Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Балаларды вакцинациядан дер кезінде өткізудің маңызы зор дәрігер

Балаларды вакцинациядан дер кезінде өткізудің маңызы зор дәрігер

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айнаш Ғұбайдуллинаның вакцинация мәселесіне қатысты өңірлік коммуникациялар қызметі өткізген дөңгелек үстел отырысында мәлім еткеніндей, елімізде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен мақұлданған, сертификаттаудан өткен, қауіпсіз әрі тиімді, Қазақстанда тіркелген вакциналар қолданылады.

Айнаш Жұбанышқызының сөзіне қарағанда, вакциналар әр түрлі елдерден сатып алынады. Мысалы, гексаксим, пентаксим (күл, көкжөтел, сіреспе, полиомиелит, вирусты гепатитке қарсы вакциналар) Франциядан жеткізіледі.

- БЦЖ екпесі, қызылша, қызамық және эпидпаротитке қарсы вакциналар Үндістаннан сатып алынады. Ал қыз балаларға егілетін адам папилломасы вирусына қарсы вакцина АҚШ-та шығарылады. Гриппол (тұмауға қарсы вакцина) Ресей Федерациясында өндіріледі. Күні бүгінге дейін 60 мың доза сатып алынды. Облыс бойынша осы күзде 51 585 адам екпемен қамтамасыз етілді, - дейді А.Ғұбайдуллина.

Оның айтуынша, вакциналарды сараптау 6 кезеңнен тұрады. Вакцинаны тіркеу мен қолдануға дейін оның қауіпсіздігі, тиімділігі және сапасы кешенді тексеруден өткізіледі.

Адам папилломасы вирусының кең таралғаны белгілі, мұның 200-ден астам түрі бар және олардың кейбірі онкогенді, яғни қатерлі ісік тудыруы мүмкін. Осыған қарсы Қазақстанда төрт валентті «Гардасил» (АҚШ) вакцинасы қолданылады, ол аталмыш вирустың қауіпті түрлерінен қорғауды қамтамасыз етеді.

- ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2024 жылғы қаулысына сәйкес ата-анасының келісімімен 11 жастағы қыздар жоспарлы түрде вакцинациядан өтеді. Сонымен қатар 12-13 жастағы қыздарға екінші доза салынады. Вакцинаның тиімді және қауіпсіз екендігі әр түрлі клиникалық сынақтар мен бақылауларда расталған. Екпе енгізілген елдерде вирустың таралуы мен жатыр мойны обырымен ауыру көрсеткіші төмендеген. Қазақстанда 2025 жылдың шілдесіне дейін 149,3 мыңнан астам қыз бірінші, 90 мыңға жуығы екінші дозаны алған. Ал облыс бойынша 2024 жылдың қыркүйегінен бері 5 801 қыз бала егілді. Ешқандай жағымсыз реакциялар тіркелген жоқ, - дейді басқарма басшысының орынбасары.

Дәрігер балаларды вакцинациядан дер кезінде өткізудің маңыздылығын атап өтті.

- Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұжымдық иммунитетті сақтау мақсатында нысаналы топ балаларын жыл соңында иммундаумен қамтудың 95 пайыздан кем болмауын ұсынады. Алайда ата-аналардың екпеден бас тартуы бұл көрсеткішке қол жеткізуге кедергі болып отыр. Биылғы тоғыз айда 4 568 ата-ананың бас тартқаны тіркелді. Соның ішінде 2 676-сы жеке көзқарасқа байланысты, 1 198-і діни себеппен, 573-і екпеге сенбеушіліктен, 170-і әлеуметтік желідегі жалған ақпаратқа сену салдарынан баласын ектірмеген, - деді ол.

БҚО санитариялық-эпидемиологиялық департаменті инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Назгүл Ажымұратова жұқпалы аурулармен күресте ең тиімді әдістердің бірі вакцинация екендігін жеткізді.

Фото: БҚО денсаулық сақтау басқармасы

- Вакцинация арқылы адам ағзасында иммунитет қалыптасып, қауіпті ауруларға қарсы қорғаныс күшейеді. Вакцинация – қоғамның денсаулығын сақтау жолындағы сенімді әрі ғылыми дәлелденген әдіс. Алдын ала вакцинациялау адамның өмір сүру ұзақтығының артуына, бала өлімінің төмендеуіне айтарлықтай ықпал етеді. Қазір көптеген адамдар балалық шақта бір рет жасалған екпелерді өмір бойы қайталау керек екенін білмейді. Вакцинацияланған адамдардың есебінен ұжымдық иммунитет қалыптасады, бұл инфекцияның таралуына және эпидемияның пайда болуына кедергі болып табылады, - деді Н.Ажымұратова.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда 49 мыңға жуық адамның тұмауға қарсы екпе алғанын жазған едік.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:174
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Қазан 2025 11:55
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see172

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see164

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see161

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see160

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see153

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see153

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see143

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see141

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see141

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see137

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see134

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see133

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see131

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see129

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see127

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see118

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see117

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары