Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қайтарылмайтын билетті қайтаруға бола ма заңгер Алматыдағы Канье Уэст концертіне қатысты жағдайды түсіндірді

Жағалаудан 400 метр: Каспийде жас жұп қиын жағдайда қалды

Челси , Дастан Сәтбаев және Бернли қазақстандық футболшының ауысуына қатысты пікір білдірді

Алматыда алманың жаңа сұрпына Әділет атауы беріледі

Қазақстан Президенті Үндістан Премьер министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

ҚПЛ: Қайрат пен Жеңіс ірі жеңіске жетті

Тоқаев Лихтенштейннің Тақ мұрагерін елдің Ұлттық күнімен құттықтады

Ислам Махачев UFC тарихында жаңа рекорд орнатты

Украинаға қару жарақ жеткізу Ресей сенімін әлсіретуі мүмкін Түркияның бұрынғы атташесі

Еңбек, цифрландыру, инфрақұрылым: Әділет партиясы өңірлердегі өзекті мәселелерді талқылады

Қатты шаршадым : Рыбакина Торонто финалындағы жеңілісін түсіндірді

Персеид жұлдыздары әлем елдерінде қалай көрінді фото

Экс депутат Базарбек адам қағып кетті ме? Полиция не дейді

Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай Ән ағасы Шәмші челленджі басталды

Индонезияда магнитудасы 7,7 болатын жер сілкінісі болды. Кемінде 20 адам қаза тапты

Тұрғын үй сертификаты: тетік пе, кетік пе?

Астана тұрғындары Шәмші Қалдаяқовтың құрметіне ұйымдастырылған музыкалық челленджге қосылды

Кәсіптің кілті гаражда

Алматыда қанша үй газға тегін қосылады әкімдіктің жауабы

Аяғын шыны кесіп кеткен бала ауруханаға 12 минутта жеткізілді

Атыраудағы итке жасалған қатыгездік: қазір иттің жағдайы қалай және иесі қалай жазаланды

Атыраудағы итке жасалған қатыгездік: қазір иттің жағдайы қалай және иесі қалай жазаланды

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Атырауда иттің сұмдық кадрлары әлеуметтік желілерді тарап кетті. Tengrinews.kz тілшісі жануарды өз қамқорлығына алған еріктімен сөйлесті.

Атырауда иттің сұмдық кадрлары әлеуметтік желілерді тарап кетті. Tengrinews.kz тілшісі жануарды өз қамқорлығына алған еріктімен сөйлесті.

"Мысық үшін кек алған"

Қорлық көрген итті атыраулық ерікті әрі жаттықтырушы Мамочур Канович асырап алды. Оның айтуынша, 1 сәуірге қараған түні оған дабыл түскен. Ол оқиға орнына жеткенде, көршілері жануарды алып кеткен екен - болған жағдайдан кейін иесі қан-жоса болған итті оларға бере салған.

"Ит аяусыз соққыға жығылған: тұмсығы тілінген, гематомалар бар, арқа тұсынан соққы іздер көрініп тұр. Оны күрекпен ұрған, мұның ізі қалары анық. Ит қатты күйзеліске түскен, жасқаншақ болып қалған, басында агрессия көрсетті. Бұл түсінікті де, өйткені ол өмірінде таяқ пен соққыдан басқа ештеңе көрмеген. Мен итті көршілерінен алып, үйіме әкелдім, алғашқы көмек көрсеттім. Маған түсетін басқа да жануарлар сияқты өзімде қалдырдым", - дейді ерікті.

Жануар толық айыққан соң, оған жаңа мейірімді отбасы іздестіріледі.

Мамочур Кановичтің айтуынша, осыған дейін иттің иесі бірнеше рет ауысқан. Мұндай жағдайға иттің мысыққа тиіскені себеп болуы мүмкін. Ол әйелдің жануардан осылайша "кек алуды" ұйғарғанын нақтылады.

"Қаншама оқиға кадр сыртында қалады?"

Мамочур Канович мұндай жағдайлар өңір мен ел үшін таңсық емес екенін мойындайды. Оның жұмыс күні 3-4 шақыртудан басталады және ол күн сайын дерлік жарақат алған жануарларды қамқорлығына алады.

"Бұл тек камераға түсіп қалғандары ғана. Ал кадр сыртында қаншама оқиға қалып жатқанын елестетіп көріңізші. Жолда қалған, көлік қаққан иттер, тұмсығы сыммен байланып, далада қалған жануарлар - мұндай жағдайлар, өкінішке қарай, аз емес. 2005 жылдан бастап жаттықтырумен айналыстым, сонымен қатар көшеден жарақат алған жануарларды жинап жүрдім. Оларды емдеп, сосын жақсы қолға тапсыратынмын. Басында тек анда-санда көмектесетінмін, бірақ кейін бұл іске біржола бет бұрдым. Бүгінде жануарларды құтқару - менің өмірімнің 90 пайызы", – дейді ерікті.

Мамочурдың айтуынша, мүгедек болған иттерді бағып-қағу және емдеу қаржылай ғана емес, моральдық тұрғыдан да өте ауыр.

"Үйдегі отбасым менің бұл ісімді қолдайтындықтан, маған біршама жеңілдеу", – деп қосты ол.

Полиция не дейді?

Атырау облыстық Полиция департаменті 39 жастағы әйелдің ұсталғанын хабарлады. Оған қатысты жануарларға қатыгездік көрсету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Полиция әйелдің кәмелетке толмаған баласы болуына байланысты оның уақытша ұстау изоляторына қамамағанын айтты.

Сондай-ақ ПД-дағылар қызметкерлер келген кезде әйелдің белсенді қарсылық көрсеткенін, сол үшін оған ӘҚБтК-нің 667-бабы - "Құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талабына бағынбау" бойынша әкімшілік хаттама толтырылғанын қосып өтті.

"Бағынбағаны" үшін 90 мың теңге айыппұл

Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі полиция қызметкеріне құрметсіздік көрсеткені үшін әйелге 30 АЕК (129 750 теңге) көлемінде айыппұл салынғанын хабарлады.

Бұл ретте сот оның материалдық жағдайы мен кәмелетке толмаған баласының барын ескеріп, айыппұл сомасын 30 пайызға, яғни 90 825 теңгеге дейін төмендетті.

"Сот 2026 жылғы 31 наурызда азаматша Л.-ның мас күйінде полиция қызметкеріне былапыт сөйлеп, құрметсіздік танытқанын анықтады. Л.-ның кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, жауап алу хаттамасымен және бейнежазбамен толық дәлелденді", – деп хабарлады Атырау қалалық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Ал жануарға қатыгездік көрсету туралы іс әзірге сотқа түскен жоқ. Полиция қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатқанын нақтылады.

Қатыгездік үшін қандай жаза қарастырылған?

Адвокат Абзал Қасымжанов мұндай істердің соңы немен аяқталатынын түсіндірді.

"Қылмыстық кодекс жануарларға қатыгездік көрсетуді тікелей қылмыстық құқық бұзушылыққа жатқызады. Қазіргі уақытта заң бұл құқық бұзушылық үшін бір жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғары жазаны қарастырады. Жазаның нақты түрі іс мән-жайына және қатыгездіктің жануардың мертігуіне немесе өліміне әкеп соқтырғанына байланысты болады", – дейді адвокат.

Сондай-ақ адвокат кінәлілерді жауапқа тартуда қоғамдық қырағылықтың шешуші рөл атқаратынын атап өтті.

"Азаматтар мұндай жағдайға куә болса, кейін құқық қорғау органдарына жүгіну үшін жануарларға қатыгездік көрсету фактілерін фото және бейнежазбаға түсіріп алуы қажет", – деп толықтырды ол.

Ол сонымен қатар заңнамаға сәйкес мынадай жазалар барын еске салды:

Жануардың мертігуіне әкеп соққан қатыгездік үшін (316-баптың 1-бөлігі) 120 АЕК-ке дейін (2026 жылға 529 мың теңге) айыппұл, 120 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар немесе 30 тәулікке дейін қамауға алу қарастырылған. Өлімге әкеп соққан қатыгездік танытқаны үшін (2-бөлім): 200 АЕК-ке (865 мың теңге) дейінгі мөлшерде айыппұл, 200 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстар немесе 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу. Ауырлататын мән-жайлар болған кезде (3-бөлім), мысалы, егер іс-әрекет жария түрде, онлайн-платформаларды пайдалану арқылы жасалса немесе бірнеше жануарға қатысты болса, айыппұл 1000 АЕК-ке (4,3 миллион теңгеден астам) дейін артады, сондай-ақ бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе одан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:151
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Сәуір 2026 17:32
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қайтарылмайтын билетті қайтаруға бола ма заңгер Алматыдағы Канье Уэст концертіне қатысты жағдайды түсіндірді

15 Тамыз 2026 19:25see126

Жағалаудан 400 метр: Каспийде жас жұп қиын жағдайда қалды

15 Тамыз 2026 23:23see120

Челси , Дастан Сәтбаев және Бернли қазақстандық футболшының ауысуына қатысты пікір білдірді

15 Тамыз 2026 13:28see118

Алматыда алманың жаңа сұрпына Әділет атауы беріледі

15 Тамыз 2026 11:06see118

Қазақстан Президенті Үндістан Премьер министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

15 Тамыз 2026 10:39see117

ҚПЛ: Қайрат пен Жеңіс ірі жеңіске жетті

15 Тамыз 2026 21:54see116

Тоқаев Лихтенштейннің Тақ мұрагерін елдің Ұлттық күнімен құттықтады

15 Тамыз 2026 11:11see115

Ислам Махачев UFC тарихында жаңа рекорд орнатты

16 Тамыз 2026 11:48see115

Украинаға қару жарақ жеткізу Ресей сенімін әлсіретуі мүмкін Түркияның бұрынғы атташесі

16 Тамыз 2026 10:07see113

Еңбек, цифрландыру, инфрақұрылым: Әділет партиясы өңірлердегі өзекті мәселелерді талқылады

16 Тамыз 2026 13:08see112

Қатты шаршадым : Рыбакина Торонто финалындағы жеңілісін түсіндірді

15 Тамыз 2026 19:19see109

Персеид жұлдыздары әлем елдерінде қалай көрінді фото

15 Тамыз 2026 18:53see109

Экс депутат Базарбек адам қағып кетті ме? Полиция не дейді

16 Тамыз 2026 17:15see108

Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай Ән ағасы Шәмші челленджі басталды

15 Тамыз 2026 19:16see107

Индонезияда магнитудасы 7,7 болатын жер сілкінісі болды. Кемінде 20 адам қаза тапты

15 Тамыз 2026 13:53see104

Тұрғын үй сертификаты: тетік пе, кетік пе?

15 Тамыз 2026 09:14see102

Астана тұрғындары Шәмші Қалдаяқовтың құрметіне ұйымдастырылған музыкалық челленджге қосылды

15 Тамыз 2026 19:16see101

Кәсіптің кілті гаражда

15 Тамыз 2026 07:46see101

Алматыда қанша үй газға тегін қосылады әкімдіктің жауабы

16 Тамыз 2026 09:40see101

Аяғын шыны кесіп кеткен бала ауруханаға 12 минутта жеткізілді

16 Тамыз 2026 17:31see99
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары