Балқашта 1976 жылғы вокзал жаңартылды: ол қазір қалай көрінеді
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Қарағанды облысында Балқаш-2 бекетінің теміржол вокзалын реконструкциялау жұмыстары аяқталды. Бұл туралы Көлік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Дегенмен, нысанды жаңарту жұмыстары бірнеше айға кешіктірілген, деп хабарлайды Tengri Travel.
Реконструкция туралы не белгілі?
1976 жылы салынған вокзал ғимараты жаңартудан өтті. Жұмыстар жалпы ауданы екі мың шаршы метрге жуық екі қабатты да қамтыды. Ғимараттың ішкі әрлеуі, сумен жабдықтау, кәріз, жылу және электрмен жабдықтау жүйелері жаңартылды.
Ведомство нысанның реконструкцияға дейінгі суреттерін де ұсынды.
Мұрағаттық фото: Көлік министрлігінің баспасөз қызметі
Министрліктің мәліметінше, ғимараттың қазіргі көрінісі осындай.
Фото: Көлік министрлігінің баспасөз қызметі
Жөндеу жұмыстары вокзал аумағында да жүргізілді. Атап айтқанда, жағалаудағы перронның темірбетон конструкциялары ауыстырылып, жаңа кеспетастар төселді.
Фото: Көлік министрлігінің баспасөз қызметі
Бұдан бөлек, қосымша эвакуациялық шығу жолдары жабдықталып, өрт қауіпсіздігі талаптарына сай есіктер орнатылды.
Реконструкция қашан аяқталуы тиіс еді?9 маусымда Үкімет отырысында туризмді дамыту үшін көлік инфрақұрылымын жаңғырту шаралары қаралды.
Балқаштағы теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарын туристік маусымның басталуына қарай, 2026 жылдың 1 шілдесіне дейін аяқтау жоспарланған. Бұл туралы көлік министрі Нұрлан Сауранбаев айтқан еді.
Алайда, реконструкциялау тек 1 қарашаға қарай аяқталды.
Вокзал туралы не белгілі?Балқаш-2 бекетінің вокзалы ІІ класқа жатады. Компания мәліметінше, ол күн сайын 800-ге жуық жолаушыға қызмет көрсетеді. Бекет арқылы Балқашты Астана, Қарағанды, Семей және Аягөзбен байланыстыратын 18 жолаушылар пойызы өтеді.
Фото: Көлік министрлігінің баспасөз қызметі
Вокзалды реконструкциялау еліміз бойынша 124 теміржол вокзалын жаңғыртудың мемлекеттік бағдарламасы аясында өтті. Қарағанды облысында бұл бағдарламаға 14 нысан енгізілген.
2026 жылдың сәуірінде премьер-министр Олжас Бектенов теміржол вокзалдарын жаңғырту қарқынын сынға алып, жұмыстарды биыл аяқтауды тапсырды.
Айта кетейік, жақында Балқаш әуежайының "екінші тынысы" ашылды. Әуе айлағында не өзгерді және ол қалай "құтқарылды" - Tengrinews.kz репортажында.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:70
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Қараша 2026 20:48 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















