Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Елордада кондитерлік дүкен қызметкері әріптесінің сөмкесінен алтын білезікті ұрлап кеткен

Тағы төрт ақылы жолда орташа жылдамдықты бақылау енгізіледі трассалар тізімі

Екінші пәтерге ипотека рәсімдеуге бола ма?

Жүктердің арасына жасырылған 500 млн теңгенің заңсыз тауары тәркіленді

Бір реттік өкілеттік мерзім жөніндегі норма қазіргі Президентке де қатысты Ерлан Қарин

Сотқа беремін! . Мбаппені сынаймын деп одан сөз естіген парагвайлық саясаткер әйел шала бүлінуде

Түркістанда жүздеген мектеп, аурухана мен спорт нысаны экологиялық талапты бұзған

Бурабайда квадроцикл мінген қыз жол апатына түсіп, қаза болды

Маңғыстауда туған күнінде жоғалып кеткен 18 жастағы жігітті сүңгуірлер мен дрондар іздеп жатыр

Алматының жатын аудандарындағы ақылы тұрақтар орналасуы бекітілді

Отандық тауар өндірушілер өнімді сөреге қою үшін де ақша төлейді

Бурабайда квадроцикл аударылып, 22 жастағы астаналық бойжеткен қаза тапты

Статистика: бір аптада қызанақ 8,5% ға, қияр 8,3% ға арзандады

Аяғын қолын жоғалтқан адамдардың жүрегіне жалау болармын... : Тамара Асар маңызды шешім қабылдағанын айтты

Түркістан облысында жүздеген мемлекеттік мекеме экологиялық заңнаманы бұзған

ІІМ: Заңсыз қосымша отын бактарын пайдаланған жүргізушілер жауапқа тартылды

​Әкім қайда? ​Қарамағындағылар ұсталғаннан кейін Шәкір Кейкин неге көрінбей кеткенін әкімдік түсіндірді

Түркістанда полиция журналистің ұрланған көлігін бірнеше сағат ішінде тапты

АҚШ Иран мұнайын сатуға рұқсат беретін лицензияның күшін жойды

Мұнара “оралды“: Астананың ескі вокзалында қазір не болып жатыр?

“Банк менің нөмірімді қайдан алған?“ неге қазақстандықтардың жеке деректері құпия болудан қалды

“Банк менің нөмірімді қайдан алған?“ неге қазақстандықтардың жеке деректері құпия болудан қалды

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қазақстандық кәсіпкерлер бизнес тіркелгеннен кейін бірден банктерден мазасыз қоңыраулар түсетініне шағымданып жатыр. Бұл ретте eGov порталындағы өтінімдерде директорлардың жеке байланыс нөмірлері көрсетілмейді. Tengrinews.kz тілшілері тиісті министрліктер мен сарапшылардан не себепті мұндай болатынын және бұл қаншалықты заңды екенін анықтады.

Әлеуметтік желідегі шағымдар

Талқылауға салық және салық қауіпсіздігі жөніндегі сарапшы Дмитрий Казанцевтің жазбасы себеп болды. Ол жаңа компанияны тіркеген күннің ертеңінде бірден екі банктен және консалтингтік фирмадан қоңырау түскенін айтты.

"eGov-та тіркелу кезінде нөмірімнің ашық қолжетімділікке берілуіне келісемін деп еш жерде белгі қоймаған сияқты едім. Қалай ойлайсыздар, бұл қалыпты жағдай ма?", – деп сұрақ қойды сарапшы Threads желісінде Цифрландыру министрі Жаслан Мәдиевтің аккаунтын белгілеп.

Threads әлеуметтік желісінен алынған скриншот

Пікір қалдырушылар бірігіп, дербес деректерді таратуы мүмкін деген айыппен талап арыз түсіруді ұсынды. Тәжірибелі кәсіпкерлер мұндай жағдай бірнеше жылдан бері бар екенін айтқан.

2025 жылдың желтоқсанында да осыған ұқсас жағдай желіде наразылық тудырған болатын: ЖШС басшысы тіркелгеннен кейін бірде-бір операция жасап үлгермей жатып, банктердің жарнамалық ұсыныстарына тап болған.

"Бұл қалай болғаны?! ЖШС тіркеймін, мен директормын, құрылтайшылар - басқа тұлғалар. Тіркеу кезінде басшының телефон нөмірі еш жерде көрсетілмейді! Ешқандай әрекет жасаған жоқпын, барлық қозғалыс eGov-та болды. Ал сіз қалай ойлайсыз? Бүгін маған банктердің бірі хабарласып, шот ашуды ұсынып тұр", - деді ол.

Threads әлеуметтік желісінен алынған скриншот

Пайдаланушылар деректердің тарап кету себептері туралы түрлі болжам жасаған: бірі салық базасын бақылайтын боттарды кінәласа, енді бірі ұялы байланыс операторлары мен мемлекеттік базалардан ақпараттың жылыстауы мүмкін екенін айтады.

ЖИ және цифрландыру министрлігінің ұстанымы

Тиісті ведомство компаниялар туралы мәліметтер заң бойынша ашық болып саналатынын түсіндірді. Министрлік өкілдері мұндай деректерді жариялау "Мемлекеттік статистика туралы" заңның талабы екенін атап өтті.

"Бұл ретте заңды тұлғаларды тіркеу барысында қызметтік телефон нөмірлерін ұсыну ұсынылады", - деп кеңес берді министрлік.

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Министрлік сондай-ақ ақпараттың жылыстауы кез келген жүйеде болуы мүмкін екенін, көбінесе бұған техникалық ақаулар мен қызметкерлердің кибергигиена талаптарын сақтамауы сияқты адами факторлар себеп болатынын атап өтті.

"Дербес деректердің киберқауіпсіздік инциденттері кез келген ақпараттық жүйелерде, әсіресе жекеменшік жүйелерде болуы мүмкін, өйткені тәуекелдер әмбебап сипатқа ие. Инфрақұрылымды қорғау мен киберқауіпсіздіктің жеткіліксіз деңгейін қамтитын техникалық осалдықтар да, кибергигиена талаптары мен деректерді өңдеудің ішкі процедураларын сақтамаумен байланысты адами фактор да негізгі себептер болып қала береді", - деп қорытындылады ведомство.

Министрлік заң бұзушылыққа тап болғандарға ЦДИАӨМ-нің Ақпараттық қауіпсіздік комитетіне хабарласуға кеңес берді.

Банктер банк құпиясы туралы заңды бұзып отыр ма?

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) бизнесті тіркеу автоматты түрде басшы туралы мәліметтерді мемлекеттік ақпараттық жүйелердің бөлігіне айналдыратынын түсіндірді. Дегенмен, қаржы реттеушісі бұл деректердің ашықтығының өз шегі бар екенін баса айтты.

"Қазақстан Республикасының "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Заңына сәйкес, дербес деректерді көпшілікке қолжетімді көздерде таратуға субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімі болған жағдайда жол беріледі", – деп еске салды ҚНРДА.

Фото:depositphotos.com

Жаңа кәсіпкерлерге қоңырау шалатын банктер заң бұзып отыр ма деген сұраққа агенттік мұндай әрекеттер әрдайым банк құпиясы ұғымына қатысты бола бермейтінін айтты. Реттеушінің пікірінше, жеке нөмірге қоңырау шалу фактісінің өзі қорғалатын мәліметтерді жария ету дегенді білдірмейді.

"Тіркелген заңды тұлғалар басшыларының байланыс деректерін пайдалану фактісі, егер мұндай деректер банк пен клиент арасындағы қарым-қатынастарға, шоттар немесе өзге де банктік операциялар туралы мәліметтерге қатысты болмаса, банк құпиясын бұзуға жатпайды", - деп нақтылады ведомство.

Ведомство сондай-ақ бизнес тіркелгеннен кейін осындай қоңыраулар үшін клиенттің жеке келісімі қажет екені туралы мәселе ЦДИАӨМ құзыретіне жататынын айтты.

Сарапшы пікірі

QazTech Альянсының ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі комитетінің тең төрағасы Евгений Питолиннің айтуынша, eGov-тан тікелей ақпарат жылыстауы болмауы да мүмкін – банктер деректерді "байытудың" заңды тетіктерін пайдаланады.

Банктер кәсіпкерлердің деректерін қалай алады

Сарапшы ЖШС басшысының телефон нөмірі "адам - сәйкестендіру нөмірі (БСН/ЖСН) - eGov-тағы цифрлық профиль"

Тіркелу кезінде нөмірге тіркелген eGov есептік жазбасы пайдаланылады, ал куәлік берілгеннен кейін басшының аты-жөні ашық тізілімдерге түседі.

"Банктер мен басқа да коммерциялық ұйымдардың бұл ашық тізілімдерге заңды түрде қолжетімділігі бар (интеграция арқылы немесе ашық дереккөздерден ақпарат жинайтын коммерциялық деректер жеткізушілері арқылы). Нақты бір басшының (аты-жөні + ЖСН) атынан жаңа ЖШС тіркелгенін көрген банк бұл деректерді өзінің ішкі базалары немесе осы ЖСН нөмірге байланған несие бюролары мен байланыс операторларына сұрау салу арқылы "толықтырады", – деп түсіндірді Евгений Питолин.

Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Ескерту: Питолиннің айтуынша, eGov-тан тікелей деректер ағыны болмауы мүмкін – мәліметтер әртүрлі заңды дереккөзден жиналып, бір-біріне "жалғанады", бұл банктерге қоңырау шалу үшін қажетті ақпаратты алуға мүмкіндік береді. Ол сондай-ақ тендерлік сатып алуларда жеңімпаз компания басшыларының деректері қолжетімді екенін және іздеу жүйелерінде индекстелетінін атап өтті.

Бұл қаншалықты жиі кездеседі

Сарапшының пікірінше, бұл - әсіресе банк секторында "жаппай таралған және қалыпты нарықтық тәжірибе". Банктер ашық тізілімдерден әлеуетті клиенттерді тауып, олардың байланыс мәліметтерін анықтайды.

"Құқықтық тұрғыдан алғанда, егер банк ұрланған базаларды сатып алмай, заңды дереккөздер мен клиентке қызмет көрсету тарихын (мысалы, оның бұрын тұтынушылық несиесі болған жағдайда) пайдаланса, ол өз әрекетін заңды деп санайды. Ал клиент үшін бұл жеке өміріне қол сұғушылық сияқты сезіледі, өйткені ол коммерциялық ұсыныс бойынша қоңырау шалуға тікелей келісім берген жоқ", – деді ол.

Кәсіпкер үшін бұның қаупі қандай

Евгений Питолин ақпараттық шамадан тыс жүктелуден бөлек, бұдан да маңызды қауіптерді атап өтті.

"Егер алаяқтар сіздің жаңадан бизнес ашқаныңызды білсе, олар "банктен ұсыныс" (сіз онсыз да күтіп жүрген) жасап хабарласуы және "шот ашу" деген желеумен деректеріңізді немесе ақшаңызды иемденуі мүмкін. Сонымен қатар азамат өзінің дербес деректерін кімнің және қандай мақсатта пайдаланып жатқанын қадағалау мүмкіндігінен айырылады", – дейді сарапшы.

Сурет нейрожелі көмегімен жасалған Практикалық кеңестер: деректерді қалай қорғауға болады

Евгений Питолин кәсіпкерлерге бірнеше нақты қадамдарды жасауды ұсынады:

Жеке SIM-картаны пайдаланыңыз: бизнесті тіркеу және мемлекеттік органдармен байланыс үшін бөлек нөмір қолданып, жеке нөміріңізді тек жақындарыңызға қалдырыңыз. eGov жеке кабинетінде коммерциялық хабарламаларға "кең көлемді" келісім бермегеніңізге көз жеткізіңіз. "Жарнамалық қоңырауларға тыйым салуды" қолданыңыз. eGov порталында нөмірді өз деректерін маркетинг үшін пайдалануға тыйым салған тұлғалардың тізіліміне енгізу қызметі бар. Несие бюросына сұрау салу. Жылына бір рет несиелік есебіңізді тегін тексеріңіз – ол жерден деректеріңізді кім және қашан сұратқанын көруге болады. Тіркеп, шағымданыңыз. Егер сізге мазасыз жарнамамен қоңырау шалса:
1. Нөміріңізді қайдан алғанын нақтылаңыз.
2. Ұйымның атауын және қызметкердің атын жазып алыңыз.
3. Уәкілетті органға шағым жолдаңыз.

"Құқық қорғау органдарының көмегінсіз немесе арнайы аудитсіз бүкіл тізбекті анықтау мүмкін емес. Заңды тұлғалар туралы ашық тізілімдерде көптеген ақпарат жарияланады. Екі факторлы аутентификацияны және қолжетімділікті бақылауды пайдаланыңыз. eGov аккаунтыңыз бен банктік қосымшаларыңыздың сенімді қорғалғанына көз жеткізіңіз, өйткені бұл - деректеріңізге қол жеткізудің негізгі нүктесі", - деп түйіндеді сарапшы.

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:118
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Сәуір 2026 09:34
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Елордада кондитерлік дүкен қызметкері әріптесінің сөмкесінен алтын білезікті ұрлап кеткен

08 Шілде 2026 12:23see116

Тағы төрт ақылы жолда орташа жылдамдықты бақылау енгізіледі трассалар тізімі

08 Шілде 2026 11:49see116

Екінші пәтерге ипотека рәсімдеуге бола ма?

07 Шілде 2026 17:20see115

Жүктердің арасына жасырылған 500 млн теңгенің заңсыз тауары тәркіленді

07 Шілде 2026 20:02see115

Бір реттік өкілеттік мерзім жөніндегі норма қазіргі Президентке де қатысты Ерлан Қарин

08 Шілде 2026 07:50see113

Сотқа беремін! . Мбаппені сынаймын деп одан сөз естіген парагвайлық саясаткер әйел шала бүлінуде

07 Шілде 2026 18:22see112

Түркістанда жүздеген мектеп, аурухана мен спорт нысаны экологиялық талапты бұзған

08 Шілде 2026 15:30see111

Бурабайда квадроцикл мінген қыз жол апатына түсіп, қаза болды

08 Шілде 2026 14:37see110

Маңғыстауда туған күнінде жоғалып кеткен 18 жастағы жігітті сүңгуірлер мен дрондар іздеп жатыр

09 Шілде 2026 08:19see110

Алматының жатын аудандарындағы ақылы тұрақтар орналасуы бекітілді

07 Шілде 2026 18:48see109

Отандық тауар өндірушілер өнімді сөреге қою үшін де ақша төлейді

08 Шілде 2026 17:23see108

Бурабайда квадроцикл аударылып, 22 жастағы астаналық бойжеткен қаза тапты

08 Шілде 2026 14:16see108

Статистика: бір аптада қызанақ 8,5% ға, қияр 8,3% ға арзандады

08 Шілде 2026 16:48see108

Аяғын қолын жоғалтқан адамдардың жүрегіне жалау болармын... : Тамара Асар маңызды шешім қабылдағанын айтты

08 Шілде 2026 22:14see107

Түркістан облысында жүздеген мемлекеттік мекеме экологиялық заңнаманы бұзған

08 Шілде 2026 22:41see107

ІІМ: Заңсыз қосымша отын бактарын пайдаланған жүргізушілер жауапқа тартылды

09 Шілде 2026 09:11see107

​Әкім қайда? ​Қарамағындағылар ұсталғаннан кейін Шәкір Кейкин неге көрінбей кеткенін әкімдік түсіндірді

08 Шілде 2026 17:28see106

Түркістанда полиция журналистің ұрланған көлігін бірнеше сағат ішінде тапты

08 Шілде 2026 16:46see106

АҚШ Иран мұнайын сатуға рұқсат беретін лицензияның күшін жойды

08 Шілде 2026 08:17see105

Мұнара “оралды“: Астананың ескі вокзалында қазір не болып жатыр?

09 Шілде 2026 08:16see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары