Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Терезелерді ашпаңыздар: Екі қалада ауа сапасының нашарлауына байланысты ескерту жарияланды

Ақтау маңында швейцариялық туристер мінген көлік аударылып қалды

Елордадағы LRT құрылысы: Қосшы бағытындағы жұмыстардың жай күйі белгілі болды

Ақтаулық педагог жусанның жұпарын сақтайтын және гүл қалдықтарынан әтір әзірлеу жобасын бастады

Қазақстанда шетелдіктер үшін арнайы виза пайда болады

12 жылға сотталуы мүмкін: Алматы облысында мал ұрлығымен айналысқан екі топ қамауға алынды

Қазақстан $95 млн тартып, ЖИ жобаларын қаржыландыруды бастады

Меруерт Өтекешева Қыз Жібек фильміндегі камзолға қатысты даулы жағдайға пікір білдірді

Филиппинде Майон жанартауы атқылады: 5 000 нан астам адам эвакуацияланды

Әруақ туралы орынсыз сөз айту дұрыс емес : тарихшы Мұхтар Шахановқа қатысты пікір білдірді

Таза Қазақстан : Алматы облысы көгалдандыру жүмысы жүргізілді

Шымкентте ер адам мас күйінде бөтен көлікті айдап кеткен

10 маусымға дейін үлгеріңіз: Президент сыйлығы мен грантына құжат қабылдау басталды

Мехико жылдам шөгіп барады, жылына 24 сантиметр

БАҚ саласы бойынша Президент сыйлығына ұсынымдар қабылдау басталды

Бес асыл : AMANAT партиясының қолдауымен төл өнеріміз төрге озды

Польшада қамауға алынған Қазақстан азаматы босатылды: Тоқаев поляк басшылығына алғыс білдірді

Еуродепутат Ресейге қарсы жаңа санкциялар туралы айтты

Ақтаудағы жұмбақ өлім: марқұмның отбасы істі қайта ашуды талап етті

АҚШ та Иранға қарсы соғыстың іс жүзінде қаншаға түскені белгілі болды

Балбал тастан баспасөзге дейін: Әлем неге газет оқи бастады?

Балбал тастан баспасөзге дейін: Әлем неге газет оқи бастады?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Адамзат тарихының соңғы екі ғасырлық мұғдарында жаңбыр жаумай, егін шықпай қалған күндер болғанымен, жаңалықтың жаршысы – газеттің шықпай қалған күні жоқ. Қазір ол ел өмірінің ажырамас бөлшегіне айналды.

Фото ЖИ көмегімен жасалған

Тарих

Әңгіменің әлқиссасынан бастайық. Публицистика –  ақпаратты тасымалдау, сол арқылы қоғамдық санаға әсер ету қажеттілігінен туған жанр. Кей ғалымдар оның бағзы бастауы жазба әдебиеттен де бұрын пайда болғанын айтады. Айталық бір елдің көсемі халқының алдына шығып, оларды ерлікке, батырлық пен батылдыққа шақырып сөз сөйледі. Осылайша азаматтарын елін қорғауға публицистикалық тұрғыдан әсер етті. Әлбетте, бұл бүгінгі сіз бен біздің ойымызға орныққан публицистика емес. Бірақ соның алғашқы көрінісі.

Одан кейін көне жазба ескерткіштер ақпарат тасымалының жаңа кеңістігіне айналды. Мысыр­лық иероглифтер, гректің фрескалары, түркі дәуірінің петроглифтері жоғарыдағы ауызша мәліметтің жасын біржола ұзартып, тарих бетіне өшпестей бәдіздеп берді. Сондықтан баспасөздің «бабасы» – балбал тас десеңіз де, қателеспейсіз.

Газеттің бүгінгі пішінге ұқсайтын прото үлгісі рим императоры Гай Юлий Цезарьдің билігі кезінде қолданыла бастады. Қыш тақтайшаларға «Сенат қарекеті» атауымен үкімет заңнамалары мен жиналыс хаттамалары жазылып отырған. Бірақ ол кезде «газет» термині адамзат ақыл-ойында әлі көрініс таба қоймаған еді.

«Ұлттық басылым – ұлттық тіл»

Бұл атау XVI ғасырда, Италияда пайда болды. Ол кезде италиялықтар кішкентай тиынды «газетта» деп атаған. Адамдар әртүрлі жарнама жазылған қағаздарды 1 «газеттаға» сатып алатын. Саудагерлер сол себепті тиынның атауын айтып, сатып алушыларды өзіне шақыратын болған. Біраз жылдан кейін Венеция тұрғындары арасында «La gazeta dele novità» тура мағынасында «1 газетталық жаңалықтар» нарыққа еніп кетті. Осылайша газет атауы термин ретінде ел санасына орныға берді.

Жоғарыда атап өткен ақпарат тасымалының пішіндерінде публицистикалық белгілер болғанымен, оның өзі публицистика болып есептелмейді. Публицистика газет-журнал бетінде жарияланғанда ғана, өзінің қызметтік әлеуетін толық аша алады. Сондықтан  қазақ баспасөзінің ресми тарих сахнасына шыққан кезі – ХІХ ғасырдың екінші жартысы. «Түркістан уалаятының газеті» (1870-1882), «Дала уалаятының газеті» (1888-1892), «Торғай газеті» («Торғай облыстық хабаршысына» қосымша, 1895-1910), «Айқап» (1911-1915) журналы – қазақ журналистикасының алғашқы бел-белесі.

Таным

Электроника дамыған заманда, газет-журнал шығару Сизифтің машақаты секілді көрінуі мүмкін. Алайда үлкен бір тасты шың басына қайта-қайта шығарып жүрген мифтік кейіпкердің қарекетінде пәлсапалық мән жоқ. Грек құдайлары Сизифті дәл осы мәнсіздікпен жазалаған деседі. Бірақ мерзімді баспасөздің ауыр еңбегі мұндай мәнсіздікке жатпайды. Қайта керісінше, әрбір нөмір – тасты емес, басты қайта көтеру, қоғамды тағы бір мәрте сұрақтың алдына кесе көлденең әкелу әрекеті. Хош, оны да қоя тұрып, газет шығару – тасты тауға итеру емес, сол таудың өзін картаға түсіру десек не дер екенсіз? Мұндағы нәтиже бір сәттік жеңіс не көзге көрінетін салтанат емес, ұзақ уақыт бойы жиналатын мағыналық қабат. Асылында, баспасөз – болмысты ұғынудың ерекше формасы. Ол әлемді сол қалпында көшіріп бермейді, қайта оны түсіндіреді, іріктейді, мәнге жалғайды. Мұнда автор жай хабар жеткізуші емес, уақытпен бетпе-бет келген ой иесі. Ол оқиғаны таңдап алады, оған атау береді, контекст ұсынады. Баспасөз мәтіні уақыттың ағысында жоғалып кететін бір сәттік әсерге емес, ойда қорытылатын мағынаға жұмыс істейді. Сондықтан мерзімді баспасөз ақпаратты шашыратпай, тұтас, толымды етіп ұсынады. Бұл – хаосты ретке келтіру. Ал реттілік – ақыл-ой жұмысының басты кепілі.

Президент журналистерді Ұлттық басылым күнімен құттықтады

Айтқандай, электронды медиа эмоцияны тітіркендіру арқылы әсер етсе, газет пен журнал зейінді шоғырландыруды талап етеді. Процесс кезінде оқырман мәтінмен бетпе-бет келеді. Бұл – ішкі диалог кеңістігі. Оқырман мәтінді тұтынбайды, оны ойша қайта құрады. Келіседі, қарсы шығады, салыстырады, өз тәжірибесімен байланыстырады. Психологияда бұл процесс ақпараттың қысқа мерзімді жадтан ұзақ мерзімді жадқа өтуімен сипатталады.

Ал эстетикада мынадай түсінік бар. Мәтін автордан бөлініп шыққан сәттен бастап дербес өмір сүреді. Ол енді әр оқырманның санасында әртүрлі мәнге ие болады. Бір мәтін – әртүрлі таным. Бұл эстетикалық көпмағыналылық баспасөзге тән құбылыс. Газет мәтіні көркем шығарма сияқты қиялға ерік бермесе де, ойлау эстетикасын қалыптастырады. Тілдің дәлдігі, құрылымның айқындығы, аргументтің үйлесімі – бәрі оқырманға эстетикалық қанағат сезімін сыйлайды. Мұнда сұлулық эмоциядан емес, ойдың тұтастығынан туады. Автор мен оқырман арасындағы көпір – мәтін. Егер мәтін әлсіз болса, көпір үзіледі. Ал мерзімді баспасөздің озықтығы осы көпірдің беріктігінде. Онда автор оқырманды төмендетпейді, оған дайын пікірді күштеп таңбайды. Керісінше, оқырманды серіктес ретінде қабылдайды. Бұл – интеллектуалдық этика.

Тағылым

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жыл басында «Turkistan» газетіне берген сұхбатында мерзімді баспасөздің баяндылығы хақында айтқан еді.

«Газет-журналдар қайта өрлеу дәуірінің бастауында тұр. Себебі, әлеуметтік желі адамның ойлау (танымдық) қабілетіне зор зиян келтіріп жатыр. Жасы қырыққа жетсе де, білімі мен ой-өрісі он бес жастағы жасөспірімдер деңгейінде қалып қойған азаматтарды қазірдің өзінде кездестіруге болады», деді Президент.

Рас сөз. Асылында адам білмегеннен азбайды, білгенін қорыта алмаудан азады. Толассыз ақпарат толымды таным сыйламайды. Осыны ертерек аңғарған елдер газет-журналдың тағдырын нарықтың ықтиярына қалдырмай, оны қоғамдық сананың тірегі қылып сақтауға ұмтылып жатыр. Пайым мен парасат мәдениетінің әлсірегенін сезген мемлекеттер дәстүрлі баспасөзді жүйелі түрде қолдауға көшті. Еуропа Кеңесі мерзімді басылымдарға мемлекеттік қолдау қажеттігін өткен ғасырдың 70-жылдарында-ақ мойындауы – соның айқын дәлелі.

«Қазақ» газеті және ағартушылық миссия

Бүгінде Еуропа мен АҚШ-та газетті «өткеннің қалдығы» деп емес, демократиялық қоғамның инфрақұрылымы ретінде қабылдайды. «International Publishing Distribution Association» деректеріне сүйенсек, бұл елдерде газеттерге тікелей қаржылық инвестициялар салынып, гранттар бөлінеді, жабылу алдында тұрған шағын басылымдарға арнайы бағдарламалар жасалады. Салықтық және кедендік жеңілдіктер қарастырылып, пошта арқылы тарату мемлекеттік деңгейде ынталандырылады. Испанияда баспа БАҚ-тарына қосылған құн салығының 4 пайызға дейін төмендетілуі, Ұлыбританияда ҚҚС-тың мүлде алынбауы – газетке әлеуметтік игілік ретінде қараудың нақты көрінісі. Мұндай шаралар жазылушылар базасын сақтауға, газет бағасының шектен тыс өсуін тежеуге, жеткізу мен сатылым шығындарын өтеуге мүмкіндік беріп отыр.

Әлемдік қаржы дағдарысы басталған тұста көптеген басылым жабылып, жазылым күрт азайды. Дәл сол кезеңде Еуропа елдері баспасөзді қолдау тетіктерін жүйелі түрде енгізе бастады. Швецияда газеттерді тарату шығындары мемлекет есебінен субсидияланады, жаңа басылымдарға жеңілдетілген несие беріледі, пошта тарифтері төмендетіліп, газеттер қосылған құн салығынан босатылған. Данияда өндірісті жаңғыртуға және қиын жағдайдағы газеттерге тікелей субсидия бөлінеді. Нидерландта студенттердің іскерлік журналдарға бірнеше жылға тегін жазылуы – жас буынды ерте бастан сапалы мәтінге үйретудің бір жолы. Италияда мемлекет кейбір газеттер мен интернет-басылымдарға жыл сайын қомақты қаржы бөліп отыр.

Бұл туралы толымды ақпаратты «Egemen Qazaqstan» тілшісі Гүлнар Жолжан жариялаған еді. Біз соны орайлы тұста ойымызға тиянақ еттік. Осы деректердің барлығы бір ақиқатты аңғартады. Газет – нарықтың емес, сананың еншісіндегі құндылық. Оны қолдау – бір саланы демеу емес, ұлттың ойлау қабілетін сақтау. Ақпарат тасқыны күшейген сайын, салмақты мәтінге деген сұраныс та арта түседі. Өйткені дәл осындай мәтін ғана адамды ойлантады, қоғамды сараптауға, пайымдауға жетелейді. Сондықтан мерзімді баспасөзді сақтау – өткенді аңсау емес, болашақты бағдарлау.

Соңғы жаңалықтар

Босану саны 35%-ға артты: Астанада екі перинаталдық орталық бой көтереді

Медицина • Бүгін, 10:29

Қоянды ауылында екі оқушыны көлік қағып кетті

Оқиға • Бүгін, 10:11

Президент журналистерді Ұлттық басылым күнімен құттықтады

Президент • Бүгін, 10:03

Ұлы күйшінің туғанына – 165 жыл: Астанада «Күй анасы – Дина» атты рухани кеш өтті

Руханият • Бүгін, 09:51

Бүгінгі доллар бағамы қандай?

Теңге • Бүгін, 09:43

Ауа райының қолайсыздығы: Қай өңірлерде жолдар жабылды?

Ауа райы • Бүгін, 09:30

Синоптиктер Қазақстанның тоғыз қаласында ауа ластанатынын ескертті

Ауа райы • Бүгін, 09:15

Ұрланған техниканы сатып алудың салдары қандай?

Қоғам • Бүгін, 09:07

Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанға мемлекеттік сапармен барады

Президент • Бүгін, 09:00

Павлодарда алғаш рет көздің қасаң қабығы трансплантацияланды

Медицина • Кеше

Баянауыл ұлттық паркіне жаңа өрт сөндіру техникалары берілді

Аймақтар • Кеше

Silk Way Star жобасының финалы Қытай телеарнасында көрсетілді

Өнер • Кеше

Атырауда сот шешімімен мінезі шәлкес 20 адамға ерекше талап белгіленді

Аймақтар • Кеше

Өскеменде оқушылар қашықтан оқитын болды

Аймақтар • Кеше

Елімізде ұшқышсыз ұшу аппараттарының мамандары даярланады

Технология • Кеше

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:105
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Ақпан 2026 11:16
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Терезелерді ашпаңыздар: Екі қалада ауа сапасының нашарлауына байланысты ескерту жарияланды

03 Мамыр 2026 16:45see126

Ақтау маңында швейцариялық туристер мінген көлік аударылып қалды

03 Мамыр 2026 12:16see111

Елордадағы LRT құрылысы: Қосшы бағытындағы жұмыстардың жай күйі белгілі болды

03 Мамыр 2026 15:50see110

Ақтаулық педагог жусанның жұпарын сақтайтын және гүл қалдықтарынан әтір әзірлеу жобасын бастады

02 Мамыр 2026 14:15see108

Қазақстанда шетелдіктер үшін арнайы виза пайда болады

03 Мамыр 2026 12:49see108

12 жылға сотталуы мүмкін: Алматы облысында мал ұрлығымен айналысқан екі топ қамауға алынды

03 Мамыр 2026 10:47see107

Қазақстан $95 млн тартып, ЖИ жобаларын қаржыландыруды бастады

03 Мамыр 2026 09:27see106

Меруерт Өтекешева Қыз Жібек фильміндегі камзолға қатысты даулы жағдайға пікір білдірді

02 Мамыр 2026 09:54see106

Филиппинде Майон жанартауы атқылады: 5 000 нан астам адам эвакуацияланды

03 Мамыр 2026 17:12see104

Әруақ туралы орынсыз сөз айту дұрыс емес : тарихшы Мұхтар Шахановқа қатысты пікір білдірді

02 Мамыр 2026 16:21see102

Таза Қазақстан : Алматы облысы көгалдандыру жүмысы жүргізілді

03 Мамыр 2026 02:13see102

Шымкентте ер адам мас күйінде бөтен көлікті айдап кеткен

03 Мамыр 2026 17:28see99

10 маусымға дейін үлгеріңіз: Президент сыйлығы мен грантына құжат қабылдау басталды

03 Мамыр 2026 13:03see98

Мехико жылдам шөгіп барады, жылына 24 сантиметр

02 Мамыр 2026 20:55see96

БАҚ саласы бойынша Президент сыйлығына ұсынымдар қабылдау басталды

02 Мамыр 2026 22:46see96

Бес асыл : AMANAT партиясының қолдауымен төл өнеріміз төрге озды

02 Мамыр 2026 16:21see95

Польшада қамауға алынған Қазақстан азаматы босатылды: Тоқаев поляк басшылығына алғыс білдірді

02 Мамыр 2026 11:09see95

Еуродепутат Ресейге қарсы жаңа санкциялар туралы айтты

02 Мамыр 2026 14:44see93

Ақтаудағы жұмбақ өлім: марқұмның отбасы істі қайта ашуды талап етті

03 Мамыр 2026 14:09see91

АҚШ та Иранға қарсы соғыстың іс жүзінде қаншаға түскені белгілі болды

02 Мамыр 2026 09:44see89
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары