Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Ауыл мектебінің педагогтері директор болудан неге қашқақтайды

Ауыл мектебінің педагогтері директор болудан неге қашқақтайды

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Облыстық білім басқармасының дерегінше, Ертіс бойында жалпы білім беретін 362 мектеп бар, оның ішінде 269-ы ауылдық жерлерде орналасқан. Білім беру ұйымдарындағы педагог қызметкерлердің жалпы саны — 13 440 адам.

Алайда бүгінде өңір бойынша мектеп директоры лауазымдарының 10%-ға жуығы бос тұр. Жалпы саны 35 мектепте директор жоқ. Оның көбі ауылдық жерлерде. Атап айтқанда, Ақтоғай ауданында — 5, Аққулы ауданында — 4, Железин ауданында — 8, Ертіс ауданында — 7, Май ауданында -1, Павлодар ауданында -2, Успен ауданында — 1, Шарбақты ауданында 4 басшы жетіспейді.

— Орта білім беру ұйымдарындағы бос жұмыс орындарының саны бірқатар объективті факторларға байланысты болып отыр. Негізгі себептер — басшылардың жасына байланысты зейнетке шығуы, енді бірінің декреттік демалысқа кетуі, отбасылық немесе басқа да жеке жағдайлар бойынша өзге аймақтарға көшуі. Директорлар мәселесін былай қойғанда, педагогикалық кадрлар бойынша 180 ұстаз жетіспейді. Оның ішінде 38 математика, 28 физика, 28 химия, 25 информатика, 22 ағылшын тілі, 20 бастауыш сынып, 19 биология мұғалімі. Ең үлкен қажеттілік Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларында және 4 ауданда (Баянауыл, Тереңкөл, Ертіс және Успен) байқалып отыр, — дейді білім басқармасының басшысы Алма Айтуарова.

Мамандардың түсіндіруінше, бос лауазымдарға үміткерлер арасында бәсекелестік деңгейі төмен және білікті кадрлардың саны шектеулі. Яғни мәселе ауылдық және шалғай елді мекендерге қатысты болып отыр.

Бұл өз кезегінде жедел ауыстыру процесін қиындатып, мамандарды орындарда іріктеу және бекіту бойынша қосымша шараларды қажет етеді.

— Жекелеген пәндер бойынша кадр тапшылығының болуына қарамастан, Павлодар облысының білім беру ұйымдарында оқу процесі толық көлемде жүзеге асырылады. Үлгілік оқу жоспарында көзделген барлық оқу пәндері жүргізіліп, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты сақталады, — деп атап өтті басқарма өкілі.

Бос ставкаларды ауыстыру және тапшы пәндер бойынша оқытуды қамтамасыз ету мәселелері оқу жүктемесін ұтымды бөлу, қоса атқарушыларды тарту, сондай-ақ сабақтас мамандықтары бар педагогтерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру курстары есебінен шешіліп отыр.

«Бұл білім беру процесінің сапасына әсер етпейді, оқу жоспарларының бұзылуына әкелмейді», деп сендіреді білім басқармасының өкілдері. Дейтұрғанмен бұл жерде «ауыл ұстаздары мектеп директоры болудан неге қашқақтайды?», «еңбекақы аз ба, әлде ынталандыру жүйесі жеткіліксіз бе?» деген заңды сауалдар туындайды.

Алма Айтуарованың пікірінше, ауылдық жерлерде мектеп директорының лауазымын педагогикалық қызметкерлер қосымша шаруашылық және әкімшілік жұмыстардың едәуір көлеміне байланысты тартымды деп санамайды.

— Оқу-тәрбие процесін ұйымдастырумен қатар, басшыға ғимараттар мен мүліктерді күтіп ұстауды қамтамасыз ету, коммуналдық қызметтерді, шаруашылық қызмет көрсетуді, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді бақылау, сондай-ақ мердігер ұйымдармен және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі міндеттер жүктеледі. Бұл функциялар директордың жүктемесі мен жауапкершілігін едәуір арттырып, қазіргі жағдайда мұғалімдер үшін ауыл мектебінің басшысы лауазымында жұмыс істеу шешімін қабылдауға жиі кедергі болып отыр, — деп пайымдайды ол.

Ресми статистикаға жүгінсек, Павлодар облысында қалалық жерлердегі мектеп директорларының орташа жалақысы — 245 988 теңге, ал ауылдық жерлерде — 307 485 теңге.

Орта білім беру ұйымдарында зейнет жасындағы 14 мектеп директоры бар. Оның көбі Павлодар ауданы (4) мен Ақсу қаласында (3).

Еске сала кетейік, Павлодарда кейбір білім беру ұйымының басшылары 10 жылдан аса уақыт ауыспаған.  

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:145
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Ақпан 2026 09:02
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see175

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see157

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see155

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see153

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see152

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see151

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see151

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see151

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see150

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see150

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see150

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see149

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see149

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see148

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see148

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see147

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see147

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see147

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see146

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see146
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары