Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Балаларды бақытқа жеткізген бастама

Балаларды бақытқа жеткізген бастама

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Қазақстанда 2026 жылғы 1 сәуірден бастап балаларға арналған білім беру және сауықтыру қызметтерін лицензиялау жүйесі күшіне енді. Бұл жаңашылдық балалардың жазғы демалысын ұйымдастырудағы сапа мен қауіпсіздік талаптарын жаңа деңгейге көтерді. Енді әрбір сауықтыру орталығы балалардың денсаулығы мен өміріне толық жауап бере алатын талаптарға сай болуға тиіс. Медициналық қызметтің сапасы, санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы, қауіпсіз ауызсу, дұрыс тамақтану, өрт қауіпсіздігі және бейнебақылау жүйесі – бәрі міндетті талапқа айналды.

Абай облысында бұл бағыттағы да­йын­­дық жұмыстары жаз маусымы бас­тал­ғанға дейін жүргізілді. Өңірдегі бар­лық сауықтыру орталығы балаларды қабылдауға толық әзірленді.

– Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау – басты міндетіміз. Барлық лагерьде тәулік бойы медициналық бақылау ұйым­дастырылып, өрт қауіпсіздігі, санитарлық талаптар, бейнебақылау және судағы қауіп­сіздік мәселелері ерекше бақылауға алын­ды. Әрбір ата-ана баласын лагерьге сеніммен жібере алатындай жағдай жасауға күш салып отырмыз, – дейді облыстық бі­лім басқармасының басшысы Айжан Құрманова.

Бұл жүйенің тиімділігі жуырда бол­ған төтенше жағдай кезінде де көрінді. Шілденің 16-сы күні «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының Бо­родулиха филиалына қарасты Камы­шенка орманшылығында орман өрті шыққанда, DosBolLike балалар лагерін­де демалып жатқан балалар мен қызмет­керлер жедел әрі қауіпсіз жерге көшірілді. Семей қаласына барлығы 220 адам эвакуацияланды. Оның ішінде 190 бала мен лагерьдің 30 қызметкері болды. Бұл оқиға балалар қауіпсіздігіне қатысты әзір­ленген алгоритмдердің нақты жағдайда тиімді жұмыс істейтінін көрсетті.

Биыл Абай облысында 10 балалар сауықтыру лагері жұмыс істейді. Оның сегізі – мемлекеттік, екеуі – жекеменшік. Сонымен қатар 329 демалыс және бос уақытты ұйымдастыру орталығы бала­ларды қабылдайды.

Жалпы білім беретін 220 мектепте, қосымша білім беру ұйымдарында, кол­ледждердің кәсіптік бағдар беру орта­лықтарында, түрлі үйірме мен спорт секцияларында 77 мыңнан астам оқушыны қамтитын жазғы бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Бұл өңірдегі балалардың 81,5 пайызын қамтуға мүмкіндік береді.

Жазғы маусымдағы маңызды бағыт­тардың бірі – әлеуметтік қолдау. Жалпыға бірдей білім беру қоры арқылы әлеуметтік осал санаттағы 4967 бала лагерьлерде тегін демалады. Осы мақсатқа облыстық бюджеттен 372,6 миллион теңге бөлінді. Сонымен қатар балалардың жазғы тыны­ғуы ата-аналардың төлемі, кәсіподақ ұйымдары мен демеушілердің қолдауымен де ұйымдастырылуда. Ал «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен әр ауданнан 11 оқушы республикалық сауықтыру орталықтарына тегін жолдама алады. Бұл – ауыл балалары үшін еліміздің өзге өңірлерімен танысып, жаңа достар тауып, таным көкжиегін кеңейтуге беріл­ген мүмкіндік.

Үржар ауданындағы «Тарбағатай» оқу-сауықтыру орталығы – балалардың жазғы демалысын мазмұнды ұйымдастырудың жарқын үлгісі.

Лагерь 1 маусымнан бастап жеті ауысым бойынша жұмыс істеп келеді. Жаз бойы мұнда 560 бала демалады. Әр ауысымда 80 баладан қабылданып, күніне алты мезгіл сапалы тамақ беріледі. Орталықта Оқу-ағарту министрлігі бекіткен Tarbagatai ART ALEM бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарлама балалардың шығармашылық қабілетін дамытып, ұлт­тық құндылықтарды дәріптеуге бағыт­талған. Лагерьде жайлы жатын орындармен қатар футбол, волейбол және баскетбол алаңдары, сахна, арт-терапия және құм терапиясы кабинеттері жұмыс істейді. Қауіпсіздік мәселесі де жіті назарда. Тә­улік бойы күзет ұйымдастырылып, ме­дицина қызметкері мен тәлімгерлер кезекшілік атқарады. Балалардың кі­тап оқуға қызығушылығын арттыру үшін арнайы кітап бұрышы ашылған. Демалушылардың қызығушылығына қарай спорттық, шығармашылық, экологиялық және ақпараттық бағыттағы үйірмелер жұмыс істейді. Табиғат аясындағы экскурсиялар, ашық аспан астындағы кино көрсетілімдері, интеллектуалдық ойын­дар, ұлттық ойындар мен мәдени ша­ра­лар балалардың бос уақытын тиім­ді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Орталықта алты педагог пен бір медицина қызметкері еңбек етеді. Олардың басты мақсаты – әр баланың өзін қауіпсіз сезініп, жазғы демалысын пайдалы әрі қызықты өткізуіне жағдай жасау.

Мақаншы ауданындағы Қабанбай ауылында орналасқан «Дарабоз» балалар сауықтыру лагері де биыл жүздеген баланы қабылдап жатыр.

Алакөл жағасындағы лагерьдің бас­ты ерекшелігі – табиғат аясындағы де­ма­лысты тәрбиелік және танымдық бағдарламалармен ұштастыруында.

Балалардың күн тәртібі алдын ала әзірленген әдістемелік жоспар бойынша ұйымдастырылған. Олар күніне алты мезгіл тамақтанып, екі рет Алакөлге шомылады. Сонымен қатар ұлттық құндылықтарды насихаттайтын тәрбиелік іс-шаралар, спорттық жарыстар, шығармашылық байқаулар мен танымдық бағдарламалар тұрақты өткізіледі.

– Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Лагерьде төрт тәрбиеші, бір әдіскер және үш денешынықтыру маманы жұмыс істейді. Мұнда 8 бен 14 жас аралығындағы балалар демалады. Біздің мақсатымыз – олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген белсенді әрі шығармашыл тұлға болып қалыптасуына ықпал ету, – дейді Мақаншы аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлзипа Ноғаева. «Дарабоз» лагері 15 маусым мен 23 тамыз аралығында алты ауысым бойынша жұмыс істейді. Әр ауысымда 120 баладан қабылданып, жаз бойы мұнда 720 бала демалады.

Қазір балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бұрынғыдай тек бос уақытты өткізумен шектелмейді. Бұл – қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, тәрбие жұмы­сын күшейту, шығармашылық әлеуетті дамыту және балалардың денсаулығын нығайтуға бағытталған кешенді жұмыс.

Абай облысында қолға алынған бас­тамалар осы міндеттердің жүйелі түрде жүзеге асырылып жатқанын көрсетеді. Лицензиялау талаптарының енгізілуі, әлеу­меттік қолдау көлемінің артуы, лагерь­лердің материалдық-техникалық база­сының нығаюы және мазмұнды бағдар­ламалардың іске асырылуы – соның айқын дәлелі.

Баланың күлкісі – қоғамның ең үлкен байлығы. Ал сол күлкінің алаңсыз болуына жағдай жасау – мемлекетке де, ұстазға да, ата-анаға да ортақ міндет. Жазғы демалыстың әр күні бала жадында ұмытылмас естелік болып қалса, еңбектің ақталғаны. Өйткені табиғат аясында демалып, жаңа достар тауып, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп өскен бүгінгі жас ертең елдің ертеңіне жауапкершілікпен қарайтын саналы азаматқа айналады.

Қамар Еркеқызы

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:149
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Шілде 2026 05:14
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

23 Қазан 2026 01:28see132

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see115

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see111

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары