.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:75
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Маусым 2026 11:08
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

08 Қыркүйек 2026 13:48see159

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

08 Қыркүйек 2026 16:49see157

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

08 Қыркүйек 2026 17:04see154

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

08 Қыркүйек 2026 20:43see154

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

08 Қыркүйек 2026 09:33see153

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

08 Қыркүйек 2026 16:49see153

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

08 Қыркүйек 2026 13:07see151

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

08 Қыркүйек 2026 10:15see149

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

09 Қыркүйек 2026 01:12see148

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

08 Қыркүйек 2026 21:40see142

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

08 Қыркүйек 2026 19:15see137

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

08 Қыркүйек 2026 20:05see135

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

08 Қыркүйек 2026 23:41see135

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

09 Қыркүйек 2026 09:33see133

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

09 Қыркүйек 2026 08:07see127

Беларусь БАҚ тары Рыбакинаның US Open дегі жетістігіне алаңдаулы

09 Қыркүйек 2026 10:31see125

Астана көші қон қызметінің бұрынғы басшысы Ербол Махметов ұсталды: ҰҚК түсініктемесі

09 Қыркүйек 2026 12:35see122

Қазақстанда ирригация каналдарын механикалық тәсілмен тазалау қарқыны артып келеді

09 Қыркүйек 2026 11:44see120

Елена Рыбакина US Open турнирінің жартылай финалына шығып, әлемнің бірінші ракеткасы атанатын болды

09 Қыркүйек 2026 23:44see117

Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен Мемориалы өтеді

09 Қыркүйек 2026 23:06see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары